АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

10.12.2021ж. жылғы №02-02/10 санды қаулысымен бекітілді

 

АУДИТОРЛЫҚ    ҚОРЫТЫНДЫ    

 

  1. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы:

Бюджет қаражатын және мемлекет активтерін тиімді пайдалану сәйкестігіне аудиторлық іс-шара жүргізу.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаларына сәйкес, бюджет қаражатын және мемлекет активтерін тиімді  пайдалану сәйкестігіне аудиторлық іс-шара  жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудит объектісі:

«Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесі (одан әрі –Басқарма).

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2019 жылдың 1 қаңтар айынан бастап  2020 жылдың 31 желтоқсан айын қоса алғанда.

  1. II. Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау.

         Маңғыстау облысы бойынша тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектісі:

         2019 жылы – жұмыс жасайтыны – 51 096 бірлік;

         2020 жыл басына - 61 102, оның ішінде жұмыс жасайтыны  - 52 949  бірлік;

         2021 жыл басына– 60 877, оның ішінде жұмыс жасайтыны  - 52 900  бірлік;

         2020 жылы тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектісі азайғанымен, жұмыс жасайтындарының саны көбейген.

         Аудандар арасында жұмыс жасайтын шағын кәсіпкерлік субъектісі Ақтау қаласы бойынша, Қарақия ауданы бойынша азайып кеткен:

         Ақтау қаласы бойынша:

         2020 жылы – 31 011 бірліктен 30 753 бірлікке;

         Қарақия ауданы бойынша 2 135 бірліктен – 2 022 бірлікке.

         Басқа аудандар бойынша  шағын кәсіпкерлік субъекті саны артқан.

         2020 жылы бизнесті, кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бөлінген қаржы артқан:

         2019 жылы - 1 190 795,0 мың теңге; 2020 жылы – 2 889 757,4 мың теңге.  Шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім (тауарлар және қызметтер) шығаруы:

         2019 жыл қорытындысымен - 1 209 395 мың теңге;

         2020 жыл қорытындысымен - 1 346 789,0 мың теңгені  құраған, өнім шығару көбейген.

         Шағын кәсіпкерлік субъектісінде жұмыс жасайтындар саны:

         2019 жыл қорытындысымен – 120 511адамды құраса;

         2020 жыл қорытындысымен -121 092 адамды құрап, 0,5 % -ға көбейген.

         Облыстағы жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 31,8%-ды құрады (Ақпарат көзі: stat.gov.kz).

         Басқарма, өз деңгейінде "Бизнестің жол картасы-2020" және "Бизнестің жол картасы-2025" мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде өңірде жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының, мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын, шағын және орта кәсiпкерлiкті қолдау инфрақұрылымы объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етеді.

         "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысымен бекітілген.

         "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген.

         «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының мақсаты - Өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру болып белгіленген.

         Бағдарлама шеңберінде құрылған жұмыс орнының басымы – Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданында орын алған.

         Жаңаөзен қаласы – 39 жоба 820,3 млн.теңге 300 жұмыс орны;                                          

         Мұнайлы ауданында - 43 жоба 873 млн.теңгеге 400 жаңа жұмыс орны құрылған.           

        

         2.2.Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері.

         Аудит бағдарламасымен көзделген нәтижелілік, тиімділік өлшемшарттары бойынша бюджеттік, басқа да заңнамалардың жауапты тұлғалармен тиісті деңгейде сақталмай, нәтижесінде бұзушылықтар орын алған.

         Жүргізілген мемлекеттік аудитпен 27 357,2 мың теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, 7 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.            

         Мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджеттік бағдарламалар туралы мәлімет:

         Басқармаға бөлінген қаржы:

         2019 жылғы  жоспары -  1 268 968,0 мың теңге, игерілгені - 1 217 728,1 мың теңге, игерілмегені  - 51 239,9 мың теңге (95,9 %), игерілмеу себебі қолма-

қол ақша шотында қаражаттың тапшылығынан орын алған:

         2020 жылы -  2 965 875,4 мың теңге бөлініп,  игерілгені - 2 964 064,47 мың теңге, игерілмегені  - 1 810,9 мың теңге немесе 99,9% -ды құраған.

