Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 213 «Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы  № 213 «Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде  № 4002 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында:

32 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«32. Комиссия қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын мынадай талаптарға (критерийлерге) сәйкес айқындайды:

тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте азық-түлік тауарларын тиісінше сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу және өзге де операцияларды орындауға арналған және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тежеуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сауда-логистикалық инфрақұрылымы және/немесе қойма құрылыстары немесе арнайы жабдығы бар басқа да үй-жайлары, материалдық-техникалық базасының болуы.

 тізбесі Үкіметтің қаулысымен бекітілген және меншігінде не жалға алу сауда объектісі (объектілері) бар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының толық жиынтығының бөлшек саудасын жүзеге асыратын;

облыс аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруді жүзеге асыратын»;

33 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«33. Комиссия қарыз беру туралы мәселені қарау үшін кәсіпкерлік субъектісі мынадай ақпаратты енгізеді:

1) қарыз сомасы көрсетілген, сондай-ақ шығындар бойынша қажетті есептер көрсетілген өтінім, қарызды қайтару мерзімдері көрсетілген сатып алынатын және (немесе) өндірілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі;

2) кредиторлық және дебиторлық берешекті, негізгі құралдардың тізбесін ашып көрсету арқылы өткен қаржы жылының қаржылық есебі;».

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б. Т. Орынбасаровқа жүктелсін.  

        Маңғыстау облысының әкімі                                                                                              Н. Ноғаев

 

 

 


 

Дата публикации
18 ноября 2021