Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» қаулысына сәйкес, басқармамен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2 түрі көрсетіледі, атап айтқанда:
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың 2021 жылдың қорытындысы бойынша есебі нәтижелеріне сәйкес:
Барлық көрсетілген қызметтер саны – 94 құрады, оның ішінде:
қағаз жүзінде көрсетілген қызметтер саны – 2,
«Qoldau.kz» веб-порталы арқылы көрсетілген қызметтің саны – 92.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтің саны – 0.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуден дәлелді бас тартулар саны – 83 құрады.
Мемлекеттік органның кінәсінен белгіленген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік көрсетілген қызметтердің саны – 0, арыз-шағымдар болмаған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны – 0.
Тиісті қолданылған тәртіптік жазалардың саны – 0 құрады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мәселелері бойынша өткізілген түсіндіру іс-шараларының саны – 26 құрады (Басқарманың ресми интернет ресурсында (https://beta.egov.kz/memleket/entities/mangystau-upp/press/news/1?lang=kk) және Instagram (mangystau.business), facebook әлеуметтік желілерінде, газеттерде (Огни Мангистау, Маңғыстау) жарияланды).
Маңғыстау облысының
кәсіпкерлік және сауда
басқармасының басшысы Ж. Тоқбаева
Орындаушы Г. Ордабаева
«10» қаңтар 2022 ж.