         001 «Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті және сауданы дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша:

         2019 жылы - 78 173,0 мың теңге, игерілгені -  74 926,7 мың теңге, игерілмегені  – 94,2 мың теңге;

         2020 жылы - 76 118,0 мың теңге, игерілгені - 74 307,07 мың теңге, игерілмегені - 88,59 мың теңге;

         006 «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша:

          2019 жылы - 855 765,0 мың теңге бөлініп толық игерілген;

          2020 жылы - 2 065 014,0 мың теңге   бөлініп  толық игерілген;

          007 «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіру» мемлекеттік бағдарламасына

         2019 жылы - 205 080,0 мың теңге бөлініп, игерілгені - 157 086,4 мың теңге, игерілмегені  - 47 993,6 мың тенге (қолма-қол ақша шотында қаражаттың тапшылығы);        

         2020 жылы -  676 485,6 мың теңге бөлініп  толық игерілген;

         008 «Кәсіпкерлік қызметті қолдау» бюджеттік бағдарламасымен:

         2019 жылы -  55 000,0 мың теңге бөлініп  толық игерілген;

         2020 жыл – 140 000,0 мың теңге   бөлініп  толық игерілген

          027 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына:

         2019 жылы - 53 950,0 мың теңге бөлініп толық игерілген;

         2020 жылы - 8 257,8 мың теңге бөлініп, игерілген;

         082 «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру мемлекеттік бағдарламасына 2020 жылы - 21 000,0 мың теңге бөлініп толық игерілген.

2019-2020 жылдары

         Басқарманың барлық қызметкерлер саны 13 бірліктен құралған.

         1-тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2008 жылғы 2 наурыздағы №276 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қаулысының 2 - тармағының «басқарма басшысының орынбасары лауазымын енгізу - бастығын  қоса алғанда кемінде 15 бірлік болғанда»  енгізілу талабы сақталмай,  2019 жылы -  2 бірлік, 2020 жылы  - 1 бірлік басқарма басшысының орынбасары лауазымы  негізсіз енгізілген.

         2019-2020 жылдарға арналған бюджеттік өтінім бойынша  2 бірлік басқарма басшысының орынбасары үшін -  21 362,2 мың теңге артық жоспарланып, игерілген (2019 жылы 2 бірлікке - 15 256,4 мың теңге, 2020 жылы 1 бірлікке - 6 105,8 мың теңге).

         Нәтижесінде,  әкімшілік қызметкерлер саны нормативтен артық бекітілуі салдарынан қаржының негізсіз жоспарланып, игерілуі орын алған.

         Басқарманың техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер құрамында  4  статист бекітілген.

         2 – тармақ. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1002 «Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін бекіту туралы» бұйрығының 2 – тарауының (3 –кесте) талабы сақталмай, 2 статист маманы нормативтен артық бекітілген.

         4 статистің бекітілуі - жылына өңделетін құжаттың саны 10147 бірліктен асқан жағдайда көзделген, алайда Басқармада жылына өңделетін құжаттың саны 5372 бірліктен аспаған, яғни нормативке сәйкес  - 2 статистен аспауы тиіс.

         2019-2020 жылдарға арналған бюджеттік өтінім бойынша 2 бірлік статист маманына  -  3 135,0 мың теңге артық жоспарланып, игерілген (2019 жылы- 1 313,0 мың теңге; 2020 жылы – 1822,0 мың теңге).

         3 - тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы  31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 6 тармағының 2) тармақшасы сақталмай, 2019 және 2020 жылдары кредиторлық қарыздың болуына қарамастан техникалық қызмет көрсетудегі қызметкерлерге сыйақы берілген, оның ішінде сыйақының басым бөлігі техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлерге берілген:

         2019 жылы  131 «Техникалық персоналға еңбекақы төлеу» ерекшелігіне бюджеттік өтініммен бөлінгені -3 176,9 мың теңге, нақты  игерілгені -6 959,6 мың теңге, яғни еңбекақы қоры көлеміндей қаржы сыйақы берілуге жұмсалған (6 959,6 – 3 176,9 =3 782,7);

         2020 жылы  131 «Техникалық персоналға еңбекақы төлеу» ерекшелігіне бюджеттік өтініммен бөлінгені - 4 890,0 мың теңге, нақты  игерілгені - 6 917,0 мың теңге, яғни еңбекақы қоры көлемінің жартысындай қаржы сыйақыға жұмсалған. (6 917,0 – 4 890,0 =2 027,0);

