Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2023 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру,  мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 9-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2023 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
  2. Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының жоспарлау және мемлекеттік қызметтер бөлімі осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Тізбені Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының жоспарлау және мемлекеттік қызметтер бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының жоспарлау және мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысына жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Басқарма басшысы                                                           Ж. Тоқбаева

 

 

Дата публикации
31 мая 2023