Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11245 болып тіркелген) және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі комиссия отырысының 2022 жылғы 8 маусымдағы № 01-05/81 хаттамасына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына бөлшек сауда бағасының шекті рұқсат етілген мөлшері күнтізбелік тоқсан күн мерзімге, басты пияз – килограммы үшін 202 теңге болып бекітілсін.
-
«Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
-
Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
-
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі Н. Ноғаев
Дата публикации
14 июня 2022