МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ САУДА БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ 2019 ЖЫЛДЫҢ 12 АЙДЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ

   Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында және регламентінде белгіленген.

   Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының мемлекеттік қызметтер көрсету қызметі тегін негізде көрсетіледі.

   Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына (2014 жылғы 19 сәуірдегі № 28 бұйрығы болып тіркелген) сәйкес, басқармамен 2 қызмет түрі көрсетіледі:

  1. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру;
  2. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету.

2019 жылдың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың нәтижелеріне сәйкес:

Барлық көрсетілген қызмет саны – 14, оның ішінде:

Қағаз жүзінде көрсетілген қызмет саны – 14.

«Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген қызмет саны – 0.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызмет саны – 0.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны – 43.

Мемлекеттік органның кінәсінен белгіленген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0, шағымдар жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны – 0.

Тиісті қолданылған тәртіптік жазалардың саны – 0, оның ішінде ескертулер, сөгістер және қатаң сөгістер болған жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мәселелері бойынша өткізілген семинар-кеңестердің, дөңгелек үстелдердің саны – 8.

2018 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтің саны 0, ал 2019 жылы 14 бірлікті құрады.

 

Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда

басқармасы басшысының  міндетін атқарушы                                                                     М. Көбеген

Кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы                                                                              А. Сламғазиева

Орындаушы                                                                                                                                  Ш. Жолжанова

 

Дата публикации
06 апреля 2020