Маңғыстау облысы әкімдігінің
2025 жылғы "19" ақпандағы
№ 57 қаулысына 11 қосымша
"Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
- "Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Маңғыстау облысының аумағында кәсіпкерлік қызметі және сауда салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- Басқарманың ведомстволары жоқ.
- Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
- Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
- Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
- Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, № 1 ғимарат, пошталық индексі 130001.
- Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
- Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12.Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
- Мақсаттары:
1)жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайларды құру;
2)мемлекеттік сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз ету;
3)Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де мақсаттарды жүзеге асыру.
- Өкілеттіктері:
1)құқықтары:
өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті актілерді қабылдау;
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
өз құзыреті шегінде комиссияларды құру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап арыздар беру;
өз өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін беру;
заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2)міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерін қабылдау және қарау;
Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыс әкімінің тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
Басқарманы цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау;
Басқарманың құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы іс-шараларын ұйымдастыру, жоспарлау және орындалуын қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыру;
ҚР "Азаматтық қорғау туралы" Заңында көзделген талаптардың орындалуын қамтамасыз ету;
Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру.
- Функциялары:
1)сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi;
2)өз құзыретi шегiнде ішкі сауда субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады;
3)тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
4)халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлейді;
5)халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөнінде шаралар әзірлейді және іске асырады;
6)көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;
7)әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін мөлшерін бекіту туралы облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
8)әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
9)өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газы айналымына бақылауды жүзеге асырады;
10)өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемдерін бөлуді уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады;
11)сұйытылған мұнай газының көлемдерін бөлу жөніндегі комиссияларды құру бойынша шаралар қабылдайды;
12)сұйытылған мұнай газының көлемдерін бөлу жөніндегі комиссия туралы ережелерді әзірлейді және облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады;
13)облыстың алдағы тоқсанға сұйытылған мұнай газына деген қажеттілігін айларға бөле отырып, уәкілетті органға тоқсан сайын береді;
14)уәкілетті органға облыстың аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын ұсынады;
15)уәкілетті органға облыстың аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді ұсынады;
16)облыс әкімдігіне тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекітуге ұсынады;
17)Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсат беру рәсімдерін, хабарламалар қабылдауды;
18)реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізуді;
19)кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға реттеушілік әсерді талдау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы есептер ұсынуды;
20)Бірыңғай есеп беру күнін ұйымдастыру мен өткізу;
21)жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асырады;
22)жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасайды;
23)кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсіпкерлікті дамыту инфрақұрылымына талдау жүргізеді;
24)өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және соған жауапты болады;
25)өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiк пен инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымы объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;
26)жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;
27)сараптама кеңестерінiң қызметiн ұйымдастырады;
28)жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
29)шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
30)электрондық сауданы дамыту бойынша шараларды жүзеге асырады;
31)шекарааралық сауданы дамыту;
32)ішкі сауда желілерін дамыту;
33)шығарылатын өнiм түрлерi бойынша өңiрлiк көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;
34)агроөнеркәсiптiк кешен өнiмiнің саудасы бойынша көтерме базарлар ұйымдастыру;
35)азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің, бағалардың және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарының мониторингін жүргізу;
36)Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функциялар.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
- Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
- Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
- Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
- Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарманың қызметін ұйымдастырады және басқарады;
2) Басқармаға жүктелген міндеттер мен қызметтердің, облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы мекемелердің басшылары мен орынбасарларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
4) ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз ету;
5) Басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
6)барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
7)келісімшарттар жасасады;
8)сенімхаттар береді;
9)банктік шоттар ашады;
10)өз уәкілеттігі шегінде Басқарманың барлық қызметкерлеріне, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы мекемелердің бірінші басшыларына орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
11)Басқарманың қызметкерлеріне, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы мекемелердің басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
12)сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты болады;
13)бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты болады;
14)Басқарманың қаржылық-шаруашылық қызметіне және оған берілген мүліктің сақталуына дербес жауапты болады;
15)Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және облыс әкімдігімен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады;
- Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған заңнамаға сәйкес айқындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
- Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
- Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
- Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
- Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы
№ 57 «Мемлекеттік мекемелер туралы ережелерді бекіту жөніндегі кейбір мәселелер туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 57 «Мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы» қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 11-қосымшасы «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесінің 15-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«15. Функциялар:
Стратегиялық:
- сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді;
- тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде сауда қызметіне қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шараларды әзірлейді;
- халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөніндегі шараларды әзірлейді және іске асырады;
- жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруды жүзеге асырады;
- жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасайды;
- кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсіпкерлікті дамыту инфрақұрылымына талдау жүргізеді;
- өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын және орындалуына қамтамасыз етеді және жауапты болады;
- өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құруды және дамытуды қамтамасыз етеді;
- жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынасын дамыту стратегиясын айқындайды;
- электрондық сауданы дамыту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
- шекара маңындағы сауданы дамыту;
- отандық сауда желілерін дамыту.
