Өңірлік үйлестіру кеңесін құру туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» қаулысына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) құрылсын.
  2. Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы болып – Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы айқындалсын.
  3. Жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып – Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы айқындалсын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

Маңғыстау облысы әкімінің

міндетін атқарушы                                                              Б. Орынбасаров

 

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2022 жылғы «___» _________ 

№ ___ қаулысына қосымша

 

Өңірлік үйлестіру қеңесінің құрамы

Маңғыстау облысының әкімі, Үйлестіру кеңесінің төрағасы

Маңғыстау облысы әкімінің кәсіпкерлік және сауда мәселесіне жетекшілік ететін орынбасары, Үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары

Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы, Комиссия хатшысы

Комиссия мүшелері:

Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы

Маңғыстау облысының индустриалдық-инновациялық даму
басқармасының басшысы

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы өңірлік филиалының директоры (келісім бойынша)

Маңғыстау облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)

«Коммерсант» Маңғыстау облысының сауда кәсіпорындары одағы» ассоциациясының басшысы (келісім бойынша)

«AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы аймақтық дамуы жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

«Маңғыстау облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

«Маңғыстау облысы кәсіпкерлері мен жұмыс берушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігі кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Дата публикации
05 сентября 2022