1,4 есе  деңгейінде сыйақы берілген.                                                  

         4-тармақ. Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 46-бабы, 1-тармағының, Қазақстан Республикасы Қаржы  министрінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы №540 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығының 161-тармағы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы     «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» №258 заңының 14-бабының талаптары сақталмай, мемлекеттік ту лицензиясы жоқ кәсіпкерден сатып алынған, оған қоса жасақталған келісім шарт Қазынашылық департаментінде тіркелмеген, 

         006 015 «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға жергілікті бюджет есебінен:

         2019 жылы -  855 765,0 мың теңгеге 121 жоба  іске асырылған.

         2020 жылы - 385 жоба  2 065 014,0  мың теңгеге жүзеге асырылған.

         Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижесі - 110 жоба жоспарланған, қолдау алатын кәсіпкерлердің санының көбеюіне байланысты 121 жоба іске асырылған (110%).

         007 015 «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіруге жергілікті бюджет есебінен:

         2019 жылы - 205 080,0 мың теңгеге - 70 жоба  кепілдендірген;

         Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижесі, жоспар - 70 жоба, орындалысы - 105 жоба (150 %) (қолдау алатын кәсіпкерлердің саны  көбейген);

         2020 жылы-  676 485,6 мың теңгеге 488 жоба   кепілдендірілген.

         республикалық бюджеттен 423 167,0 мың теңге, тікелей нәтижесі, жоспар -  40 жоба, орындалысы  323 жоба (807,5 % ).

         жергілікті бюджеттен 253 318,6 мың теңге, тікелей нәтижесі, жоспар  - 60 жоба, орындалысы  165 жоба  (275 %).

         008 000 «Кәсіпкерлік қызметті қолдау» бағдарламасына:

         2019 жылы -  55 000,0 мың теңгеге 70 жобаны іске асырылған;, тікелей нәтижесі, жоспар - 70 жоба, орындалысы - 77 жоба (110 % );

         2020 жылы - 140 000,0 мың теңгеге - 50 жобаны іске асырылған, тікелей нәтижесі, жоспар - 50  жоба, орындалысы - 42 жоба (84 %).

         Жоба саны еркін түрде, бөлінген қаржы шегінде кәсіпкерлерден түскен өтінімге сәйкес жоспарланған, нәтижесінде олардың орындалысы жоғарыда көрсетілгендей 150% дан 807,5% -ды көрсеткен, яғни жобалардың жоспарға шаққандағы нақты орындалысы туралы шынайы ақпарат қалыптастыру мүмкіндігі қарастырылмаған.

         «Бизнестің жол картасы-2020,2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы  ««Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мы арқылы:

         1) кәсіпкерлердің алған кредиттерінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға;

         2)  шағын және орта бизнеске кредиттерін ішінара кепілдендіруге жұмсалған.

Бюджеттік бағдарлама

Бизнестің жол картасы-2020

«Бизнестің жол картасы-2025

жоба саны

қаржы

жоба саны

қаржы

006 «"Бизнестің жол картасы-2020", бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға»

121

855 765,0

385

 

2 065 014,0

007-«"Бизнестің жол картасы-2020", бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіру»

105

152 006,4

488

 

676 485,6

027-«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде микрокредиттерді ішінара кепілдендіру»

24

53 950,0

 

 

7

 

8 257,8

Барлығы

250

1 061 721,4

880

2 749 757,4

         Қаржы, 3 бюджеттік бағдарлама бойынша қаржыландырылған (006;007;027). 

2020 жылы:

         «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен 250  жобаға – 1 061 721,4 мың теңге қаражат жұмсалған;

         «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен 880  жобаға - 2 749 757,4 мың теңге қаражат жұмсалған;

         Жобалардың іске асырылуы бойынша мониторингге жауапты - ««Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мы.

         «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен ұсынылған құжаттарға сәйкес, 2019-2020 жылдары  сыйақы мөлшерлемесі субсидияланған және кредиттер бойынша кепілдік берілген барлығы 544 жобаның іске асырылуына мониторинг жүргізілген, нәтижесінде:

          «СтройТехСервис-Т» ЖШС-мен 41,0 мың теңгенің мақсатсыз жұмсалғаны анықталып, бюджетке қайтарылған.

