Сауда және қызмет саласы бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

Сауда және баға мониторингі бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Сауда және қызмет саласы бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Маңғыстау обласының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  (бұдан әрі - Басқарма)  құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 2.Бөлім  өз қызметінде Қазақстан Республикасының  Конституциясын, заңдарын, Қазақстан  Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сонымен қатар, осы Ережені басшылыққа алады.

3.Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы бекітеді.

4.Бөлімнің құрылымдық бөлімшелері жоқ.

2 - тарау. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

2.1. Міндеттері:

2.1.) Маңғыстау облысының  сауда саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;

2.2.  Аймақтағы сауданы дамыту;

2.3. Әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру;

2.4. Базарларды  стационарлы  сауда объектілеріне жаңғырту;

  • Функциялары:

2.2.1. Облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуының бағдарламаларын, жоспарлары мен болжамдарын әзірлеуді ұйымдастыру, мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды орындау, ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің, облыс әкімінің, басқарманы жүргізуге қатысты Жарлықтары мен қаулыларын орындау, ҚР Президенті Әкімшілігінен, ҚР Премьер-Министрінің кеңсесінен, жоғары тұрған органдардан, облыс әкімдігінен өз құзыреттілігі шегінде жетекшілік ететін мәселелер бойынша кіріс құжаттарын Басқарма қызметкерлерінің уақытылы және сапалы орындауын бақылау;              

2.2.2.   Маңғыстау облысындағы сауда объектілерінің санының ұлғайуына ықпал ету;

2.2.3. Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына баға мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;  

2.2.4.  Сауда нысандарының құрылысына тоқсан сайынғы мониторинг жүргізуді жүзеге асырады;

2.2.5.  Маңғыстау облысының сауда нысандарының қызметтерін реттеуді және мониторинглеуді жүзеге асырады;

2.2.6. Сауда мәселелеріне қатысты қолданыстағы және шығаруға жоспарланған нормативтік құқықтық актілерді түзету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныс әзірлейді;

2.2.7. Облысты әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларымен  қамтамасыз ету бойынша кеңестер өткізуді және оларға бағаның негізсіз өсуін болдырмау бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты БАҚ-на жайғастыруды ұйымдастырады;

2.2.8. Әлеуметтік - маңызды азық-түлік өнім тауараларына  бағаның  көтерілуіне жедел ден қою және азық-түлік қауіпсіздігі бойынша жұмыс тобының отырысын өткізу;

2.2.9. Облысьың өнімді тұтыну нарығына  азық – түлік  өнімдерінің негізгі түрлерінің тұрақты жеткізілуін қамтамасыз етеді;

2.2.10. Стационарлық емес  базарларды стационарлық сауда объектілеріне ауыстыру бойынша жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру;

2.2.11. Электронды сауданы дамытуға қатысты жұмыстарды ұйымдастыру;

2.2.12. Сауда және сауда кәсіпорынарына дейін, барлық меншік нысанындағы қоғамдық тамақтандыру орындары туралы нормативтік актілерді белгіленген тәртіпте түсіндіріп жеткізу;

2.2.13. ТЖ желілері бойынша Маңғыстау облысының тамақтандыру және сауда қызметі іс-шараларын ұйымдастыру бойынша жұмысты жүргізу;

2.2.14. Азық - түлік тауарларын өткізушілердің (жәрмеңкелер өткізу, сауда нысандарының санын көбейту) бәсекелестік ортасын кеңейту бойынша жұмысты жүзеге асырады;

2.2.15. Бөлімге жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

  • Құқықтары мен міндеттері:

Бөлім құқылы:

2.3.1. Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардан, заңды тұлғалардан, меншік нысандарына қарамастан қажетті құжаттарға, сонымен қатар құрылымдық бөлімшенің алдына қойылған тапсырмаларын орындауға байланысты сұрақтар бойынша ақпараттарды  сұрауға және алуға;

2.3.2. Өзінің құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша шешім қабылдау және олардың жүзеге асырылуын бақылауға;

2.3.3. Сыртқы ұйымдармен қарым-қатынас сақтауға;

2.3.4. Басқарманың жұмысын жетілдіру бойынша  ұсыныс енгізуге;

2.3.5. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

            Бөлім міндетті:

2.4.1. Құзіретіне кіретін сұрақтарды шешуде қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңдылықтарының талаптарын сақтауға;

2.4.2. Өз құзіреті шегінде жетекшілік ететін саласы бойынша мемлекеттік мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар жиналыстарында Басқарманың мүддесін қорғауға;

2.4.3.  Бөлімге келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін нақтылы, жан-жақты және уақытылы қарауға;

2.4.4. Басқарма қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет туралы заң нормаларының тиісінше орындалуын бақылауға;

2.4.5. Құрылымдық бөлімшенің істер номенклатурасына сәйкес құжаттарды қалыптастыру мен сақтау бойынша іс қағаздар жүргізу нормаларының талаптарын сақтау және құжаттарды Басқарманың ведомстволық мұрағатына құжаттарды тапсыруға;

2.4.6. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауға; 

2.4.7.Бөлімнің құзіретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға.

3 - тарау. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру

3.1. Бөлім заң актілеріне, Қазақстан Республикасы Президенті актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сай өзінің негізгі тапсырмалары мен функцияларын жүзеге асыруда қажетті өкілеттілікке ие.

3.2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындалатын және босатылатын басшысы Бөлімді басқарады.

3.3. Бөлім басшысы Бөлім қызметінде жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге міндеттелген тапсырмалар мен өзінің функцияларының жүзеге асуына жауапкершілік алады.

Дата публикации
11 апреля 2020