«Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы 15.12.2021ж. № 01-14/67 бұйрығымен бекітілген жұмыс тобымен жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің кезеңі 01.01.2021ж.- 31.12.2021 ж. аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің мақсаты – Кәсіпкерлік және сауда басқармасында сыбайлас жемқорлық қатерлерін туындатуы мүмкін құқық бұзушылықтарды анықтап, олардың орын алуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайту (жою) бойынша тиісті шаралар қабылдау.
І. Қызметкерлер құрамын басқару:
«Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) мамандарды жұмысқа қабылдау, босату және кадрлардың ауысуы қолданыстағы заңнамаға сәйкес ашық жүргізілген. Мемлекеттік қызметшілер туралы деректер «Е-қызмет» жүйесіне уақытылы орналастырылған және толтырылған. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілмеген. 2021 жылда 1 бос орынға мемлекеттік қызметші конкурстық реттеу кезінде біліктілік талаптары бойынша қызметке қабылданды. Жұмыс нәтижелеріне қарамастан талдау объектісінің лауазымды адамдарының қалауы бойынша қызметкерлерді көтермелеу орын алған жоқ. Тәртіптік жазаларды тым қысқа мерзімде алып тастау орын алған жоқ. Тәртіптік жазалар алынбаған жағдайда жұмыскерлерді көтермелеуге жол берілмеген.
ІІ. Мүдделер қақтығысын реттеу:
Басқармада ерлі-зайыптылар, қызметкерлердің бір біріне жақын туысқандарының қызмет атқаруы туралы фактілері жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілмеген. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары мәтіні мемлекеттік және ресми тілде баршаға көрінетін жерде орналастырылған. Мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік тәртіпті бұзу фактісі, қызметтік этика нормаларын бұзу және Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасау фактісі бойынша деректері орын алмаған. Сондай-ақ, Басқарманың интернет-ресурсында сыбайластық жемқорлық фактісі бойынша өтініштер тіркелмеген. Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін атқаруда мүдделер қақтығысы орын алмаған.
ІІІ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету:
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің нақты процестері белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілді. Оның ішінде қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу, құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері, қызметтер көрсету рәсімдері тәртібін бұзу фактілері орын алмаған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 28 бұйрығына және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына сәйкес басқармамен 2 қызмет түрі көрсетіледі:
- «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру;
- «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету бойынша 2021 жыл бойына шағын кәсіпкерлік субъектілерінен қағаз түрінде 2 өтінім келіп түсті. Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысында 2 шағын кәсіпкерлік субъектісінің жобалары мақұлданды.
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру бойынша 2021 жылы конкурс ұйымдастырылып, Qoldau.kz веб-порталы арқылы электронды түрде 92 өтінім келіп түсті, соның ішінде 30 өтінім құжаттар толық болмауына байланысты кері қайтарылды. Конкурстық комиссияда 62 өтінім қаралып, оның ішінде 9 жас кәсіпкер жалпы құны 34,3 млн. теңге көлемінде мемлекеттік грант жеңіп алып, мемлекеттік қолдау алды. 53 өтінімнен конкурстық комиссияның шешімімен дәлелді себептер бойынша бас тартылды.
Келіп түскен өтінімдер мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына сәйкес уақытылы және сапалы түрде орындалды. Басқарманың тақтасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты нормативтік-құқықтық актілер жаңартылды. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алуға ниеттілерге мемлекеттік қызмет алу жолдары туралы түсінік жұмыстары жүргізіліп, Басқарманың ресми интернет-ресурсына және әлеуметтік желілеріне жарияланды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілмеген.
ІV. Рұқсат беру функцияларын іске асыру:
Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасында рұқсат беру функциялары жүзеге асырылмайды.
Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасында бақылау функциялары жүзеге асырылмайды.
VІ. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:
1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыру:
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілген.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты тақырыптары басқарманың әлеуметтік желілеріне де ресми сайттарына да ұдайы жарияланып отырған. Басқарманың интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты тақырыптық тарау құрылды, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы ақпараттар және бейнероликтер мемлекеттік және ресми тілде орналастырылған. Ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар орын алмаған. Сыбайлас жемқорлық сипаттағы заңсыз іс-әрекеттер туралы жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде БАҚ-та шағымдар келіп түспеген. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілмеген.
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялау және кепілдендіру құралдары арқылы қолдау көрсету бойынша:
1) «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялау бойынша 1187 жоба 70,5 млрд. теңгеге қолдау алып 1546 жаңа жұмыс орнын құрды және 10 604 жұмыс орны сақталды;
2) «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында кепілдендіру бойынша 872 жоба 9 млрд. теңгеге қолдау алды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (бұдан әрі – ӘМАТ) мен жанар-жағармай бағасына күнделікті мониторинг жүргізу, азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі штаб отырысы, сондай-ақ бағаның негізсіз өсуіне ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша уақтылы шаралар қабылданып, нәтижесінде ӘМАТ тұтыну бағаларының индексін республикалық көрсеткіштерден төмен ұстап тұру мүмкін болды.