         «Даулеткалиева А.А.» ЖК, «Лопухин А.А.»ЖК, «Ел-Мұра оқу орталығы»ЖШС -мен  жұмыс орындарының жылдық орташа санын сақтау немесе кірістің 10 %-ға өсуіне қол жеткізу критерияларының сақталмағаны анықталып, белгіленген уақытта қалпына келтірілген.

         «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлердің банктен алған кредиттерінің бір бөлігін -  кредиттік пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау және бір бөлігін кепілдендіру қарастырылған.

         Субсидиялау - 006 015 «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға» бюджеттік  бағдарламасымен;

         Кепілдендіру -007 015  «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіру» бюджеттік бағдарламасымен бөлінген.

         5 - тармақ.         006 015 бюджеттік  бағдарламасы есебінен, 2019 жыл соңында, 30 желтоқсанда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен  «Мендыгазиев А.С.» ЖК –ге   9 000,0 мың теңгеге  екінші деңгейлік банктен алынған кредитінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға 60 ай мерзімге 20 пайызбен шешім шығарылады.         

         Анықтама: «Мендыгазиев А.С.» ЖК жалға беру үшін коммерциялық жылжымайтын мүлікті банк арқылы 9 000,0 мың теңгеге кредит алып, сатып алған.

         Осы шешім негізінде 2020 жылдың 29 қаңтарымен Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мен «Мендыгазиев А.С.» ЖК арасында кредиттің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға және оны кепілдендіруге  келісім-шарттар жасақталады.

         Аталған келісім-шарттарды орындауда 860,0 мың теңге «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен жинақталған резервтен берілген (бюджеттен бөлінген қаржыны игергеннен кейінгі қалдықтар, кредиттерін мерзімінен бұрын өтегендерден қалған қаржы,т.б.).

         6 тармақ. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы №522 «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» қаулысының 1 тарауының 2015- 2019 жылдар аралығында іске асыру талабы бұзылып, кепілдендіруге қаражат, мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы кезеңі аяқталғаннан кейін берілген.

         Баcқармамен қаржының іске асыру мерзімдерінің сақталуы қадағаланбаған.

         «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ -мен Басқарма арасында жасақталған 01.01.2020 жылға өзара есептесудің салыстыру актісінде несиенің пайыздық үстемақысының мөлшерлемесін субсидиялау бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ –да  22 493,9 мың теңге қалдық қаражат қалған, оның 20 697,9 мың теңгесі -  2017-2019 жылдары алынған кредиттердің пайыздық үстемақысының мөлшерлемесін субсидиялауға ай сайынғы төлемдері, 2020 жылдың қаңтар айында төленген,  пайдаланылмаған, қалған қалдық  - 1 796,0 мың теңге.

         «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру көзделген.

         2019 жылы жастарды қолдау саясатына байланысты,  29 жасқа дейінгі жастарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін  3 000,0 мың теңгеге дейін қайтарымсыз  грант беруге негізделген.

         Конкурстық комиссияның шешімімен берілген 49 өтінімнің  9 жобасы мақұлданып, 40 жобасы қолдау алмаған.

         Мақұлданған 9 жобаның сәйкестігін қарауда анықталғаны:

         6 – тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы»    қаулысының  22 тармағының мемлекеттік грант алуға үміткер құжаттарын толық  ұсынбаса немесе  тиісті нысандарға сәйкес келмесе пысықтау үшін үміткерге қайтару талабы сақталмай, құжаттарының сәйкестігіне қарамастан мемлекеттік гранттар берілген,  атап айтқанда:

         1) «Б.Нұрсейіт» ЖК –мен «Ork_jewelart» - заманауи стильдегі ұлттық зергерлік бұйымдарды жасауға ұсынылған бизнес жоспарының негізгі құрылымы жасақталмаған, коммерциялық перспективалары, қаржылық жоспар, кіріс, шығын есептемелері жоқ;

         Сауалнама нәтижесінде, ашылған бизнес түрінің ашылғанынынан  хабардар болғанымен, олардың қызметін тұрғындардың 80%-ы пайдаланбайтынын айтты;

         2)  «С.Супагалиев» ЖК-мен «Ball Team» ересектер мен балаларға арналған кәсіби классикалық волейбол мектебін ашуға арналған бизнес-жоспарының құрылымы талапқа сәйкес емес, бизнес жоспарының "жобаның құны" бөлімінде жоспарланған меншікті қаражат көлемі нақты көрсетілмеген

