МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ САУДА БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ 2020 ЖЫЛДЫҢ 12 АЙДЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ
«Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 28 бұйрығына сәйкес, басқармамен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2 түрі көрсетіледі, атап айтқанда:
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру;
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың 2020 жылғы 12 айдың жылдық есебі нәтижелеріне сәйкес:
Барлық көрсетілген қызметтер саны – 11 құрады, оның ішінде:
қағаз жүзінде көрсетілген қызметтер саны – 11,
«Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген қызметтің саны – 0.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтің саны – 0.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуден дәлелді бас тартулар саны – 45 құрады.
Мемлекеттік органның кінәсінен белгіленген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік көрсетілген қызметтердің саны – 0, арыз-шағымдар болмаған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны – 0.
Тиісті қолданылған тәртіптік жазалардың саны – 0 құрады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мәселелері бойынша өткізілген түсіндіру іс-шараларының саны – 10 құрады.
2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 11 құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,4%-ға төмен, яғни 2019 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны - 14 құрады.
2019 жылы «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген, «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 12 тармағы 1 тармақшасына сәйкес «Бір шағын кәсіпкерлік субъектісі үшін ең көп мемлекеттік грант сомасы 1) жаңа бизнес-идеяларды экономиканың басым секторларында, моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде өңдеуші өнеркәсіп салаларында іске асыру үшін 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды;» 1 шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін грант қаражаты 3 млн.теңгеден аспайды. Осы себепті мемлекеттік грантқа республикалық бюджеттен 21 млн. теңге бөлініп, 9 жоба гранттық қолдау алды.
Аталған заңнаманың 2019 жылы күші жойылып, «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 13 тармағына сәйкес, «Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы 2 (екі) млн. теңгеден 5 (бес) млн. теңгеге дейін құрайды» 2020 жылы мемлекеттік грантқа республикалық бюджеттен бөлінген 21 млн. теңге сомасына 6 жоба гранттық қолдау алды.
Ескерту:
Мемлекеттік грант шағын кәсіпкерлік субъектісінің жоба құнының мөлшеріне қарай берілді.
Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда
басқарма басшысының орынбасары М.Көбеген
Кәсіпкерлікті дамыту
бөлімінің басшысының м.а Г. Ордабаева
Орындаушы А. Габбасова
«5» қантар 2021 ж.