- экспортқа шығарылған қазақстандық тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жылжыту кезінде сервистік-ақпараттық қолдау (брендтер);
- өңірдің өнеркәсіптік саясатын қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
- өнеркәсіптік өндіріс салаларындағы экономиканың жай-күйі туралы жылдық және тоқсан сайынғы баяндамаларды, ай сайынғы мониторингті дайындауға қатысу;
- Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды, тау-кен өнеркәсібі мен өңдеуші өнеркәсіптің мұнай-газ секторын дамыту бөлігінде Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады
Реттеуші:
- өз құзыреті шегінде ішкі сауда субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асырады;
- облыс әкімдігіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы ұсыныстар енгізу;
- өз құзыреті шегінде сұйытылған мұнай газының, жанар-жағармай материалдарының айналымына бақылауды жүзеге асырады;
- уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен сұйытылған мұнай газының, жанар-жағармай материалдарының көлемін бөлуді жүзеге асырады;
- сұйытылған мұнай газының, жанар-жағармай материалдарының көлемін бөлу жөніндегі комиссияны құру жөнінде шаралар қабылдайды;
- көлемдерді бөлу жөніндегі комиссия туралы ережелерді әзірлейді және облыс әкімдігіне бекітуге енгізеді;
- тауарлық және сұйытылған мұнай газын, жанар-жағармай материалын тұтыну нормаларын облыс әкімдігіне бекітуге енгізеді;
- рұқсат беру рәсімдері, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес хабарламаларды қабылдау;
- реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізу
- Өнеркәсіптік саясат туралы «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заңға сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету;
- ұйымдардың сатып алуларындағы елішілік құндылық бойынша ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асыру және оны уәкілетті органға ұсыну;
- өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру туралы ақпаратты уәкілетті органға ұсыну;
- облыс аумағында стационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау, орнату, пайдалану және бөлшектеу тәртібін белгілейтін қағидаларды әзірлейді және облыс әкімдігінің бекітуіне енгізеді;
Іске асыру:
- көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;
- стационарлық сауда объектілерін дамыту үшін іс-шаралар кешенін әзірлейді және іске асырады;
- сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастырады;
- жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
- мамандарды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
- шығарылатын өнімнің ассортименті бойынша өңірлік көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;
- агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің саудасы бойынша көтерме сауда базарларын ұйымдастыру;
- Есептің бірыңғай күнін ұйымдастыру және өткізу;
- ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, бизнес-көшіп келушілерге уақытша тұруға арналған рұқсаттардың қолданылу мерзімін ұзартуға немесе қысқартуға өтініш береді;
- өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық көмек көрсету;
- өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру бойынша үйлестіруді жүзеге асыру;
- өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша іс-шараларды (форумдар, көрмелер, семинарлар) ұйымдастыру;
- әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
- бірыңғай платформада орналастырылатын ақпараттық деректердің толықтығын, өзектілігін және уақтылы жаңартылуын қамтамасыз етеді;
- ашық деректер интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде деректерді орналастырады;
- кәсіпкерлік пен сауда саласындағы мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтерді көрсету тәртібі туралы қызмет алушылардың қолжетімді түрде хабардар етілуін қамтамасыз етеді;
- заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру мемлекеттік қызметті көрсетеді.
Бақылау:
- тоқсан сайын облыстың сұйытылған мұнай газына, жанар-жағармай материалдарына қажеттілігін ұсынады;
- сұйытылған мұнай газын, жанар-жағармай материалын тұтыну болжамын ұсынады;
- сұйытылған мұнай газын, жанар-жағармай материалын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді ұсынады;
- тізілімді жүргізеді және интернет-ресурста жариялайды;
- азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне, бағаларға және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарына мониторинг жүргізу;
- реттеушілік әсерді талдау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы есептерді уәкілетті органға ұсыну;
- өңдеуші өнеркәсіптің экономикалық көрсеткіштерін талдау, бағалау және болжау;
- тау-кен өндіру өнеркәсібі мен өңдеу өнеркәсібінің мұнай-газ секторының ірі және орта кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметін талдау;
- өңірдің мұнай және газ өндіру жөніндегі деректерін қалыптастыру және талдау;
- жетекшілік ететін өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша деректер базасын қалыптастыру және үнемі жаңарту;
- телерадиохабар тарату саласында лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында өз спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадиохабар тарату операторларының қызметтеріне шартты қолжетімділік карталарын және теле-, радиосигналдарды жеке қабылдауға арналған жабдықтарды таратуға тыйым салу талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау жүзеге асырады.».
- «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
- осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
- осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай