Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысы
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған:
1) "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;
2) "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;
3) "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары;
4) "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру қағидалары;
5) "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары;
6) "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидалары бекітілсін.
- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
- Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының |
А. Мамин |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
||
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру қағидалары (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленген және кәсіпкерлердің кредиттері бойынша міндеттемелердің орындалуын ішінара қамтамасыз ету ретінде кепілдіктер беру тетігі мен шарттарын айқындайды.
- Кепілдік беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама)/"Қолжетімді кредит беру міндеттерін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларды кредиттеу тетігі (бұдан әрі – Тетік) шеңберінде кәсіпкерлердің кредиттері бойынша жүзеге асырылады.
- Кепілдік беру кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсету құралы болып табылады және кредит ресурстарына қолжетімділікті кеңейту мен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
- Кепілдік беру үшін көзделген қаражат:
Бағдарлама бойынша – облыс (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімі қаржы агентіне олардың арасында жасалатын Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде жергілікті бюджет есебінен аударады. Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Агроөнеркәсіптік кешенде өңдеу өнеркәсібінде, қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша және Басым жобаларды кредиттеу тетігі шеңберінде қызметтер ұсыну бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін қаражат аударуға арналған шарттың (бұдан әрі – шарт) негізінде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат Бағдарлама шеңберінде кепілдік беру құралына бағытталуы мүмкін. Қаржы агенттігі алынған қаражатты бөлуді өңірлердің қажеттілігіне қарай дербес жүзеге асырады. Кепілдік беру құралына арналған шарт бойынша бөлінген және қаржы агенттігі ағымдағы қаржы жылы пайдаланбаған қаражат кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға қайтарылады
Тетік шеңберінде кепілдік жағдайы (кепілдік бойынша төлем) туындағанда кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жылына 2 (екі) реттен сиретпей қаржы агенттігіне қаржы агенттігі мен уәкілетті орган арасында жасалған Тетік шеңберінде кепілдік беру үшін қаражат аудару туралы келісімнің негізінде республикалық бюджеттен жобалар бойынша қаржы агенттігі орындаған талаптардың 100 %-ы мөлшерінде төлем жүргізеді.
2-тарау. Терминдер мен анықтамалар
- Осы Кепілдік беру қағидаларында мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау мен жинау бойынша кәсіпкерлерге консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын облыс әкімі айқындайтын қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;
2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау мен жинау бойынша кәсіпкерлерге консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын облыс (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
3) банк – екінші деңгейдегі банк, оның ішінде Бағдарламаға қатысатын даму банкі/Тетікке қатысатын екінші деңгейдегі банк;
4) банктік кредит (бұдан әрі – кредит) – банктің кәсіпкерге мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану шарттарында беретін ақша сомасы. Кредиттік желі де банктік кредитке жатады.
Ислам банкі үшін кредит, ислам банкі қаржыландыру шартына сәйкес кәсіпкерге ұсынатын қаржыландыру – тауар үшін төлемді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу ретінде түсініледі;
5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлеу бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – БЖЗҚ);
6) жоба – кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, кәсіпкер бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын бизнестің түрлі бағыттарындағы іс-қимылдар мен іс-шаралар жиынтығы (бір жоба шеңберінде бірнеше банктік кредиттер алынуы мүмкін);
7) кәсіпкер – өзінің қызметін Кодекске сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, сондай-ақ Тетікте көрсетілген жеке кәсіпкерлік субъектісі;
8) кепілдік – кәсіпкердің кепілдік беру сомасының шегінде кепілдік беру шартынан туындайтын, банктік қарыз шарты бойынша негізгі борыштың бір бөлігін төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындауы үшін қаржы агенттігінің банк алдындағы жауап беру міндеттемесі;
9) кепілдік шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, банк пен кәсіпкер арасында жасалатын кепілдіктер беру туралы үшжақты жазбаша келісім;
10) кепілдіктер беру – кепілдік беру шартынан туындайтын, кәсіпкердің кепілдік беру сомасының шегінде кредит шарты бойынша негізгі борыштың бір бөлігін төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындау үшін қаржы агенттігінің банк алдындағы жауап беру міндеттемесі;
11) кредит шарты – кәсіпкер мен банк арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді. Қайта қаржыландырылатын қарыз болған жағдайда кредиттік желі ашу туралы келісім/қосымша келісім де кредит шартына жатады.
Ислам банкі үшін кредит шарттары бойынша қаржыландыру шарты –шарттары бойынша ислам банкі тауарды сатып алушы немесе сатушы кәсіпкерге коммерциялық кредит беретін ислам банкі мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім ретінде түсініледі. Бас қаржыландыру келісімі де қаржыландыру шартына жатады, оның шеңберінде ислам банкі мен кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы жекелеген шарттар жасасады. Тауардың бағасы мен тауардың үстеме бағасынан қалыптасатын тауарды сату бағасы бойынша төлемді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу арқылы кәсіпкерге тауарды сату жолымен сауда делдалы ретінде кәсіпкердің сауда қызметін ислам банктерінің қаржыландыруы коммерциялық кредит деп түсініледі;
12) кешендi кәсiпкерлiк лицензия (бұдан әрі – франчайзинг) – айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсi осы кешендi басқа тұлғаға өтеулi негiзде пайдалануға беретiн кәсiпкерлiк қызмет;
13) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;
14) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеменшік әріптес арасындағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған сипаттарға сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;
15) мүліктік кешен – мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызметіне арналған ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, мүкәммалдарды, шикізатты, өнімді, жер учаскесіне арналған құқықты, талап ету құқығын, қарыздарын, сондай-ақ оның қызметін дербестендіретін белгілерге (фирмалық атау, тауар белгілері) құқықты және басқа да айрықша құқықтарды қоса алғанда, барлық мүлік түрлері кіреді;
16) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – кредиттік шартта көзделген жағдайларда не тараптардың келісімі бойынша банк біржақты тәртіппен өзгерте алатын кредит шартын жасасу сәтінде белгіленген кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
Ислам банкі үшін тауардың үстеме бағасы – тауар бағасынан түсетін пайыз (пайда) не тіркелген сома түрінде көрсетілуі мүмкін ислам банкінің коммерциялық кредит берумен байланысты кірісі номиналды сыйақы мөлшерлемесі деп түсініледі;
17) портфельдік кепілдік беру – қаржы агенттігі банк үшін белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге кепілдіктер беру нысаны;
18) тауар – коммерциялық кредит шарттарында одан әрі кәсіпкерге беру мақсатында ислам банкі тауар сатушыдан сатып алу-сату шарты бойынша сатып алатын, оған қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен ислам банктеріне сатып алу-сату мәмілелерін жасауға рұқсат етілген жылжитын немесе жылжымайтын мүлік;
19) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган.
3-тарау. Бағдарламаның "Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау" деген бірінші бағыты шеңберінде кепілдік беру шарттары
- Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде мыналар:
1) ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда және моноқалаларда салалық шектеулерсіз өздерінің жобаларын және тиімді жобаларды іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер;
2) салалық шектеусіз және кәсіпкердің тіркелген жерін есепке алмастан, барлық өңірлерде өздерінің жобаларын және тиімді жобаларды іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер кепілдік беруге қатыса алады.
Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтауды/ұлғайтуды немесе кірістерді (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өсіруді немесе еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайтуды немесе төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін ұлғайтуды көздейтін жобалар тиімді жобалар деп түсініледі.
100 % айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерге тиімділік өлшемшарттарына қол жеткізу туралы талаптар қолданылмайды.
Бұл ретте Бағдарламаның бірінші бағытының шарттарына сәйкес келген жағдайда:
1) кредит алуға өтініш жасаған күннің алдындағы соңғы есептік күн бойынша салықтарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешектері жоқ;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, БЖЗҚ, облыс, астана, республикалық маңызы бар қалалар әкімдігінің және қаржы агенттігінің қаражаты есебінен іске асырылатын бағдарламалар шеңберінде банктер арқылы мемлекеттік қаржылық қолдау алатын кәсіпкерлерге кепілдік беруге қатысуға жол беріледі.
- Бағдарлама шеңберінде:
1) ұйымдардың, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындардың үлестерін, акцияларын сатып алуға бағытталған;
2) даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары берген;
3) сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерді қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған кредиттер;
4) овердрафт түріндегі;
5) сомасы (өзінің қатысуын есепке алғанда) инвестициялық жобаны іске асыруға жеткіліксіз кредиттер кепілдік беруге жатпайды.
- Бағдарлама шеңберінде:
1) кәсіпкер бастамашылық жасаған кредит беру шарттарының өзгеруіне байланыстыларды;
2) кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатындарды қоспағанда, банктер кредитке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.
- Тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды, оның ішінде қайта қаржыландыруды іске асыру үшін банктер беретін кредиттер бойынша кепілдік беріледі.
- Франчайзингті сатып алу жөніндегі жобаларды және/немесе салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарттың шеңберінде берілетін кредиттер бойынша да кепілдік беріледі.
- Қаржы агенттігінің шешімімен кредит (-тер) бойынша қамтамасыз ету ретінде берілетін мүлік сақтандыруға жатуы мүмкін.
- Қаржы агенттігі кәсіпкерден үлестес және байланысқан заңды және жеке тұлғалардың кепілдігін ұсынуын талап ете алады.
- Қаржы агенттігі екіжақты негіздемелік келісім жасап және жобаның барынша жоғары сомасын белгілей отырып, Бағдарламаның шарттарына сәйкес портфельдік кепілдік беру әдісін қолдануға құқылы. Қаржы агенттігі банкті таңдауды өз бетінше жүзеге асырады.
- Кепілдік беру банк кәсіпкердің жобасы бойынша шешім қабылдаған күні 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын банктің және жылдық сыйақы мөлшерлемесі 13 %-дан аспайтын даму банкінің кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
- Ішінара кепілдік беру:
1) айналым қаражатының көлемі кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын, негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге бағытталған кредит;
2) қоса алғанда 100 % мөлшердегі 180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден (өтініш берушінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты емес кредиттерге немесе лизинг шарттарына және басқа мақсаттарға қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша жүргізілген есептерді қоспағанда) асырмай айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредит жағдайларында айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
- Ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін:
1) кепілдік беру жүзеге асырылып жатқан жоба шеңберіндегі кредит (-тер) сомасы банктің кредиттері бойынша 60 (алпыс) млн. теңгеден аспайды.
Бұл ретте кредит (-тер) сомасы кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың кредиті (-тері) бойынша берешек есепке алынбай есептеледі;
2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 85 %-ынан аспайды, бұл ретте кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 15 % мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліктілігін есептеген кезде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді);
3) ұсынылатын кепілдіктің мерзімі – кредит мерзімінен аспайды;
4) кредит валютасы – теңге.
- Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің 60 (алпыс) млн. теңгеден астам мөлшердегі кредиттеріне кепілдік беру осы Кепілдік беру қағидаларының 18-тармағында баяндалған шарттарда жүзеге асырылады.
- Кәсіпкер үшін:
1) кепілдік беру жүзеге асырылып жатқан жоба шеңберіндегі кредит (-тер) сомасы банктің кредиттері бойынша 180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден аспайды.
Бұл ретте кредит (-тер) сомасы кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың кредиті (-тері) бойынша берешектер есепке алынбай есептеледі;
2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 % аспайды, бұл ретте кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 50 % мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліктілігін есептегенде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталында қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді);
3) ұсынылатын кепілдіктің мерзімі – кредит мерзімінен аспайды;
4) кредит валютасы – теңге.
- Кепілдік шарты жасалатын кредит дербес кредиттік шарт түрінде ресімделеді.
- Қаржы агенттігіне облыс (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімдігі төлейтін кепілдік құны кепілдік сомасының 20 % құрайды. Кепілдік шартының қолданысы тоқтатылған кезде сома кейінгі жобаларға кепілдік беру үшін пайдаланылады.
Босаған қаражат есебінен кепілдік беру көлемі кепілдік беру шартының қолданысын тоқтату есебінен қалыптастырылған босаған қаражат көлемінің 5-ке тең (100 %/20 %) мультипликаторға көбейтіндісіне тең болады.
Қаржы агенттігі алынған қаражатты өзінің қалауы бойынша түрлі қаржы құралдарына орналастыра алады.
- Қаржы агенттігі банк төлеген талаптар қаржы агенттігінің кепілдігімен қалыптастырылған кредиттік портфель көлемінің (берешек қалдығының) 10 % шегінен асқан кезде мұндай банктің кредиттері бойынша одан әрі кепілдік беру тоқтатыла тұрады.
- Қаржы агенттігі іске асырылып жатқан Бағдарламаны жарнамалау науқанын өткізіп, өзінің ресми интернет-ресурсында Бағдарламаның іске асырылуы туралы ақпаратты орналастыра алады.
- Қаржы агенттігі:
1) жоба экономикалық тұрғыдан орынсыз және тиімсіз болған;
2) жоба Бағдарлама шарттарына сәйкес келмеген;
3) Бағдарламаға әлеуетті қатысушының және онымен үлестес заңды және жеке тұлғалардың кредиттік тарихы теріс болған жағдайларда, кепілдік беруден бас тартуы мүмкін.
4-тарау. Бағдарламаның "Экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді /индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау" деген екінші бағыты шеңберінде кепілдік беру шарттары
- Жобаларын Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларында іске асырып жатқан және/немесе іске асыруды жоспарлап отырған тиімді кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кепілдік беруге қатысушылар бола алады.
Жаңа инвестициялық және тиімді жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтауды/ұлғайтуды немесе кірістерді (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметте өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсіруді немесе еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайтуды немесе бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін ұлғайтуды көздейтін жобалар түсініледі.
100 % айналым қаражатын толтыруға бағытталған кредиттерге тиімділік өлшемшарттарына қол жеткізу туралы талаптар қолданылмайды.
Бұл ретте Бағдарламаның бірінші бағытының шарттарына сәйкес келген жағдайда:
1) кредит алуға өтініш жасау күннің алдындағы соңғы есептік күнге салықтарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен бюджетке әлеуметтік аударымдары бойынша берешектері жоқ;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, БЖЗҚ, облыс, астана, республикалық маңызы бар қала әкімдігінің және қаржы агенттігінің қаражаты есебінен іске асырылатын бағдарламалар шеңберінде банктер арқылы мемлекеттік қаржылық қолдау алатын кәсіпкерлер кепілдік беруге қатысуға жіберіледі.
- Бағдарлама шеңберінде:
1) мүліктік кешен ретінде ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпорындардың үлестерін, акцияларын сатып алуға бағытталған;
2) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары берген;
3) сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерді қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджеттік қаражат есебінен арзандатылған;
4) овердрафт түріндегі;
5) сомасы (өзінің қатысуын есепке алғанда) инвестициялық жобаны іске асыруға жеткіліксіз кредиттер кепілдік беруге жатпайды.
- Ауылдарда, шағын қалалар мен моноқалаларда Бағдарламаның екінші бағытының шарттарына сәйкес келетін жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде мемлекеттік қолдау алуы мүмкін.
- Бағдарлама шеңберінде банктер:
1) кәсіпкерлер бастамашылық жасаған кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
2) кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатындарды қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.
- Банктер тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды, оның ішінде қайта қаржыландыруды іске асыру үшін беретін кредиттер бойынша кепілдік беріледі.
- Кепілдік франчайзингті сатып алу жөніндегі жобаларды және/немесе салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарттың шеңберінде берілетін кредиттер бойынша да беріледі.
- Қаржы агенттігінің шешімімен кредит (-тер) бойынша қамтамасыз ету ретінде берілетін мүлік сақтандыруға жатуы мүмкін.
- Қаржы агенттігі кәсіпкерден үлестес және байланысқан заңды және жеке тұлғалардың кепілдігін ұсынуын талап ете алады.
- Қаржы агенттігі екіжақты негіздемелік келісім жасап және жобаның ең жоғары сомасын белгілей отырып, Бағдарламаның шарттарына сәйкес портфельдік кепілдік беру әдісін қолдана алады. Қаржы агенттігі банк таңдауды өз бетінше жүзеге асырады.
- Кепілдік беру банк кәсіпкердің жобасы бойынша шешім қабылдаған күні 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын банктің және сыйақы мөлшерлемесі 13 %-дан аспайтын даму банкінің кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
- Ішінара кепілдік беру:
1) айналым қаражатының көлемі кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын, негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге бағытталған кредит;
2) қоса алғанда 100 % мөлшердегі 360 (үш жүз алпыс) млн. теңгеден (өтініш берушінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты емес кредиттерге немесе лизинг шарттарына және басқа мақсаттарға қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша жүргізілген есептерді қоспағанда) асырмай айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредит жағдайларында айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
- Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін:
1) кепілдік беру жүзеге асырылып жатқан жоба шеңберіндегі кредит (-тер) сомасы банктің кредиттері бойынша 60 (алпыс) млн. теңгеден аспайды.
Бұл ретте кредит (-тер) сомасы кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың кредиті (-тері) бойынша берешектер ескерілмей есептеледі;
2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 85 %-ынан аспайды, бұл ретте кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 15 % мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады (қамтамасыз ету мөлшерін есептегенде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталында қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді);
3) ұсынылатын кепілдіктің мерзімі – кредит мерзімінен аспайды;
4) кредит валютасы – теңге.
