Бюджеттік бағдарламаны бекіту туралы

"Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және

сауда басқармасының 2020-2022 жылдарға

арналған  бюджеттік бағдарламаларын

бекіту туралы" 2019 жылғы 25 желтоқсандағы

№02-12/59 бұйрыққа өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджеттік кодексінің 32 бабы 2,4 тармақтарына, Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың 4 бөлімі 24 тармағына, Маңғыстау облыстық маслихаттың 2020 жылғы 30 наурыздағы №34/420 "2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" Маңғыстау облыстық маслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы №32/395 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешіміне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. "Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының 2020-2022 жылдарға арналған  бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №02-12/59 бұйрыққа келесі өзгеріс енгізілсін:

осы бұйрықтың 7 қосымшасымен бекітілген 015 "Мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға "Даму"кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ға кредит беру" бюджеттік бағдарламасы жойылсын.

2. Кәсіпкерлікті қаржылық-несиелік қолдау бөлімінің басшысы А.Ж.Дүйсееваға берілген бұйрықты басқарманың интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалысын бақылау басқарма басшысының орынбасары М.Көбегенге жүктелсін.

 

Басқарма басшысы                                                     В.Мұстапаева

"КЕЛІСІЛДІ"

Маңғыстау облысының

экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасының

басшысы  

______________ М.Альбекова

08.04.2020ж.

Дата публикации
07 апреля 2020