План государственных закупок на 2021 год/2021 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары

Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді

2021 жылға арналған  мемлекеттік

сатып алудың жылдық жоспарын

бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5 бабы 2 тармағы 6 тармақшасы және 6 тармағы және Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 1 желтоқсандағы №648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын негізге ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы мемлекеттік сатып алу жылдық жоспары бекітілсін.

2. Сауда және баға мониторингі бөлімінің бас маманы – Ордабаева Гакку Койшибаевна заңнамамен белгіленген мерзімде 2021 жылға арналған тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырсын.

3. Осы бұйрықтың орындалысын бақылау басқарма басшысының орынбасары – М.І.Көбегенге жүктелсін.

Басқарма басшысы                                         В.Мұстапаева

 

 

Дата публикации
29 января 2021