Мобильдік топ құру туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тапсырмасын орындау мақсатында "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39 бабы 2 тармағының 2 тармақшасын басшылыққа ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Облыс прокуратурасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильдік тобы келесі құрамда құрылсын: 

Әділов Серік Бірмағанбетұлы облыс прокуратурасының Қоғамдық мүддені қорғау басқармасы бастығының орынбасары, мобильдік тобының жетекшісі  
Мобильдік топ мүшелері:
Қуанова Жазира Абайқызы Маңғыстау облысының прокуратурасы басқармасының аға прокуроры 
Жаңабаев Файзулла Рахметұлы Маңғыстау облысы прокуратурасының басқарма  прокуроры
Бабакулов Талғат Бақытжанұлы Мамандырылған табиғат қорғау прокуратурасының аға прокуроры
Ломакина Гульназ Жаппарқызы Құқықтық статистикажәне арнайы есепке алу жөніндегі басқармасының азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры (келісім бойынша)
Назарова Замзагул Нұрмұханқызы «Нұр Отан» партиясы филиалының бөлім кеңесшісі (келісім бойынша)
Сарсенов Али Исатайұлы Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының сауда және баға мониторингі бөлімінің басшысы (келісім бойынша)

2.Мемлекеттік органдардың тарапынан заңсыз тексерулерді болдырмау және кәсіпкерлердің қызметіне негізсіз араласуына жол бермеу мақсатында, мобильдік топ кәсіпкерлік субъектілері тарапынан түскен әрбір хабарлама (ауызша, жазбаша, сенім телефондары арқылы) бойынша жедел шығу арқылы әрекет етсін. 

3. Мобильдік топ атқарылған жұмыстың нәтижелері туралы облыс прокурорына жинақталған ақпарат беріп, ұсыныстар енгізсін.

4. Топ жетекшісіне қажет болған жағдайда осы өкіммен көзделмеген, бірақ барлық топ мүшелерімен орындалуға міндетті тапсырма беру құқығы берілсін.

5. Топ жетекшісімен өкім аясында берілген тапсырмалар орындалсын.

6. Осы өкіммен мобильдік тобының мүшелері таныстырылсын.

7. Өкімнің орындалуын бақылау облыс прокурорының орынбасары  Е.С.Тұрмағамбетовке жүктелсін.

Облыс прокуроры                                                                   Е.Абаев

Дата публикации
13 декабря 2019