- Экономиканың басым секторлары шеңберінде кәсіпкерлерге арналған кепілдік беру шарттары:
1) кепілдік беру жүзеге асырылып жатқан жоба шеңберіндегі кредит (-тер) сомасы банктің кредиттері бойынша 360 (үш жүз алпыс) млн. теңгеден аспайды.
Бұл ретте кредит (-тер) сомасы кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың кредиті (-тері) бойынша берешектер ескерілмей есептеледі.
2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 % аспайды, бұл ретте кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 50 % мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліктілігін есептегенде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталында қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді);
3) ұсынылатын кепілдіктің мерзімі – кредит мерзімінен аспайды;
4) кредиттің валютасы – теңге.
- Кәсіпкер сомасы 180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша жобаны іске асыру үшін жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 % мөлшеріндегі өз қаражатының (ақшасының, жылжитын/жылжымайтын мүлкінің) қатысуын қамтамасыз етеді.
- Кепілдік шарты жасалатын кредит дербес кредиттік шарт түрінде ресімделеді.
- Қаржы агенттігіне облыс (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімдігі төлейтін кепілдік құны кепілдік сомасының 20 % құрайды. Кепілдік шартының қолданылуы тоқтатылған кезде сома кейінгі жобаларға кепілдік беру үшін пайдаланылады.
Босаған қаражат есебінен кепілдік беру көлемі кепілдік беру шартының қолданысы тоқтатылуы есебінен қалыптастырылған босаған қаражат көлемінің 5-ке тең (100 %/20 %) мультипликаторға көбейтіндісіне тең.
Қаржы агенттігі алынған қаражатты өзінің қалауы бойынша түрлі қаржы құралдарына орналастыруы мүмкін.
- Қаржы агенттігі төлеген банк талаптарының көлемі қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша қалыптастырылған кредиттік портфель көлемінің (берешек қалдығының) 10 % шегінен асқан кезде мұндай банктің кредиттері бойынша одан әрі кепілдік беру тоқтатыла тұрады.
- Қаржы агенттігі іске асырылып жатқан Бағдарламаны жарнамалау науқанын өткізуге және өзінің ресми интернет-ресурсында Бағдарламаның іске асырылуы туралы ақпарат орналастыруға құқылы.
- Қаржы агенттігі:
1) жоба экономикалық тұрғыдан орынсыз және тиімсіз болған;
2) жоба Бағдарлама шарттарына сәйкес келмеген;
3) Бағдарламаға әлеуетті қатысушының және онымен үлестес заңды және жеке тұлғалардың кредиттік тарихы теріс болған жағдайларда, кепілдік беруден бас тартуы мүмкін.
5-тарау. Тетік шеңберінде кепілдіктер беру шарттары
- Кепілдік Тетікте белгіленген талаптарға сәйкес келетін кәсіпкерлердің жобалары бойынша беріледі.
- Осы Кепілдік беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша, осы Кепілдік беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі мен көрсетілетін қызметтер жөніндегі жобалар шеңберінде кепілдік беруге арналған тауарлар тізбесіне сәйкес: инвестицияларға және айналым қаражатын толықтыруға (оның ішінде жаңартылатын негізде) банктер беретін (даму банкін қоспағанда) кредиттер кепілдік беруге жатады.
- Өңдеу өнеркәсібі шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредитке кепілдік беруге жол беріледі, ол бойынша айналым қаражатының мөлшері жоба сомасының 50 %-ынан аспауы тиіс. Егер осы кредиттің мөлшері жобаның жалпы кредиттелетін сомасының 50 % аспаса, 100 % айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредитке кепілдік беруге жол беріледі.
Банктердің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу жобаларын қаржыландыру шеңберінде кепілдік беру қоса алғанда 100 % мөлшердегі айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредит бойынша (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді қоспағанда) жүзеге асырылуы мүмкін.
- Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 % аспайтын банктердің кредиттері кепілдік беруге жатады. Кепілдік кредит мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.
- Қарыз алушының бір жобасы шеңберіндегі кепілдік мөлшері:
3 млрд. теңгені қоса алғанға дейінгі кредит сомасының 50 %-ынан;
3 млрд. теңгеден жоғары 5 млрд. теңгені қоса алғанға дейінгі кредит сомасының 20 %-ынан аспайды.
Бұл ретте кредит (кепілдік құны) бойынша қамтамасыз етудегі айырманы кәсіпкер жабады.
- Тетік шеңберінде банктер:
1) кәсіпкер бастамашылық жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
2) кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын;
3) кепіл затына тәуелсіз бағалау жүргізуге, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алуға байланысты кредиттерді;
4) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, кредитпен байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге төлемдер алмайды.
- Қаржы агенттігі іске асырылып жатқан Тетікті жарнамалау науқанын өткізіп өзінің ресми веб-ресурсында Тетіктің іске асырылуы туралы ақпарат орналастыра алады.
6-тарау. Кепілдік беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасасу тәртібі
- Кәсіпкердің/ісін жаңа бастаған кәсіпкердің/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің кепілдік алу үшін қаржы агенттігіне және кейін кредит алу үшін банкке жүгінуі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) кәсіпкер кепілдік алуға өтінішпен қаржы агенттігіне жүгінеді;
2) қаржы агенттігі кәсіпкерден құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды қарайды және кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін жобаны қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарады;
3) қаржы агенттігі кепілдік беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, кәсіпкер берілетін кепілдік шарттары, сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде кепілдік беруге мүмкіндік беретін банктің кредит беру шарттары көрсетілген осы Кепілдік беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысанда кепілдік беру мүмкіндігі туралы хат алады;
4) кәсіпкер кепілдікпен кредит алу үшін банкке жүгінеді;
5) банктің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес банк кәсіпкердің өтінішін өз бетінше қарайды және кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды;
6) банк кепілдік беру мүмкіндігі туралы қаржы агенттігінің хатында көрсетілген шарттарда кредит бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда, банк қол қойылған кредиттік шартты қоса, қажетті құжаттардың көшірмелерін қаржы агенттігіне жолдайды.
Қаржы агенттігі банкке жіберетін кепілдік беру шартын ресімдейді және қол қояды. Банк кепілдік беру шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді;
7) банк кепілдік беру мүмкіндігі туралы қаржы агенттігінің хатында көрсетілген кепілдік беру мен кредиттеудің талаптарына сәйкес келмейтін өзге шешім қабылданған жағдайда кепілдік беруді қарау рәсімі осы Кепілдік беру қағидаларының 52-тармағына сәйкес жүргізіледі.
- Банк портфельдік кепілдік беру шеңберінде қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда банк қаржы агенттігіне банктік қарыз шартының көшірмелерін ұсынады, оның негізінде қаржы агенттігі банкке жіберілетін кепілдік шартын ресімдейді және оған қол қояды. Банк кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді.
- Кәсіпкер кредит алу үшін банкке өтінішпен жүгінеді.
Банктің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес банк кәсіпкердің өтінішін өз бетінше қарайды, жобаға кешенді сараптама жүргізеді, кәсіпкер ұсынған құжаттарды, кәсіпкердің қаржылық жағдайын талдайды, кәсіпкер ұсынған кепіл мүлкін бағалау туралы қорытындының негізінде кәсіпкердің қамтамасыз етуінің кепілдік құнына бағалау жүргізеді және қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда жобаны қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін банктің ішкі кредиттік саясатын іске асыратын уәкілетті органның қарауына шығарады.
- Оң шешім қабылданған жағдайда банктің ішкі кредит саясатын іске асыратын уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде банк қаржы агенттігіне мыналарды:
кепілдік сомасын есептеумен кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатты;
кепілдіктер беру туралы мәселені қарау үшін осы Кепілдік беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес кәсіпкердің жобасы бойынша банк қаржы агенттігіне берілетін қажетті құжаттар тізбесін ұсынады.
- Қаржы агенттігі банктен құжаттарды және кәсіпкерден өтінішті алғаннан кейін 180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша 5 (бес) жұмыс күні ішінде және 180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды қарайды және жобаны кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін қаржы агентінің уәкілетті органының қарауына шығарады. Кәсіпкердің және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша алынған кредиттері бойынша жиынтық берешегі, портфельдік кепілдік беру шеңберінде берілген кепілдіктерді қоспағанда, 180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден асатын жағдайда, кейінгі жобаларды қарау 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
- Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған жағдайда, қаржы агенттігі 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды жою және (немесе) ақпарат ұсыну үшін банкке ескертулер анықталғаны немесе қосымша құжаттар ұсынылғаны туралы ақпарат жібереді. Бұл ретте қаржы агенттігі үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі қайта басталады.