Сонымен қатар, сауда нысандары және жергілікті өндірушілермен «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жөніндегі» 45 меморандумға қол қойылды.
Сондай-ақ, қала және аудан әкімдіктерімен облыс тұрғындары үшін ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің және көтерме сауда жеткізушілерінің жәрмеңкесі өткізіледі, онда делдалдарсыз, көтерме сауда нарығынан 10-15% төмен бағада өнімдер сатылады. Жыл басынан бері 348 жәрмеңке ұйымдастырылды.
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда шарттар жасасу жөнінде облыстық азық-түлік және жанар-жағар май қызметі халыққа қажетті азық-түлік тауарларын, жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында 65 келісім-шарт жасасты, оның ішінде: азық-түлік - 40 келісім-шарт, қоғамдық тамақтану және тұру - 19 келісім-шарт, жанар-жағар май - 3 келісім-шарт жасақталған. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілмеген.
Басқармаға жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалардан 31.12.2021 жыл кезеңіне барлығы ЭҚАБЖ жүйесі арқылы 21 өтініш, соның ішінде, 12-ті жеке тұлға және 9 –і заңды тұлғадан, “Е-өтініш” Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы 20 өтініш, оның ішінде 5 заңды тұлға, 15 жеке тұлғадан келіп түсті. Барлық өтініштер уақытылы қаралып, өтініштің қаралу нәтижесі және қабылданған шаралар туралы өтініш берушіге ақпараттандырылған. Азаматтардың өтініштері бойынша барлық 1ОЛ есеп ай сайын (уақтылы) ҚР БП ҚС және АЕК МО бойынша басқармасына жолданды. Мемлекеттік сатып алу процестерінде жариялылық, ашықтық принциптері сақталған. Мемлекеттік сатып алу жоспары, оған енгізілген өзгерістер және оның орындалысы уақытылы мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған. Ббланкілер мен нұсқамалар белгіленген орындарда сақталған. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілмеген.
Басқарманың мемлекеттік қызметкерлерінің қылмыстық, әкімшілік, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін, тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны немесе тартылмағаны туралы деректерді анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің ақпараттық сервисі арқылы жүргізілген мониторингі бойынша кәзіргі таңда ақпарат жоқ.
Республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттар уақытылы игерілді.
Сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің саны мен көлемінің олардың нақты қажеттілігіне (заттай нормаларға) сәйкес келеді. Мемлекеттік сатып алу жоспарының мемлекеттік сатып алу порталында уақтылы орналастырылған. Сатып алуды бәсекелес жеткізушіге қатысты техникалық ерекшеліктерде «қайрау» деп аталатын сипаттамалар орын алмаған. Мемлекеттік аудит органдары тарапынан камералдық бақылау нәтижелері бойынша сатып алуды қайта қарау немесе күшін жою фактілерінің орын алмаған. Өнім берушінің тауарды жеткізу, жұмыстар мен қызметтер көрсету шартынан туындайтын міндеттемелер уақтылы және сапалы орындалған. Тауар бірлігі бағасы негізді түрде тауарлардың жоспарланған құнының нарықтық құнына сәйкес келеді. Басқарма бойынша мемлекеттік сатып алу бойынша 42 келісімшартқа қол қойылды.
Салықтар және өзге де төлемдер уақытылы және сапалы жүргізілген. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілмеген.
3.Қызметтің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету
Қоғамдық мүддені білдіретін объектінің қызметі туралы ақпаратты: сатып алу жоспарлары, бюджет және қаржы қаражатын игеру, бақылау іс-шараларын жүргізу жоспарлары Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасымен мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлерге қолдау көрсету, қаржылық құралдары бойынша ашықтығы туралы ақпарат басқарманың әлеуметтік желілеріне және ресми сайтына, «Ашық деректер», «Publicbudjet» ақпараттық жүйесіне уақытылы жарияланған. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның және «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 116 бұйрығының талаптарын сақталған.
Басқармамен құрамы қоғамдық өкілдерінің 60% құрайтын Маңғыстау облысының әкімі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңесінің негізгі міндеті жеке кәсіпкерлік субъектілеріне акредиттелген бірлестіктерден сараптамалық қорытынды беру болып табылады.
|
Жұмыс тобының төрағасы |
Ж.Тоқбаева |
|
Жұмыс тобының мүшелері: |
М.Көбеген |
|
|
А.Сарсенов |
|
|
А.Дүйсеева |
|
|
П.Сансызбаев |
|
Жұмыс тобының хатшысы |
Г.К.Ордабаева |
|
|
|