         Сауалнама нәтижесінде, ашылған бизнес түрінің ашылғанынынан хабардар болғанымен, олардың қызметін тұрғындардың 80%-ы пайдаланбайтынын айтты;

         3) «Е.Құсымбаев» ЖК –мен «Жанұя»  оңалту және медициналық орталығын («Асылжан и Ко» ЖШС) ашуға арналған бизнес жоспарының құрылымы талапқа сәйкес жасақталмаған, оған қоса жобаны іске асыру аймағында басқа облыс атауы көрсетілген.

         4) "Skills Academy" IT –оқу орталығы (Бейнеу ауданында), өңірде заманауи технологияны меңгеруге қызығушылығы бар адамдарға сапалы білім беру қызметіне жасақталған бизнес-жоспарының құрылымы талапқа сәйкес емес, өз қаражатының жоспарланған шығындары туралы ақпарат жоқ.

         Сауалнама нәтижесінде, ашылған бизнес түрінің ашылғанынынан хабардар болғанымен, олардың қызметін тұрғындардың 80%-ы пайдаланбайтынын айтты;

         5) «А.Т. Сурибаева» ЖК - мен (Жаңаөзен қаласы) ұсынылған «Робототехника және балаларға арналған қызметі» кәсібінің  бизнес-жоспары құрылымы талапқа сәйкес емес, өз қаражатының жоспарланған шығындары туралы ақпарат жоқ.

         Сауалнама нәтижесінде, ашылған бизнес қызметін тұрғындардың 99 % пайдаланбайтынын айтты;

         Жүргізілген талдау нәтижесінде, бизнес жобаларды іріктеуде конкурстық комиссия мүшелерінің өз міндеттерін тиісті дәрежеде атқармауы салдарынан іріктеліп, мақұлданған бизнес жобаларының нарықтағы сұранысының төмен деңгейін көрсетті. 

         Сонымен қатар, конкурстық комиссия мүшелерімен қолдау алған «Ы.Еділов» ЖК - мен «Aqkettik» такси шақыру  мобильдік қосымшасы  (Түпқараған ауданы) мен «А.Сүрібаева» ЖК –нің «Робототехника және балаларға арналған қызметі» (Жаңаөзен қаласы) жобалары «Даму қорымен» жүргізілген мониторингте - бөлінген қаржының өз мақсатында жұмсалғаны көрсетілген болатын.

         Алайда, аудит барысында жүргізілген талдау нәтижесінде аталған екі кәсіпкер «Даму қорымен» жүргізілген мониторингтен кейін, 2021 жылдың мамыр, маусым айларында салық есебінен шығарылған, екеуі де жабылған.       Конкурстық комиссия мүшелерімен қолдау алған 9 жобаның ішінде бүгінде  кәсібін жалғастырып отырған, тұрғындарға қызмет көрсетуі бойынша  жоғары сұранысқа ие: ЖК «Джалгасова» «Тұз үңгірі» бизнесі мен  ЖК «Е.Құсымбаев»  «Жанұя» оңалту және медициналық орталығы.

         Нәтижесінде, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге берілген мемлекеттік гранттардың тиімділігі төмен нәтиже берген, яғни грант алған 9 жобаның екеуінің қызмет көрсетуі тұрғындардың сұранысын қамтамасыз еткен, екеуі жабылған,  бесеуіне қоғамда сұраныс төмен, яғни қолдау алған 9  жобаның тиімділігі төмен нәтиже көрсеткен (тиімділігі - 22% (2/9*100).

           «Кәсіпкерлік қызметті қолдау» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде Облыс әкімінің бастамасымен, 2018 жылы 1% - бен берілетін «Нұр Капитал» өңірлік бағдарламасы іске қосылған.

         Бағдарлама «Каспий» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-мен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырылған.

         Ереженің шарты - жобаны іске асырғаннан кейін  міндетті түрде жаңа жұмыс орынын құру болып табылады.

         2019 жылы «Nur Kapital» өңірлік бағдарламасы аясында 74 жоба жүзеге асырылып, 1 527,4 мың теңге қаражат игерілді.

         2020 жылы 26  жоба жүзеге асырылып, 548,7 мың теңге қаражат игерілді.