- Қаржы агенттігі кепілдік беру (бермеу) туралы оң/теріс шешім қабылдаған жағдайда қаржы агенттігі 2 (екі) жұмыс күні ішінде банкке қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі бар (мүмкіндігі жоқ) екені туралы шешімі көрсетілген осы Кепілдік беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хат жібереді.
- Қаржы агенттігі кәсіпкердің жобасы бойынша теріс шешім қабылдаған жағдайда мұндай шешім туралы хатта теріс шешімнің себебі көрсетіледі.
- Қаржы агенттігінің кепілдендіру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатты алғаннан кейін:
1) банк пен кәсіпкер кредиттік шарт, кепіл(-дер) шартын (шарттарын) жасасады. Кредиттік шарттың көшірмесі қаржы агенттігіне жіберіледі.
Кепілдік беру мүмкіндігі туралы қаржы агенттігінің оң шешімі бар хатта қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде 10 %-ға: жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістерді (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсіру немесе еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайту немесе бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін ұлғайту мәндері көрсетіледі.
Банктің қаржы агенттігінің оң шешімі бар хатын алғаннан кейін банктің қалауы бойынша кредит сомасының 50 %-ына дейінгі мөлшерде ішінара кредит беруіне жол беріледі;
2) қаржы агенттігі банктен кредит шартының көшірмесін алғаннан кейін кепілдік шартын ресімдейді және оған қол қойып, банкке жібереді;
3) банк кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді;
4) банк қаржы агенттігінен қол қойылған кепілдік шартын алғаннан кейін кәсіпкерге кредит беруді жүзеге асырады.
- Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі шығарылған кепілдіктерге ақы төлеу мақсатында кезекті жылдың басында кредиттерді кепілдендіруге бөлінген нысаналы трансферттер сомасының 50 % қаржы агенттігіне аударады.
- Нысаналы трансферттердің қалған бөлігі жылдың басында қаржы агенттігіне аударылған қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін кепілдік шарттарының жасалуына қарай қаржы агенттігіне былайша аударылады:
1) кепілдік шарты жасалғаннан кейін қаржы агенттігі Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тиісті хабарлама жібереді;
2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаржы агенттігінен кепілдік беру шартын жасасу туралы хат алғаннан кейін қаржы агенттігінің ағымдағы есебіне кепілдіктер беру сомасының 20 % мөлшерінде қаражат аударуды жүзеге асырады.
- Жобаларға кепілдіктер беруге арналған бюджеттік қаражаттың жеткіліксіздігі қалыптасқан жағдайда, облыс (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімдігі бұл туралы қосымша қаражат алғанға дейін жобаларды кепілдендіруді тоқтата тұру үшін қаржы агенттігіне хабарлама жібереді. Қаржы агенттігі кепілдік беру шарттары қолданысының тоқтатылуы есебінен босаған қаражат болған жағдайда жобаларға кепілдіктер беруді жалғастыра алады.
Осы Кепілдік беру қағидалары шеңберінде кепілдік беруге бөлінген және ағымдағы қаржы жылы қаржы агенттігі пайдаланбаған қаражат облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімдігіне қайтарылады.
- Бұрын бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Бағдарлама бекітілгенге дейін мақұлданған барлық жобалар мен жасалған кепілдік шарттары 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда қолданылады.
Кез келген ағымдағы қаржыландыру шарттары өзгерген жағдайда жоба Бағдарламаның қолданыстағы шарттарына сәйкес келуі тиіс.
- Кредиттің мақсатқа сай пайдаланылмауы анықталған жағдайда қаржы агенттігі кепілдік сомасын мақсатқа сай пайдаланылмаған кредит сомасына тепе-тең азайту туралы шешім қабылдайды.
Егер кәсіпкер:
Бағдарлама шеңберінде қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде 10 %-ға: жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтауға/ұлғайтуға немесе кірістердің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне немесе еңбекақы төлеу қоры көлемінің ұлғаюына немесе бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің ұлғаюына қол жеткізбеген жағдайда кепілдік шартының күші жойылмайды;
Тетік шеңберінде мынадай шарттарға:
жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредиттік қаражат бойынша кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға: жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістердің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне;
жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде 50 %-дан аспайтын мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға және инвестициялық мақсаттарға берілетін кредиттік қаражат бойынша кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға: жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе салық төлемдерінің немесе өндіріс көлемінің (ақшалай мәнде) немесе кірістердің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізбеген жағдайда кепілдік шартының күші жойылмайды (Тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді);
жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % айналым қаражатын толықтыру мақсатында берілген кредит қаражаты бойынша кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға: жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе салық төлемдерінің немесе өндіріс көлемінің (ақшалай мәнде) немесе кірістердің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізбеген жағдайда кепілдік шартының күші жойылмайды (Тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді).
- Қаржы агенттігі кредиттің толық мақсатқа сай пайдаланылмағанын анықтаған жағдайда кепілдіктің күшін жояды.
- Банк қызметін жүзеге асыруға салынған шектеулер немесе орын алған тыйым салулар туралы, сондай-ақ банк акцияларының 10 % астамына қатысты меншік құқығының біржола сатылғаны немесе өзгеше біржола ауысқаны және/немесе иелік ету және пайдалану құқығының ауысқаны туралы банк 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабарлайды.
7-тарау. Тетік шеңберінде кепілдіктер беру тәртібі
- Кәсіпкер Тетік шеңберінде кредит алу үшін банкке өтінішпен жүгінеді.
Банк өз бетінше, банктің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес кәсіпкердің өтінішін қарайды және қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда қаржы агенттігінің ішінара кепілдігімен кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін жобаны банктің уәкілетті органының қарауына шығарады.
Банктің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап банк 2 (екі) жұмыс күні ішінде кепілдік беру туралы мәселені қарау үшін осы Кепілдік беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес қаржы агенттігіне құжаттарды ұсынады.
- Қаржы агенттігі 10 (он) жұмыс күні ішінде банктен келіп түскен құжаттарды және кәсіпкерден келіп түскен өтінішті Тетік шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Портфельдік кепілдік беру шеңберінде Тетік шеңберіндегі жобалар қаралмайды.
- Қаржы агенттігі құжаттарды қарағаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде кепілдік беру туралы шешім қабылдайды.
Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған жағдайда және/немесе қосымша құжаттарды ұсыну қажет болған кезде қаржы агенттігі 3 (үш) жұмыс күні ішінде жою және (немесе) ақпарат ұсыну үшін банкке анықталған ескертулерді/қосымша құжаттарға сұрау салуды жібереді. Бұл ретте қаржы агенттігі үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі жаңартылады.
- Қаржы агенттігі кепілдік беру (бермеу) туралы оң/теріс шешім қабылдаған жағдайда қаржы агенттігі 2 (екі) жұмыс күні ішінде банкке осы Кепілдік беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешімі бар хат жібереді, онда мынадай шарттар көрсетіледі:
жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредиттік қаражаты бойынша кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға: жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістердің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты;
жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде 50 %-дан аспайтын мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға және инвестициялық мақсаттарға берілетін кредиттік қаражат бойынша кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға: жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе салық төлемдерінің немесе өндіріс көлемінің (ақшалай мәнде) немесе кірістердің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты (Тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар, салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді);
жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % айналым қаражатын толтыру мақсатында берілген кредит қаражаты бойынша кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға: жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе салық төлемдерінің немесе өндіріс көлемінің (ақшалай мәнде) немесе кірістердің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты (Тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді).
- Қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатын алғаннан кейін:
1) банк пен кәсіпкер банктік қарыз шартын, кепіл(-дер) шартын (шарттарын) жасасады. Банктік қарыз шартының көшірмесі қаржы агенттігіне жіберіледі.
Қаржы агенттігінің оң шешімі бар хат келіп түскеннен кейін банктің қалауы бойынша кредит сомасының 50 % дейінгі мөлшерде ішінара кредит беруге жол беріледі;
2) қаржы агенттігі банктен кредиттік шарттың көшірмесін алғаннан кейін кепілдік шартын ресімдейді және оған қол қойып, банкке жібереді;
3) банк кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді;
4) банк қаржы агенттігінен қол қойылған кепілдік шартын алғаннан кейін кәсіпкерге кредит беруді жүзеге асырады.
8-тарау. Кәсіпкердің "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінім беру тәртібі
- Кәсіпкер Бағдарлама шеңберінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінген кезде қаржы агенттігіне электрондық нысанда мынадай құжаттарды ұсынады:
1) кәсіпкердің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш;
2) кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісімі;
3) оның дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімі;
4) кепілдік сомасының есебімен кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар банк хатының электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі).
