ОТЧЕТ УПРАВЛЕНИЯ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА И ТОРГОВЛИ МАНГИСТАУСКОЙ ОБЛАСТИ ПО ВОПРОСАМ ОКАЗАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ ЗА ІV КВАРТАЛ 2022 ГОДА

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» қаулысына сәйкес, басқармамен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2 түрі көрсетіледі, атап айтқанда:

  1. 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру;
  2. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың 2022 жылғы ІV тоқсан есебі нәтижелеріне сәйкес:

 

Барлық көрсетілген қызметтер саны – 243 құрады, оның ішінде:

қағаз жүзінде көрсетілген қызметтер саны – 0,

«Qoldau.kz» веб-порталы арқылы көрсетілген қызметтің саны – 243.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтің саны – 0.

Мемлекеттік қызметтер көрсетуден дәлелді бас тартулар саны – 239 құрады.

Мемлекеттік органның кінәсінен белгіленген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік көрсетілген қызметтердің саны – 0, арыз-шағымдар болмаған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны – 0.

Тиісті қолданылған тәртіптік жазалардың саны – 0 құрады.  

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мәселелері бойынша өткізілген түсіндіру іс-шараларының саны – 42 құрады (Басқарманың Instagram (mangystau.business) және facebook әлеуметтік желілерінде жарияланды).

 

 Маңғыстау облысының

кәсіпкерлік және сауда

басқармасының басшысының м.а.                               П.Сансызбаев

Орындаушы                                                                            Г.Ордабаева

 

Дата публикации
09 января 2023