1.Басқармада АДГСПК төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 бұйрығына сәйкес жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу – Басқармада 2020 жылға АДГСПК төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2020 жылдың 11 желтоқсанында (қосымша жалғанды) жүргізілді.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша Жоспардың іс-шараларының орындау барысы туралы есепті Басқарманың сайтына жайғастыру - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша Жоспардың іс-шараларының орындау барысы туралы басқарма сайтына жайғастырылып отырады.
3. Бюджеттік қаражаттың жұмсалуы туралы ақпаратты облыс әкімінің ресми сайтына жариялануын қамтамасыз ету – 2020 жылда атқарылған бюджеттік қаражаттың жұмсалуы туралы ақпарат «Ашық бюджет», «Ашық деректер», «Publicbudjet.kz» ашық бюджеттердің интерактивті картасы, «Электрондық кітапхана» ресми сайттарына және басқарманың ресми сайтына жарияланып отырды.
4. Жемқорлықты ескерту және алдын алу» тақырыбында жаңа тәсілдерді және тренингтік оқыту нысандарын пайдалана отырып, дөңгелек үстел өткізу – Басқарма қызметкерлері арасында жемқорлық тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, жемқорлықтың алдын алу жөнінде бірнеше мәселелер талқыланды. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен жолданған шешімдер аппараттық кеңестерде талқыланды.
5. СЖҚАД(СЖҚ) ұйымдастырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырған мәселелер бойынша «тікелей желі» интернет-конференцияларына басқарма өкілдерінің қатысуы - СЖҚАД(СЖҚ) ұйымдастырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырған мәселелер бойынша «тікелей желі» интернет-конференцияларына басқарма өкілдері үнемі қатысып отырады. Сонымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды талқылау жөнінде Маңғыстау облысының әкімі аппаратымен ұйымдастырылған жиналыстарға қатысып жүрді.
6. Басқарма қызметі туралы интернет ресурстарға телекоммуникация желілеріне ақпараттар орналастыру бойынша жұмысты жүргізу – 2020 жылы басқарма қызметі туралы басқарманың ресми интернет ресурсына және әлеуметтік желілеріне (фейсбук, инстаграмм) үнемі жарияланып отырды.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматқа көшіру бойынша жұмысты жандандыру - «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 28 бұйрығына сәйкес, басқармамен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2 түрі көрсетіледі, атап айтқанда:
1) «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру;
2) «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету.
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2020 жылдың 6 тамыздағы 6-16/2351-И хатына сәйкес, 1 (бір) АЕК мөлшерінде қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шартқа отырып, қызметкерлерге қол жетімділік берілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 491 қаулысына "Бизнестің жол картасы-2025"бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидаларына енгізілген толықтыруларды ескере отырып, 2020 жылғы 15-29 қыркүйек аралығында өтінімдерді іріктеу бойынша конкурс жарияланды.
Бұдан әрі, Басқармамен конкурстық комиссияның отырыстарын 6 және 13 қазанда ұйымдастырылып, отырыстардың хаттамалары 21.10.2020 ж. рәсімделді.
Сонымен қатар, Қағидаларға сәйкес Конкурстық комиссияның хаттамасы бекітілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі , «Даму» қоры және кәсіпкерлер арасында шарттарға 2020 жылы 3 қарашасына дейін қол қоюға тиіс болды.
Алайда, қолдау шараларын автоматтандыру бойынша Qoldau.kz порталдың техникалық ақауларына байланысты атап айтқанда, электрондық шарт жасасу бөлігінде біз қағаз жүзінде шарт жасасуға мәжбүр болдық, бұл мемлекеттік қызмет көрсетудің бұзылуына әкеп соқты. Электрондық өтінімдер түскен жағдайда ғана электрондық шарттарды веб-портал арқылы жасауға болады деп түсіндірілді.
Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу және бюджет қаражатының уақтылы игерілуін қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік гранттар беру жөніндегі шарттарға қағаз түрінде қол қойылды.
Аталған бұзышылықтар бойынша Ұлттық экономика министрлігіне 09.11.2020ж №15-02.3879 және 17.11.2020 ж. №15-02.4006 шығыс хаттар жолданды.
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету- Qoldau.kz веб-порталы «Инфрақұрылымды дамытуға қолдау көрсету» парағы толықтай жасақталмады. Атап айтқанда, «Статистика"бөлімінде «осы беттің әзірленуде» екені көрсетілген; бейне нұсқаулықтар бөлімінде басқа мемлекеттік қызметтің бейне нұсқаулықтары жүктелген.
Аталған мәселе бойынша "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ-на №02-10-1363 14.12.2020 ж. шығыс хат жолданды.
8. ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы базасында арнайы курстардан сыйбайлас жемқорлыққа жауапты Басқарма қызметкерлерін оқыту – 2020 жылы Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасында мемлекеттік қызметке алғаш келген 2 қызметкер оқыту жоспарланған болатын. Алайда 1 мемлекеттік қызметкер өз еркімен жұмыстан шығуына байланысты оқытылмады. 1 мемлекеттік қызметкер ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Маңғыстау облысындағы өңірлік филиалынан онлайн оқудан өтті.