Егер кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болып табылған жағдайда – кепілдік тарту туралы шешім қабылдаған кәсіпкерге қатысты уәкілетті органның шешімі қатысушыға немесе басшыға берілген заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен келісу нысанында расталады.
Қаржы агенттігі "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден кәсіпкер жөніндегі мәліметті, оның ішінде заңды тұлғаны/жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, қызмет түрлеріне арналған лицензияларды (егер қызмет түрі лицензияланатын болса) және бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы мәліметті алуына болады.
"Электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден деректер алу техникалық тұрғыдан мүмкін болмаған немесе деректер дұрыс болмаған жағдайда, қаржы агенттігі құжаттарды кәсіпкерден сұратады.
- Банк "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы кәсіпкерден электрондық өтінімді алған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Кепілдік беру қағидаларының 53-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын қаржы агенттігіне ұсынбаған жағдайда қаржы агенттігі кәсіпкерге кепілдік беру туралы мәселені қараудан бас тартады.
- Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі кәсіпкердің "жеке кабинетіне" электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
- Кепілдік беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимылы осы Кепілдік беру қағидаларының 5-8-тарауларында айқындалған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
9-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингілеу
- Кепілдік беру қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингілеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.
|
|
"Бизнестің жол картасы-2025" |
|
|
бизнесті қолдау мен дамытудың |
|
|
мемлекеттік бағдарламасы |
|
|
шеңберінде кредиттер бойынша |
|
|
кепілдіктер беру қағидаларына |
|
|
1-қосымша |
Агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу жобалары шеңберіндегі кредиттер бойынша кепілдік беруге арналған тауарлар тізбесі
|
Р/с№ |
Тауарлар тобының атауы |
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы |
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші |
Шығарылатын өнімдер мен тауарлардың тізбесі |
|
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
|
|
I. АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫ |
|
|||||
|
1 |
Еттен және құс етінен жасалған өнімдер |
Етті өңдеу және консервілеу |
1011 |
Ұша/шағын ұша түрінде немесе мүшеленген жас немесе тоңазытылған ет өндірісі |
|
|
|
Үй құсының етін өңдеу және консервілеу |
1012 |
Қасапханада үй құстарын сою, етті өңдеу немесе өлшеп орау, мүшеленген жас немесе мұздатылған ет өндірісі |
|
|||
|
2 |
Сүт және ірімшік өнімдері |
Сүтті өңдеу және ірімшік жасау |
1051 |
Жаңа сауылған, пастерленген табиғи, зарарсыздандырылған, гомогенделген және/немесе ультра тазартылған сүт өндірісі |
|
|
|
Балмұздақ өндірісі |
1052 |
Балмұздақ өндірісі |
|
|||
|
3 |
Жемістер мен көкөністерді өңдеу және консервілеу |
Картопты өңдеу және консервілеу |
1031 |
Өңделген мұздатылған картоп, құрғақ картоп езбесінің, картоптан жасалған басытқы, картоп қытырлақтары, картоп ұны мен түйіршіктерінің өндірісі |
|
|
|
4 |
Балықтан, шаян тәрізділер мен моллюскілерден жасалған өнім |
Балықты, шаян тәрізділер мен моллюскілерді өңдеу және консервілеу |
1020 |
Балық, шаян тәрізділер мен моллюскілерді дайындау және сақтау: мұздату, терең мұздату, кептіру, өңдеу, сақтау, тұздау, консервілеу және т.б. |
|
|
|
5 |
Ауыл шаруашылығы |
Уыт өндірісі |
1106 |
Уыт өндірісі |
|
|
|
6 |
Май–тоңмай өнімі |
Май мен тоңмай өндірісі |
1041 |
Тазартылмаған өсімдік майының өндірісі: қытайбұршақ, күнбағыс, мақта, рапс, қыша, зығыр |
|
|
|
Маргарин және ұқсас тағамдық тоңмай өндірісі |
1042 |
Маргарин өндірісі |
|
|||
|
7 |
Өзге тамақ өнімдерінің өндірісі |
Татымдылықтар мен дәмдеуіштер өндірісі |
1084 |
Дәмқосарлар, тұздықтар мен дәмдеуіштер: майонез, қыша ұны мен дән түйіршіктерінің, қыша және т.б. өндірісі |
|
|
|
Басқа санаттарға енгізілмеген өзге де тамақ өнімдерінің өндірісі |
1089 |
Жұмыртқа өнімдерінің, жұмыртқа альбуминінің, жұмыртқа ұнтағы мен меланж өндірісі |
|
|||
|
Басқа санаттарға енгізілмеген өзге де тамақ өнімдерінің өндірісі |
10899 |
Жасанды бал және карамель өндірісі |
|
|||
|
8 |
Сусындар өндірісі |
Минералды сулар мен басқа да алкогольсіз сусындар өндірісі |
1107 |
Шөлмектердегі табиғи минералды су және өзге де минералды сулар өндірісі |
|
|
|
|
Бизнестің жол картасы-2025" |
|||||
|
|
бизнесті қолдау мен дамытудың |
|||||
|
|
мемлекеттік бағдарламасы |
|||||
|
|
шеңберінде кредиттер бойынша |
|||||
|
|
кепілдіктер беру қағидаларына |
|||||
|
|
2-қосымша |
|||||
Өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер жобалары шеңберіндегі кредиттер бойынша кепілдік беруге арналған тауарлар тізбесі
|
Р/с |
Тауарлар тобының атауы |
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы |
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші |
Шығарылатын өнімдер мен тауарлардың тізбесі |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
|
I. АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫ |
|
||||
|
1 |
Еттен және құс етінен жасалған өнімдер |
Еттен және үй құсының етінен жасалған өнімдер өндірісі |
1013 |
Кептірілген, тұздалған немесе ысталған ет өндірісі, дайын орамалар |
|
|
2 |
Өзге де тамақ өнімдерінің өндірісі |
Қант өндірісі |
1081 |
Қант қызылшасынан қант жасау |
|
|
Какао, шоколад және қантты кондитерлік тағамдар өндірісі |
1082 |
Шоколад және шоколад кәмпиттерінің өндірісі |
|||
|
3 |
Балалар тағамы |
Балалар тағамының және диеталық тамақ өнімдерінің өндірісі |
1086 |
Арнайы диеталар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерін: балалар тағамын; қосымша сүт және басқа да тамақ өнімдерін; сәбилерге арналған тамақ өнімдерін; калориясы аз және калориясы азайтылған өнімдерді жасау |
|
|
4 |
Ұн тарту өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің өндірісі |
Крахмал және крахмалдан жасалған өнімдер өндірісі |
1062 |
Күріштен, картоптан, жүгеріден, бидайдан крахмал жасау |
|
|
Ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі |
1061 |
Құрғақ бұршақ дәндерінің, тамырлар немесе сабақтар немесе жеуге жарамды жаңғақтар өндірісі |
|||
|
5 |
Нан-бөлке және ұннан жасалған өнімдер өндірісі |
Кептірілген нан және печенье өндірісі; ұзақ сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар, торттар, тәтті тоқаштар, бәліштер және бисквиттер өндірісі |
1072 |
Кептірілген нан, печенье және өзге де құрғақ нан пісіру өнімдерінің өндірісі |
|
|
Макарон өнімдерінің өндірісі |
1073 |
Макарондар, кеспелер, кеспе және (немесе) олардан жасалған жартылай фабрикаттар (тез дайындалатын) өндірісі |
|||
|
6 |
Дайын тамақ өнімдері (өндірістік ауқымда) |
Дайындалған тамақ өнімдерінің өндірісі |
1085 |
Ет тағамдарының өндірісі |
|
|
7 |
Жемістер мен көкөністерді өңдеу және консервілеу |
Жеміс және көкөніс шырындарының өндірісі |
1032 |
Жемістерден және (немесе) көкөністерден жасалған шырындар өндірісі |
