Жоспарлау және мемлекеттік қызметтер бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

  Жоспарлау және мемлекеттік қызметтер бөлімі туралы

 ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

1.1. Жоспарлау және мемлекеттік қызметтер бөлімі (бұдан әрі - Бөлім)  «Маңғыстау обласының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  (бұдан әрі - Басқарма)  құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 1.2.Бөлім  өз қызметінде Қазақстан Республикасының  Конституциясын, заңдарын, Қазақстан  Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сонымен қатар, осы Ережені басшылыққа алады.

1.3.Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы бекітеді.

1.4.Бөлімнің құрылымдық бөлімшелері жоқ.

2 - тарау. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

2.1. Міндеттері:

2.1.1.  Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауды жүзеге асыру;

2.1.2. Кәсіпкерлік саласында өз құзыреті шегінде бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру.

 2.2. Функциялары:

2.2.1. Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын жүзеге асырады;

2.2.2. Басқарманың қарауына жататын бөлігінде ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің, облыс әкімінің жарлықтары мен қаулыларын, келешекте облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуының бағдарламаларын, жоспарларын және болжамдарын әзірлеуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;

2.2.3. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша жоғары тұрған органдар құжаттарының, облыс әкімінің, оның орынбасарларының және облыс әкімі аппараты басшысының тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

2.2.4. Кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық және қаржылық емес қолдауды алуда әдістемелік және консультациялық көмек көрсету.

2.2.5.Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтардың өтініштерін қарайды;

2.2.6. Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдармен, даму институттарымен, облыстық және аумақтық ұйымдармен, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

2.2.7. Шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайына талдау және жетекшілік ететін мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау бойынша жұмысты жүзеге асырады;

2.2.8. 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша жұмысты жүргізеді;

2.2.9.  Бөлімге жүктелген функционалдық міндеттерді уақытылы және сапалы орындалуын қадағалайды;

2.2.10. Жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;

2.2.11.  Өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі көрсеткіштерінің ай сайынғы мониторингін жүзеге асырады;

2.2.12. ШОК субъектілерінің мүдделерін қозғайтын барлық нормативтік құқықтық актілердің өңірде іске асырылуын қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады;

2.2.13. Кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің құзыреті шегінде облыс әкімінің қатысуымен өтетін кеңестерге және басқа да іс-шараларға ақпараттық, талдамалық және презентациялық материалдар, сондай-ақ сөз сөйлеулердің, баяндамалардың мәтіндерін дайындайды;

2.2.14.  Маңғыстау облысы әкімінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің жұмысын ұйымдастырады:

- жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын дайындайды және ұсынады;        

- Сараптамалық кеңестің отырысы үшін жобалар бойынша материалдар дайындауды жүзеге асырады;

- Сараптамалық кеңес отырысының қорытындысы бойынша хаттаманы дайындау және қол қоюды қамтамасыз етеді;

2.2.15.  Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу бойынша жұмыс жүргізеді;

2.2.16. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңсесінен, жоғары тұрған мемлекеттік органдарынан, облыстық және қалалық әкімдіктерден бақыланатын мәселелер бойынша алынған хаттардың уақтылы және сапалы орындалуы және бақылау   хаттарының карточкасын толтырады;

2.2.17. Шағын және орта кәсіпкерліктің жетістіктері мен дамуын насихаттауға бағытталған көрмелер, жәрмеңкелер және форумдар ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады;   

2.2.18. Басқарманы цифрландыру жөнiнде тиiстi шараларды орындау;;

2.2.19. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды орындау.

  • Құқықтары мен міндеттері:

2.3.Бөлім құқылы:

2.3.1. Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардан, заңды тұлғалардан, меншік нысандарына қарамастан қажетті құжаттарға, сонымен қатар құрылымдық бөлімшенің алдына қойылған тапсырмаларын орындауға байланысты сұрақтар бойынша ақпараттарды  сұрауға және алуға;

2.3.2. Өзінің құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша шешім қабылдау және олардың жүзеге асырылуын бақылауға;

2.3.3. Сыртқы ұйымдармен қарым-қатынас сақтауға;

2.3.4. Басқарманың жұмысын жетілдіру бойынша  ұсыныс енгізуге;

2.3.5. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

2.4.Бөлім міндетті:

2.4.1. Құзіретіне кіретін сұрақтарды шешуде қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңдылықтарының талаптарын сақтауға;

2.4.2. Өз құзіреті шегінде жетекшілік ететін саласы бойынша мемлекеттік мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар жиналыстарында Басқарманың мүддесін қорғауға;

2.4.3.  Бөлімге келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін нақтылы, жан-жақты және уақытылы қарауға;

2.4.4. Басқарма қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет туралы заң нормаларының тиісінше орындалуын бақылауға;

2.4.5. Құрылымдық бөлімшенің істер номенклатурасына сәйкес құжаттарды қалыптастыру мен сақтау бойынша іс қағаздар жүргізу нормаларының талаптарын сақтау және құжаттарды Басқарманың ведомстволық мұрағатына құжаттарды тапсыруға;

2.4.6.Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауға; 

2.4.7.Бөлімнің құзіретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға.

3 - тарау. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру

3.1. Бөлім заң актілеріне, Қазақстан Республикасы Президенті актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сай өзінің негізгі тапсырмалары мен функцияларын жүзеге асыруда қажетті өкілеттілікке ие.

3.2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындалатын және босатылатын басшысы Бөлімді басқарады.

3.3. Бөлім басшысы Бөлім қызметінде жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге міндеттелген тапсырмалар мен өзінің функцияларының жүзеге асуына жауапкершілік алады.

 

Дата публикации
11 апреля 2020