         2020 жылы «Nur Kapital» өңірлік бағдарламасына қаржыландыру азайған.

          «Nur Kapital» өңірлік бағдарламасының Ереже шарты - жобаны іске асырғаннан кейін  міндетті түрде жаңа жұмыс орынын құру болып көзделген.

       7-тармақ. Алайда, бірқатар кәсіпкерлермен «Nur Kapital» өңірлік бағдарламасының басты шарты- жұмыс орнын құру - орындалмаған,  атап айтқанда:

        1) «Халық банк» АҚ - ның  жобаның жүзеге асуына мониторинг жүргізу есебіне сәйкес 2019 жылы «Компания сеть кинотеатров кино» ЖК-рі Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласынан кинотеатр  ашуға 30 000,0 мың теңге қаржы берілген (сыйакы мөлшерінің 6ip болігі 8,5% -бен - 60 айға субсидияланады, оның 7,5% бағдарлама операторы, қалған 1%-н кәсіпкер өзі төлейді);

       Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен жобаны іске асырғаннан кейін  8 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген, алайда, бүгінге дейін Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласынан кинотеатр  ашу жобасы  іске қосылмаған, сәйкесінше 8 жаңа жұмыс орны да ашылмаған. Жобаны ашуға  қажетті жабдықтар сатып алынған.

         2) 2020 жылы «Алимбетов Х.М» ЖК -не «ForteBank» АҚ-ның мониторингіне сәйкес Мұнайлы ауданынан «Салтанат Плаза» мейрамханасын   ашуға 30 000,0 мың теңге қаржы берілген (сыйакы мөлшерлемесінің 6ip болігі 8,5% -бен  36 айға субсидияланады, оның 7,5% бағдарлама операторы, қалған 1%-н кәсіпкер өзі төлейді);

         Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен жобаны іске асырғаннан кейін  8 жаңа жұмыс орнын ашу;

         Алайда, бүгінгі күнге дейін Мұнайлы ауданынан «Салтанат Плаза» мейрамханасын ашу жобасы  іске қосылмаған, сәйкесінше 8 жаңа жұмыс орны да ашылмаған, жобаны ашуға  қажетті жабдықтар сатып алынған.

         Кинотеатр мен мейрамхана бойынша жұмыс орнының ашылмауы - елдегі эпидахуал жағдайының салдарынан орын алғанынымен түсіндіреді.

         3) 2020 жылы «Batys Trade ltd» ЖШС-гі  «ForteBank» АҚ-ның мониторингіне сәйкес         Мұнайлы ауданынан шақпақ секер (рафинад) өндіруге 30 000,0 мың теңге берілген (сыйакы мөлшерлемесінің 6ip болігі 8,5% -бен  60 айға субсидияланады, оның 7,5% бағдарлама операторы, қалған 1%-н кәсіпкер өзі төлейді);

         Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен жобаны іске асырғаннан кейін  5 жаңа жұмыс орнын ашу;

         Алайда,  жобаны ашуға  қажетті жабдықтар сатып алынды, кәсіпкер  5 жаңа жұмыс орнын ашудың орнына 1 жаңа жұмыс орнын ашқан, яғни Nur Kapital» өңірлік бағдарламасының шарты 80% -ға орындалмаған (1/5*100)

         2020 жылы «Садвакасова Н.Е.» ЖК-не  «Банк центр Кредит» АҚ-ның  мониторингіне сәйкес ішкі туризмді дамыту үшін автокөлік сатып алуға  9 000,0 мың теңге берілген (сыйакы мөлшерлемесінің 6ip болігі 8,5% -бен  60 айға субсидияланады, оның 7,5% бағдарлама операторы, қалған 1%-н кәсіпкер өзі төлейді);

         Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен жобаны іске асырғаннан кейін  2 жаңа жұмыс орнын ашу;

         Алайда,  жобаны ашуға  автокөлік  сатып алынған, кәсіпкер  2 жаңа жұмыс орнын ашудың орнына 1 жаңа жұмыс орнын ашқан, яғни Nur Kapital» өңірлік бағдарламасының шарты 50% -ға орындалмаған (1/2*100).

