Ағымдағы жылдың 24 наурызында Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасына грант алу мәселесіне қатысты өздерінің сұрақтарымен өңір тұрғындары кеңес алуға келді. Аталған мәселе бойынша мемлекеттік қызмет алу жолдары талқыланып, ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген «Кәсіпкерлікті қолдауға арналған Ұлттық жоба» шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары жөнінде түсінік берілді.