Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 213 «Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» және «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы        № 213 «Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4002 болып тіркелген) келесід өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында:

16 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«16. Мамандандырылған ұйыммен жүзеге асырылатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстеме Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 19 бабының      1 тармағына сәйкес Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Маңғыстау облысының статистика департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесімен қалыптастыратын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының ресми нарықтық мәндерінен  10 немесе одан да көп пайызға төмен бағаларды ұстап қалуын ескере отырып қалыптастырылады.»;

  1. «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ж.Ж. Тоқбаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б. Т. Орынбасаровқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы   Аты-жөні
   

 

 

 

Дата публикации
19 мая 2021