|
|
Жемістер мен көкөністерді қайта өңдеудің және консервілеудің өзге де түрлері |
1039 |
Мұздатылған немесе консервіленген түрдегі дайын тағамдарды қоспағанда, негізінен жемістерден немесе көкөністерден тұратын тамақ өнімдерінің өндірісі |
|||
|
8 |
Мал азығының өндірісі |
Фермаларда ұсталатын жануарларға арналған дайын азық өндірісі |
1091 |
ІҚМ, ұсақ малға, жылқыларға, құстар мен шошқаларға арналған азық өндірісі |
|
|
9 |
Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау |
Жүкті қоймаға қою және сақтау |
5210 |
Азық-түлік өнімдерін сақтау және сату бойынша көтерме-тарату орталықтарын құру |
|
|
10 |
Ауыл шаруашылығы |
Егін жинағаннан кейінгі ауыл шаруашылығы қызметінің түрлері |
0163 |
Түтілмеген немесе тарақпен таралмаған мақта талшығы |
|
|
II. АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕН БАСҚА ТАУАРЛАР |
|||||
|
1. КИІМ ЖӘНЕ АКСЕССУАРЛАР |
|||||
|
11 |
Сырт киім және аксессуарлар |
Басқа да тоқылған және тоқыма бұйымдарының өндірісі |
1439 |
Пуловерлер, свитерлер, кардигандар, тоқылған кофталар, жилеттер және осындай бұйымдар сияқты тоқылған немесе трикотаж бұйымдар және басқа да дайын бұйымдар өндірісі |
|
|
Арнайы киім өндірісі |
1412 |
Арнайы киім өндірісі |
|||
|
Сырт киім өндірісі |
1413 |
Ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған сырт киім: пальто, костюмдер, жакеттер, шалбарлар, белдемшелер, қалпақтар мен баскиімдер өндірісі |
|||
|
12 |
Іш киім |
Іш киім өндірісі |
1414 |
Әйелдерге, ерлер мен балаларға арналған тоқыма, тоқылған немесе трикотаж маталардан, шілтерден жасалған іш киімдер және түнгі киімдер: жейделер, футболкалар, кальсондар, келтешалбарлар, пижамалар, түнгі жейделер, көйлектер, блузалар, ішкі белдемшелер, комбинациялар, бюстгальтерлер, корсеттер өндірісі |
|
|
Тоқылған және трикотаж шұлық бұйымдарының өндірісі |
1431 |
Ұйықтарды, триколарды және колготкаларды қоса алғанда, шұлық бұйымдарының өндірісі |
|||
|
13 |
Тоқыма және былғары бұйымдарын өндіруге арналған материалдар |
Тоқыма бұйымдарының өндірісі |
13 |
Аралас, жасанды немесе синтетикалық иірілген жіпті (полипропилен) қоса алғанда, түтілмеген немесе тарақпен таралмаған мақта талшықтары, мақта-мата, мақта талшығы өндірісі |
|
|
Текстиль талшықтарын дайындау және иіру |
1310 |
Мақта талшығының, мақта иірімжібінің өндірісі |
|||
|
Жіптер, арқандар, жіңішке арқандар, жіңішке баулар, баулар өндірісі және тор тоқу |
1394 |
Текстиль талшықтарынан, таспалардан және ұқсас материалдардан жасалған, сіңдірілген және сіңдірілмеген, қапталған, резеңкеден немесе пластмассадан жасалған қабықшамен қорғалған немесе қорғалмаған шпагат, арқан, жіп және трос өндірісі |
|||
|
Теріні илеу және өңдеу |
15111 |
Тері мен былғарыны илеу, бояу және өңдеу |
|||
|
14 |
Аяқ киім және оның керек-жарақтары |
Аяқ киім өндірісі |
1520 |
Қалыптауды қоса алғанда, аяқ киімді кез келген материалдардан кез келген тәсілмен жасау |
|
|
2. ҮЙГЕ ЖӘНЕ КЕҢСЕГЕ АРНАЛҒАН БҰЙЫМДАР |
|||||
|
15 |
Тұрмыстық химия |
Сабын мен жуғыш, тазартқыш және жылтыратқыш заттар өндірісі |
2041 |
Органикалық беткі-белсенді препараттар өндірісі |
|
|
16 |
Кілемдер |
Кілемдер мен кілем бұйымдарының өндірісі |
1393 |
Кілемдер, паластар және төсеніштер, едендік жабындар қамтылатын тоқыма жабындарының өндірісі |
|
|
17 |
Үйге арналған тоқыма және басқа да бұйымдар |
Киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарының өндірісі |
1392 |
Тоқылған немесе трикотаж маталарды қоса алғанда, кез келген тоқыма материалынан дайын бұйымдар: пледті қоса алғанда, жүн көрпе, төсек-орын, асхана, дәретхана немесе ас үй маталары, сырып тігілген көрпе, мамық көрпе, пуфиктер, жастықтар, ұйықтауға арналған қаптар өндірісі |
|
|
Трикотаж жаймаларының өндірісі |
1391 |
Тоқылған немесе трикотаж маталар шығару және өңдеу: түкті маталар, тор көзді және шілтер маталар өндірісі |
|||
|
18 |
Шаруашылық қажеттілікке арналған тұрмыстық тауарлар |
Резеңке-техникалық бұйымдар өндірісі |
22191 |
Табиғи немесе синтетикалық резеңкеден, вулканизацияланбаған, вулканизацияланған резеңкеден немесе беріктігі жоғары резеңкеден жасалған өзге де өнімдерді: резеңке пластиналарды, табақтарды, жолақтарды, білікшелерді және т.б.; шиналарға, құбырлар мен шлангілерге арналған камераларды; резеңке конвейерлік немесе трансмиссиялық белбеулерді; эластиктен жасалған киімдерді (тұтас, тігіссіз); аяқ киімге арналған резеңке ұлтанды және өзге де резеңке бөліктерді; резеңке жіптер мен бауларды; резеңке иірімжіптер мен маталарды; резеңке жиектерді, гарнитур мен баспаларды; резеңке үрлемелі резеңке матрастарды, үрлемелі шарларды қамтитын бұйымдарды өндіру |
|
|
Тауарларға арналған пластик қаптамалар өндірісі |
2222 |
Тауарларды орауға арналған пластик бұйымдар: пластик пакеттер, қаптар, ыдыстар, қораптар, жәшіктер, үлкен бөтелкелер, бөтелкелер өндірісі |
|||
|
Өзге де пластик бұйымдар өндірісі |
2229 |
Жиһаз фурнитурасы, кеңсе немесе мектеп керек-жарақтары, киім заттары (түймелер, сыдырмалар), ас үй және дәретхана |
|||
|
Қуыс шыны бұйымдарының өндірісі |
2313 |
Шыныдан немесе хрустальдан жасалған бөтелкелер, ыдыстар өндірісі |
|||
|
19 |
Жиһаз |
Кеңсе және студия жиһазының өндірісі |
3101 |
Орындықтар, отыруға арналған жиһаз өндірісі |
|
|
Ас үй жиһазының өндірісі |
3102 |
Ас үй жиһазының өндірісі |
|||
|
Басқа да жиһаз өндірісі |
3109 |
Дивандар, диван-кереуеттер өндірісі |
|||
|
20 |
Жиһаз өндірісіне арналған материалдар |
Шпон, фанера, жұқа тақтайлар мен панельдер өндірісі |
1621 |
Желімделген фанера және өзге де бұйымдар өндірісі: жылтыратылған, боялған, жабылған, сіңдірілген, жақсартылған және нығайтылған (қағаз немесе мата көмегімен) |
|
|
21 |
Матрастар |
Матрастар өндірісі |
3103 |
Матрастар: серіппесі бар немесе тығыздалған матрастар; құрамында серпімділікті ұстап тұратын материалдар бар матрастар; қапталмаған резеңке немесе пластик матрастар өндірісі |
|
|
22 |
Тұрмыстық электроника аспаптарының өндірісі |
Механикалық шамаларды өлшеуге арналған аспаптар өндірісі |
2651 |
Жылыту жүйелеріне арналған температураны бақылау аспаптарының өндірісі |
|
|
Сәулелендіру, электромедициналық және электротерапиялық жабдықтар өндірісі |
2660 |
Өнеркәсіптік, медициналық, диагностикалық, зерттеу, ғылыми және осыған ұқсас мақсаттарда пайдаланылатын альфа-, бета-, гаммасәулеленуге, рентгендік және өзге де радиациялық сәулеленуге негізделген жабдықтар өндірісі |
|||
|
Электр-тұрмыстық аспаптар өндірісі |
2751 |
Өзге де тұрмыстық электр аспаптарының: электр сужылытқыштар, тасымалданатын электржылытқыштар, электрпештер, электрқыздырғыштар өндірісі |
|||
|
Батареялар мен аккумуляторлар өндірісі |
2720 |
Бастапқы элементтер: құрамында марганец, сынап, күміс диоксиді бар батарея элементтерінің өндірісі |
|||
|
23 |
Жарықтандыру құралдары |
Электрмен жарықтандыру жабдықтарының өндірісі |
2740 |
Газразрядты, флуоресцентті, ультракүлгін, инфрақызыл және т.б. қыздыру шамдарының өндірісі |
|
|
24 |
Керамикалық тұрмыстық және сәндік бұйымдар |
Фарфор мен фаянстан жасалған тұрмыстық- шаруашылық бұйымдар өндірісі |
23411 |