         Нәтижесінде, ««Каспий» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның  директорлар кеңесінің  2018 жылдың  20 сәуіріндегі №СД-64/04-2018-СПК  шешімімен бекітілген ««Nur Kapital» шағын және орта бизнесті қолдау өңірлік бағдарламасы негізінде сыйакы мөлшерлемесінің 6ip бөлігін субсидиялау» ережесінің 21 тармағы, 5 тармақшасы бұзылып, яғни «Nur Kapital» өңірлік бағдарламасының жұмыс орнын құру шарты екі Кәсіпкермен негізсіз орындалмай отыр («Садвакасова Н.Е.» ЖК, «Batys Trade ltd» ЖШС).

         Сондай-ақ, «Каспий» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның  «Nur Kapital» өңірлік бағдарламасының жүзеге асырылуына жауапты Өңірлік үйлестіру кеңесімен тиісті дәрежеде бақылау, мониторинг жүргізбеуі салдарынан өңірлік бағдарламаның басты шарты орындалмай отыр.

         Сәйкесінше, Басқарма тарапынан бағдарлама әкімшісі ретінде өз деңгейінде - қоғамға тиімділігі бағытында тиісті бақылау жүргізілмеген.

 

         III. Қорытынды бөлік

         3.1.Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар. мемлекеттік аудит барысында аудит объектісімен пікір алмасулар жүргізілді.

         3.2.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы  бойынша тұжырымдар

         Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталғаны:

  1. Штат кестесінде тиісті нормативтен артық 4 бірлік жоспарланып, қаржы жұмсалып, бюджет қаржысы тиімсіз пайдаланылған.
  2. Лицензиясы жоқ кәсіпкерден тауардың сатып алынып, оған қоса жасақталған келісім шарт Қазынашылық департаментінде тіркелмеген.
  3. «Бизнестің жол картасы-2020», «Бизнестің жол картасы-2025»  бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруда мемлекеттік грантқа үміткерлердің ұсынылған бизнес жобаларының құрылым талаптарына сәйкес келмеуі, нарықта сұранысы жоқ, бәсекелестікке қабілетсіз жобалардың мақұлдануы, нәтижесінде жабылап қалуы орын алып, қоғамға тигізетін пайдасының тиімділігінің төмен болуына әкелген.
  4. Сондай-ақ, «Кәсіпкерлік қызметті қолдау» бюджеттік бағдарламасы аясында ««Каспий» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-мен бекітілген ««Nur Kapital» өңірлік бағдарламасының басты талабы,  яғни жаңа жұмыс орындарын ашу шарты  - тиісті деңгейде орындалмаған.

         Аталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің орын алуы жауапты тұлғалардың өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерін  тиісті деңгейде атқармауы, қадағалаудың жеткілікті деңгейде жүргізілмеуі, мемлекеттік гранттарды тағайындауда конкурстық комиссия мүшелерімен үміткерді таңдауда зерделеу жұмыстарының тиісті дәрежеде жүргізілмеуі салдарынан орын алған.

        

3.3. Мемлекеттік аудиттің қорытындысы  бойынша ұсынымдар

 

Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді  ҰСЫНАМЫН:

  1. Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

         Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасына  2022 жылдың 01 ақпанына дейін:

            1) Мемлекеттік аудит қорытындысымен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді талқылап, одан әрі болдырмау мақсатында шаралар алуды (хаттама);

         2) Мемлекеттік грант алуға үміткерлерді іріктеуде бәсекелестікке қабілетті, нарықта сұранысқа ие болатын жаңа бизнес-идеяларға басымдық беруді, сондай-ақ зерттеу, зерделеу жұмыстарын нығайтуды; өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз етуді, бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша нақты шаралар алуды (хаттама);

         3) Артық жоспарланған басқарма басшысының орынбасары мен статист қызметкерлерінің штаттық санын тиісті Заңнамаға сәйкестендіруді;

         4) Бұзушылықтарға жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық шараларын қабылдау тапсырылады.

         3.4. Жалғама:   жиынтық тізбе 

        

Тексеру комиссиясының мүшесі                                    Х.А.Джанаева

 

Мемлекеттік аудит

және қаржылық бақылау

бөлімінің   басшысы                                                           Б.Корбаков

 

 

Талдау, жоспарлау және

сапаны бақылау бөлімінің

басшысы                                                                            А.Тұрғанбаев

 

 

Ұйымдастырушылық-құқықтық

бөлімнің басшысы                                                           Б.Қарабаева

 

Дата публикации
11 января 2022