Кәсіпкерлікті қаржылық-несиелік қолдау бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1.1. Кәсіпкерлікті қаржылық-несиелік қолдау бөлімі бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Маңғыстау обласының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді , сонымен қатар, осы Ережені басшылыққа алады.
1.3.Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы бекітеді.
1.4.Бөлімнің құрылымдық бөлімшелері жоқ.
2 - тарау. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2.1. Міндеттері:
2.1. Кәсіпкерлікті қолдау саласы бойынша жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру;
2.2. Кәсіпкерлікті қолдау саласы бойынша қызметін жүзеге асырып жатқан ұйымдармен өзара іс қимыл мәселелері бойынша жұмысты үйлестіру;
2.2.1. Маңғыстау облысында кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру және орындайды;
2.2.2. Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтардың өтініштері мен арыздарын қарайды;
2.2.3. Кәсіпкерлік саласында облыстың экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы жедел ақпаратпен қамтамасыз етеді;
2.2.4. Кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық және қаржылық емес қолдауды алуда әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
2.2.5. Кәсіпкерлер ұсынған құжаттардың толық пакетін жасау үшін кәсіпкерлердің тізімін дайындау, бекіту және ұсыну, экономикалық тұжырымдар дайындау, салалық сараптама ұсынады;
2.2.6. Кәсіпкерлік жобаларды несиелендіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының банктік және басқа да қаржы ұйымдарымен, сонымен қатар қаржы институттарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау шараларын жүзеге асырады;
2.2.7. Кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларын жүзеге асыру үшін келісім шарттарды, қаржыландыру жоспарын, бюджеттік бағдарламалар мен өтініштерді әзірлеу және келісу;
2.2.8. Өз құзыреттілігі шегінде жетекшілік ететін бағыт бойынша мемлекеттік органдарға ақпараттық-аналитикалық материалдар әзірлеу және беру;
2.2.9. Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында бөлінген қаражаттарға мониторинг жүргізеді;
2.2.10. ҚР Президенті Әкімшілігінен, ҚР премьер-министрінің кеңсесінен жоғары тұрған мемлекеттік органдардан, жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыстық және қалалық әкімдіктен келіп түскен хаттарды уақытылы және сапалы орындау және бақылау хаттарының карточкелерін толтыру;
2.2.11. Басқарманы цифрландыру бойынша тиісті шараларды қабылдау;
2.2.12. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
2.3. Құқықтары мен міндеттері:
Бөлім құқылы:
2.3.1. Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардан, заңды тұлғалардан, меншік нысандарына қарамастан қажетті құжаттарға, сонымен қатар құрылымдық бөлімшенің алдына қойылған тапсырмаларын орындауға байланысты сұрақтар бойынша ақпараттарды сұрауға және алуға;
2.3.2. Өзінің құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша шешім қабылдау және олардың жүзеге асырылуын бақылауға;
2.3.4. Сыртқы ұйымдармен қарым-қатынас сақтауға;
2.3.4. Басқарманың жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныс енгізуге;
2.3.5. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
Бөлім міндетті:
2.4.1. Құзіретіне кіретін сұрақтарды шешуде қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңдылықтарының талаптарын сақтауға;
2.4.2. Өз құзіреті шегінде жетекшілік ететін саласы бойынша мемлекеттік мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар жиналыстарында Басқарманың мүддесін қорғауға;
2.4.3. Бөлімге келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін нақтылы, жан-жақты және уақытылы қарауға;
2.4.4. Басқарма қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет туралы заң нормаларының тиісінше орындалуын бақылауға;
2.4.5. Құрылымдық бөлімшенің істер номенклатурасына сәйкес құжаттарды қалыптастыру мен сақтау бойынша іс қағаздар жүргізу нормаларының талаптарын сақтау және құжаттарды Басқарманың ведомстволық мұрағатына құжаттарды тапсыруға;
2.4.6.Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауға;
2.4.7.Бөлімнің құзіретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға.
3 - тарау. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру
3.1. Бөлім заң актілеріне, Қазақстан Республикасы Президенті актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сай өзінің негізгі тапсырмалары мен функцияларын жүзеге асыруда қажетті өкілеттілікке ие.
3.2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындалатын және босатылатын басшысы Бөлімді басқарады.
3.3. Бөлім басшысы Бөлім қызметінде жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге міндеттелген тапсырмалар мен өзінің функцияларының жүзеге асуына жауапкершілік алады.