Керамикалық асхана ыдыстары мен өзге де тұрмыстық немесе туалет бұйымдарының өндірісі |
|
|
3. ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ |
|||||
|
25 |
Құрылыс материалдары |
Пластикалық құрылыс бұйымдарының өндірісі |
2223 |
Пластикалық құрылыс бұйымдарының: пластик есіктер, терезелер, жақтаулар, терезе қақпақтарының, жалюзилер, бағыттаушы жұқа тақтайшалар, ыдыстар, пластик жабындар, рулондар түріндегі қабырға мен төбеге арналған қаптауыш, тақтайшалар, пластиналар еден жабындарының өзге де түрлерінің, ванна, душ кабиналары, раковиналар, унитаздар, су ағызатын бачоктар сияқты пластик гигиена заттарының өндірісі |
|
|
Бастапқы қалыптағы пластмасса өндірісі |
2016 |
Полипропилен мен полистирол өндірісі |
|||
|
Бояулар, лактар және ұқсас бояғыш заттар, типографиялық бояулар мен мастика өндірісі |
2030 |
Бояулар, лактар мен эмальдар өндірісі |
|||
|
Желім өндірісі |
2052 |
Резеңке желімі мен дайын желімдеу құрамдарын қоса алғанда, желім мен дайын желімдеу құрамдарының өндірісі |
|||
|
Табақ шыны қалыптау және өңдеу |
2312 |
Күшейтілген немесе көп қатпарлы жалпақ шыны өндірісі |
|||
|
Отқа төзімді бұйымдар өндірісі |
2320 |
Отқа төзімді ерітінді, бетон және т.б. өндірісі |
|||
|
Қыш жабындар мен плиталар өндірісі |
2331 |
Отқа төзімді емес қыш бұйымдар немесе қабырға плиткаларының, мозаика және т.б. өндірісі |
|||
|
Кірпіш, черепица және күйдірілген балшықтан жасалған өзге де құрылыс бұйымдарының өндірісі |
2332 |
Отқа төзімді емес құрылыс материалдарының: қыш плиткалар, черепица, мұржаның үстіндегі қалпақтар, құбырлар, оқшаулағыш материалдар және т.б. өндірісі |
|||
|
Бетоннан жасалған құрылыс бұйымдарының өндірісі |
2361 |
Құрылыс мақсатында пайдалану үшін бетоннан, цементтен немесе жасанды тастан жасалған дайын бұйымдар өндірісі: еден жабындары, төсеуге арналған плиткалар, кірпіштер, плиталар, құбырлар, бағандар және т.б. |
|||
|
Асбестоцементтен және талшықты цементтен жасалған бұйымдар өндірісі |
2365 |
Цементпен, гипспен немесе басқа да минералды байланыстырушы материалдармен аралас өсімдік шикізатынан (ағаш жүнінен, сабаннан, қамыстан, құрақтан) құрылыс материалдарының өндірісі |
|||
|
Бетоннан, құрылыс гипсінен және цементтен жасалған өзге де бұйымдар өндірісі |
2369 |
Бетоннан, құрылыс гипсінен, цементтен немесе жасанды тастан жасалған өзге де бұйымдар өндірісі: мүсіндер, фурнитуралар, барельефтер, вазалар, гүл құмыралары және т.б. |
|||
|
Тасты кесу, өңдеу және әрлеу |
2370 |
Құрылыс мақсатында, зираттарда, автожолдарда, шатырларды жабу үшін және т.б. пайдалану үшін тасты кесу, қалыптау және өңдеу |
|||
|
Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де бейметалл минералдық өнім өндірісі |
2399 |
Минералды негіздегі оқшаулағыш материалдар: қож-мақта және ұқсас минералды мақта; қатпарлы вермикулит, қопсыған балшық және ұқсас оқшаулағыш жылу материалдары немесе дыбыс оқшаулағыш материалдар өндірісі |
|||
|
Алюминийден және алюминий қоспаларынан жасалған құрылыс конструкциялары мен бұйымдарының өндірісі |
25.11.3 |
Өнеркәсіптік металл конструкцияларының өндірісі (домна пештеріне арналған конструкциялар, жабдықтарды көтеру және орнату және т.б.) |
|||
|
26 |
Есіктер мен терезелер |
Металдан жасалған есіктер мен терезелер өндірісі |
2512 |
Металдан жасалған есіктер, терезелер мен жақтаулар, терезе қақпалары мен қақпалар өндірісі |
|
|
27 |
Цементті қоспағанда, әрлеу материалдары |
Әк және құрылыс гипсінің өндірісі |
2352 |
Құрылыс гипсін (кальцийлендірілген гипс немесе кальций сульфаты) өндірісі |
|
|
III. ӨЗГЕ |
|||||
|
28 |
Химия |
Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру |
1920 |
Мотор отыны, газолин, керосин және т.б. өндірісі |
|
|
Өзге де негізгі органикалық химиялық заттар өндірісі |
2014 |
Илеу заттарының өндірісі |
|||
|
Тыңайтқыштар және құрамында азот бар қосылыстар өндірісі |
2015 |
Тыңайтқыштар: азот немесе құрамында азоты бар, фосфор немесе калий тыңайтқыштарын, шикі мұнайдан алынған несепнәр, табиғи фосфаттар және табиғи калий тұздарының өндірісі |
|||
|
Пестицидтер мен басқа да агрохимиялық өнімдер өндірісі |
2020 |
Инсектицидтер/жәндіктерге қарсы заттар, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, акарицидтер, молюстицидтер, биоцидтер өндірісі |
|||
|
Өзге де негізгі бейорганикалық химиялық заттар өндірісі |
2013 |
Химиялық элементтер өндірісі (өнеркәсіптік газдар мен негізгі металдарды қоспағанда) |
|||
|
Қауіпсіз қалдықтарды жинау |
38.11.0 |
Жинақтау орындарында, қоқыс контейнерлерінде, жылжымалы қоқыс контейнерлерінде, бактарда және т.б. ыдыстарда қауіпсіз тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды (яғни қоқыс қалдықтарын) және аралас реверстелетін материалдарды жинау |
|||
|
29 |
Қағаз және қағаз бұйымдары |
Ағаш массасы мен целлюлоза өндірісі |
1711 |
Ағартылған, толық ағартылмаған және ағартылмаған целлюлоза, ағаш массасын механикалық, химиялық (еритін немесе ерімейтін) немесе жартылай химиялық тәсілмен өндіру |
|
|
Гофрланған картон, қағаз және картон ыдысының өндірісі |
1721 |
Гофрланған қағаз және картон өндірісі |
|||
|
Шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсатқа арналған қағаз бұйымдарының өндірісі |
1722 |
Жеке гигиена және тығыздау мақсатында пайдалану үшін целлюлоза мақтасынан қағаз өнімдерінің өндірісі: қағаз сулықтар, қолорамалдар, сүлгілер, сулықтар дәретхана қағазы, гигиеналық сүлгілер мен тампондар, балалар жаялықтары мен жөргектері, қағаз стақандар, тәрелкелер және подностар, картон және қағаз ыдыс өндірісі |
|||
|
30 |
Металдан жасалған бұйымдар |
Орталық жылыту радиаторлары мен қазандықтарының өндірісі |
25210 |
Орталық жылыту радиаторлары мен қазандықтарының өндірісі |
|
|
Бекіту бұйымдарының өндірісі |
2594 |
Тойтарма және бұрандасыз ұқсас өнімдер өндірісі |
|||
|
Жеңіл металдардан буып-түюге арналған материалдар өндірісі |
2592 |
Тамақ өнімдері үшін консерв қалбырларын, шақшалар, қораптар, жәшіктер өндірісі |
|||
|
Суық қалыптау немесе бүктеу |
2433 |
Уатқыштарда суықтай қалыптау процесінде немесе баспақта бүктеу әдісімен болаттан жасалған жалпақ илектелген бұйымдардан ашық секциялар жасау |
|||
|
Шойын, болат және ферроқорытпалар өндірісі |
2410 |
Темір құймалар, жылтыр шойыннан қалыптар мен құймалар, блоктар немесе өзге де бастапқы нысандарды жасау |
|||
|
Болаттан жасалған құбырлар, құбыржолдар, профильдер, фитингтер өндірісі |
2420 |
Ыстықтай илемдеу тәсілімен, ыстықтай сығымдаумен немесе ыстық сығымдау немесе ыстықтай илектелген шыбық, құймалар сияқты жартылай фабрикаттарды ыстықтай өндеуді немесе үздіксіз құюды қамтитын өзге де тәсілдермен одан әрі өңдеу үшін тұтас тартылған құбырлар мен көлденең және көлденең емес қималы құбырлар және көлденең қималы дайындамалар өндірісі |
|||
|
31 |
Электр жабдықтар және электр өткізгіш өндірісі |
Электр моторлар, генераторлар және трансформаторлар өндірісі |
2711 |
Электр моторлар өндірісі (іштен жану қозғалтқыштарын қоспағанда) |
|
|
Электр өткізгіш пен кабельдің басқа түрлерінің өндірісі |
27320 |
Алюминийден және мыстан жасалған тоқ жүретін желілері бар өткізгіштер мен кабельдер өндірісі |
