| 1 | Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган | «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
| 2 | Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі | Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы |
| 3 | Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі) | Қаржылық шығындарды талап етпейді |
| 4 | Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар | Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды |
| 5 | Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі | Осы қаулыны қабылдауөңірдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды реттеуге ықпал ететін болады |
| 6 | Жобада қаралатын мәселелер бойынша Маңғыстау облысы әкімдігінің актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер | Жоқ |
| 7 | Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы |
Талап етілмейді |
| 8 | Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (ол бар болса) | Өткізілмеген |
| 9 | Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі | Талап етілмейді |
| 10 | Басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргiзiлген жағдайда, оның нәтижелері | Өткізілмеген |
| 11 | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32/22П бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі | Рұқсат етіледі |
| 12 | Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны | Жарияланды 17.03.2021 жылы |
| 13. | Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады | Талап етілмейді |
| 14. | Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат | Талап етілмейді |
«Маңғыстау облысының
кәсіпкерлік және сауда
басқармасы» мемлекеттік
мекемесі басшысы Ж. Тоқбаева