МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ САУДА БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ 2020 ЖЫЛДЫҢ 6 АЙЫНЫҢ ЕСЕБІ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы
19 сәуірдегі № 28 бұйрығына сәйкес, басқармамен 2 қызметтің түрі көрсетіледі:

  1. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру;
  2. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету.

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың
2020 жылдың 6 айының есебі бойынша нәтижелеріне сәйкес:

Барлық көрсетілген қызметтің саны – 4, оның ішінде:

Қағаз жүзінде көрсетілген қызмет саны – 4,

«Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген қызметтің саны – 0.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтің саны – 0.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны – 0.

Мемлекеттік органның кінәсінен белгіленген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтік қызметтердің саны – 0, арыз-шағымдар болмаған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны – 0.

Тиісті қолданылған тәртіптік жазалардың саны – 0, оның ішінде ескерту, сөгіс және қатаң сөгіс болған жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мәселелері бойынша өткізілген семинар-кеңестердің, дөңгелек үстелдердің саны – 0.

«Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алудың мүмкіндіктері мен тәсілдері туралы түсіндірме жұмыстары 2020 жылға Іс-шара жоспары бекітілген.

Маңғыстау облысының

кәсіпкерлік және сауда

басқарма басшысының орынбасары                                        М.Көбеген

 Кәсіпкерлікті дамыту

бөлімінің басшысы                                                               А. Сламғазиева

 

 

Орындаушы                                                                              А. Габбасова

 

 

 

Дата публикации
10 августа 2020