2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының шағын және орта кәсіпкерлігін дамыу туралы

Маңғыстау облысында шағын және орта бизнес тұрақты түрде дамып келеді. Өңір экономикасында шағын және  орта бизнестің үлесін арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында жыл сайын мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсетілуде.

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – Ұлттық жоба) шеңберінде 2022 жылға республикалық бюджеттен 10,8 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен 808,9 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде:

  • пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 8 688,9 млн. теңге;
  • кредиттерге кепілдік беруге – 2 942 млн. теңге;
  • жаңа бизнес-идеяларға мемлекеттік грант беруге – 21 млн. теңге;

2022 жылдың қаңтар-қараша айларында Ұлттық жоба шеңберінде 34 540 млн. теңге несие сомасына 2 406 жоба қолдау алып, 155 жаңа жұмыс орындары ашылды және 249 жұмыс орны сақталды. Оның ішінде:

  • Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау бойынша 24 857,3 млн.теңге қаражатына 1 172 жоба қолдау алды;
  • Кепілдендіру бойынша 9 682,7 млн.теңгеге 1 234 жоба қолдау тауып 133 жаңа жұмыс орындары ашылды және 155 жұмыс орны сақталды.

Сонымен қатар, Ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға сомасы 20 млн.теңге болатын 4 кәсіпкер мемлекеттік грант алды.

Кәсіпкерлерді және кәсіпкерлік бастамасы бар азаматтарға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Ақтау және Жаңаөзен қаласында, Мұнайлы, Бейнеу аудандарында Атамекен кәсіпкерлік палатасы жанынан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы қызмет көрсетті. Барлығы 1 133 қызмет көрсетілді.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, 2022 жылдың  1 желтоқсан жағдайына өңірде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің (бұдан әрі – ШОБ субъектілері) саны 73 612 бірлікті құрап, алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,5%-ға өсім көрсетті (01.12.2021 жыл – 55 973 бірлік).

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің өсімі негізінен келесі экономикалық бағыттар бөліндісінде қамтамасыз етілген:

  • Өнеркәсіп саласы саласы – 64,2%-ға өсті (4 924 бірлік), оның ішінде өңдеу өнеркәсібі – 78%-ға өсті (4 257 бірлік).
  • Көтерме және бөлшек сауда саласы – 38,3%-ға өсті  (24 192 бірлік);
  • Білім саласы – 35,9%-ға өсті (1 341 бірлік);
  • Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну – 57,6%-ға өсті (19 646 бірлік);
  • Денсаулық сақтау саласы – 28,2%-ға өсті (742 бірлік);
  • Жылжымайтын мүлікпен операциялар – 13,5%-ға өсті (3 650 бірлік) және тағы басқа.

Бұл динамика әлеуметтік саланың қарқынды дамуының көрінісі болып табылады.

Сонымен қатар, ШОБ субъектілерімен шығарылған өнім көлемі  73,5 млрд. тг. өсіп, 784,9 млрд. теңгені құрады. (2021 жылдың сәйкес кезеңі – 711,4 млрд.тг.).

Осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 147 мың адамға жетіп, 18,1%-ға артты (01.07.2021 жыл – 124 504 адам). Бұл еңбекке жарамды халықтың 43,7%-ға жуығын құрайды (01.07.2021 жыл – 37,7%).

Саланың ішкі өңірлік өнімдегі үлесі – 30,2%-ды құрайды (01.07.2021 жыл – 29,6%).

 

Дата публикации
09 января 2023