МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ САУДА БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ 2021 ЖЫЛДЫҢ 1 ТОҚСАНЫНЫҢ ЕСЕБІ

«Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 28 бұйрығына сәйкес, басқармамен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2 түрі көрсетіледі, атап айтқанда:

  1. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру;
  2. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың 2021 жылғы 1 тоқсан есебі нәтижелеріне сәйкес:

 Барлық көрсетілген қызметтер саны – 1 құрады, оның ішінде:

қағаз жүзінде көрсетілген қызметтер саны – 1,

«Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген қызметтің саны – 0.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтің саны – 0.

Мемлекеттік қызметтер көрсетуден дәлелді бас тартулар саны – 0 құрады.

Мемлекеттік органның кінәсінен белгіленген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік көрсетілген қызметтердің саны – 0, арыз-шағымдар болмаған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны – 0.

Тиісті қолданылған тәртіптік жазалардың саны – 0 құрады.  

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мәселелері бойынша өткізілген түсіндіру іс-шараларының саны – 11  құрады.

 Маңғыстау облысының

кәсіпкерлік және сауда

басқарма басшысының орынбасары                   М.Көбеген                                            Орындаушы                                                               А. Габбасова

«1» сәуір  2021 ж.

 

Дата публикации
27 апреля 2021