|||
|
Электр таратушы және реттеуші аппаратура өндірісі |
2712 |
Электр қоректендіргішті ажыратқыштар өндірісі |
|||
|
32 |
Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі |
Өзге де крандар мен вентильдер өндірісі |
2814 |
Реттеуші клапандар мен су жинау крандарын қоса алғанда, өнеркәсіптік крандар мен вентильдер өндірісі |
|
|
Гидравликалық жабдықтар өндірісі |
2812 |
Гидравликалық және пневматикалық компоненттер өндірісі (гидравликалық моторларға арналған гидравликалық помпаларды, гидравликалық және пневматикалық цилиндрлерді, клапандарды, шлангілер мен гарнитураны қоса алғанда) |
|||
|
Ауыл шаруашылығы машиналарын шығару |
28302 |
Көгал шалғыларын қоса алғанда, шалғыларды шығару |
|||
|
Автомобильдердің өзге де бөліктері мен керек-жарақтарының өндірісі |
2932 |
Автомобильдердің әртүрлі бөліктері мен керек-жарақтарының: тежегіштер, беріліс қораптары, көпірлер, жүріс дөңгелектері, аспалы амортизаторлары, радиаторлар, сөндіргіштер, пайдаланылған газды шығаратын түтіктер, каталитикалық түрлендіргіштер, ілініс тораптары, руль дөңгелектері, руль колонкалары, рульдік механизмнің қораптары өндірісі |
|||
|
Автомобильдер мен басқа да моторлы көлік құралдарының өндірісі |
2910 |
Өзге де автокөлік құралдары: өрт сөндіру машиналары, жедел жәрдем машиналары, көшелер мен жолдарды жинауға арналған машиналар өндірісі |
|||
|
33 |
Өзге де көлік құралдарының өндірісі |
Теміржол локомотивтерін және жылжымалы құрам шығару |
3020 |
Теміржол немесе трамвай локомотивтеріне немесе жылжымалы құрамдарға арналған мамандандырылған жиынтықтауыштар: біліктер, осьтер, шпиндельдер, дөңгелектер, тежегіштер және оларға арналған жиынтықтауыштар; иінтіректер, муфталар және жалғастырушы құрылғылар, буферлер мен жиынтықтауыштар; амортизаторлар; фургондар мен локомотивтердің негіздерін; шанақтар және т.б. шығару |
|
|
34 |
Велосипедтер, арбалар |
Велосипедтер және мүгедектерге арналған арбалар/креслолар өндірісі |
3092 |
Моторсыз велосипедтерді және үш дөңгелекті велосипедтерді, тандемдерді, балалар велосипедін және үш дөңгелекті велосипедтерді қоса алғанда, өзге де ұқсас көлік құралдарының өндірісі |
|
|
35 |
Фармацевтика |
Фармацевтикалық препараттар өндірісі |
2120 |
Дәрі-дәрмектер: иммундық сарысулар және т.б.; вакциналар; гомеопатиялық препараттарды қоса алғанда, әртүрлі дәрі-дәрмектер өндірісі |
|
|
Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі |
2110 |
Дәрі-дәрмектер: антибиотиктер, негізгі витаминдер, салицил және O-ацетилсалицил қышқылдары және т.б. өндіру үшін пайдаланылатын медициналық фармакологиялық препараттар өндірісі |
|||
|
36 |
Басқа тауар позициялары |
Басқа да техникалық және өнеркәсіптік тоқыма бұйымдарының өндірісі |
1396 |
Тоқылғаннан басқа жабысқақ негіздегі матаны қоса алғанда, сығылған маталар өндірісі |
|
|
Зергерлік бұйымдар өндірісі |
3212 |
Қолдан өсірген інжу өндірісі |
|||
|
Хирургиялық және ортопедиялық керек-жарақтар өндірісі |
32503 |
Хирургиялық салфеткалар, стерильді ақжаймалар мен бинттер өндірісі |
|||
|
37 |
Білім беру |
Тұрғын үйдің басқа түрлерінде көрсетілетін қызметтер |
5590 |
Студенттік және мектеп жатақханаларын салу және (немесе) реконструкциялау |
|
|
Білім беру |
85 |
Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру мекемелерін салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жабдықтау |
|||
|
38 |
Туризм* |
Қонақ үйлердің қызметтер ұсынуы |
5510 |
Орналастыру орындарын (қонақ үйлер, санаторийлер, люкс класты қонақ үйлер, мотельдер) салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жабдықтау |
|
|
Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде баспана беру |
5520 |
Орналастыру орындарын салу (балаларға арналған немесе басқа демалыс үйлері, пәтерлер мен қонақтар үшін бунгалолар, жинау немесе тамақтандыру қызметтерін көрсетпейтін коттедждер мен үйлер, жастар туристік лагерьлері, таудағы турбазалар және т.б.) |
|||
|
Кемпингте, рекреациялық автопаркте және трейлерлік парктерде тұру үшін көрсетілетін қызметтер |
5530 |
Орналастыру орындарын салу (кемпингтер, трейлер парктері, ойын-сауық қалашықтары, аң аулау немесе балық аулау үшін пайдаланылатын жерлер, автомобиль демалысына арналған үй-жайлар мен керек-жарақтар) |
|||
|
Аурухана ұйымдарының қызметі |
8610 |
Санаторийлік-курорттық мекемелер салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жарақтандыру |
|||
|
Басқа санаттарға жатқызылмаған жерүсті жолаушылар тасымалдарының басқа түрлері |
4939 |
Тау шаңғысы курорттарын салу, егер қалалық және қалааралық көлік тасымалдары жүйесіне кірмейтін болса, конвейерлерді, аспалы жолдарды, тау шаңғысы көтергіштерін және аспалы көтергіштерді басқару |
|||
|
39 |
Денсаулық сақтау |
Денсаулық сақтау саласындағы қызмет |
86 |
Медициналық мекемелерді салу және (немесе) жөндеу және (немесе) медициналық мекемелерді қажетті медициналық жабдықтармен (компьютерлік томограф, магнитті-резонанстық томограф, УДЗ аппараты, кардиомонитор, неонаталдық ӨЖЖ аппараты, ӨЖЖ аппараты, жасанды қанайналым аппараты, ангиографиялық жүйе және т.б.) жабдықтау |
|
|
40 |
Көлік және қоймаға жинау** |
Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі |
52 |
Көліктік транзиттік терминалдарды, құрғақ порттарды, қойма үй-жайларын салу |
|
* Алакөл көлі жағалауында (Шығыс Қазақстан облысы, Алматы облысы), Балқаш көлі жағалауында (Қарағанды облысы), Баянауыл курорттық аймағында (Павлодар облысы), Щучье-Бурабай курорттық аймағында (Ақмола облысы), Түркістан және Ақтау қалаларында,
Имантау-Шалқар курорттық аймағында (Солтүстік Қазақстан облысы), Алматының таулы кластерінде (Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Райымбек, Қарасай, Нарынқол аудандары) іске асырылатын туризм саласындағы жобалар қаржыландырылады.
** Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен шекаралас аумақтары.
|
|
"Бизнестің жол картасы-2025" |
|
|
|
бизнесті қолдау мен дамытудың |
|
|
|
мемлекеттік бағдарламасы |
|
|
|
шеңберінде кредиттер бойынша |
|
|
|
кепілдіктер беру қағидаларына |
|
|
|
3-қосымша |
|
|
|
Нысан |
|
|
"_____________________________" акционерлік қоғамына |
|
|
Алдын ала кепілдендіру хаты
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) бірінші/екінші бағытын/Басым жобаларды кредиттеу тетігін (бұдан әрі – Тетік) іске асыру шеңберінде "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қаржы агенттігі) "______________________" дара кәсіпкерінің/жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің/акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ДК/ЖШС/АҚ) "______________________" жобасы бойынша қаржы агенттігінің кепілдігін беру туралы өтінімін қарап, мақұлдағанын хабарлайды: _________________________
Қаржы агенттігі
"_________________________" ДК/ЖШС/АҚ "_________________________" жобасы бойынша мынадай талаптармен кепілдік беруге дайын:
1) кепілдік сомасы: _______________________ (___________________________) теңге, бұл кредит сомасының _______ % құрайды;
2) кепілдік мерзімі __________________;
3) кепілдік берудің басқа да талаптары Бағдарлама/Тетік шарттарына сәйкес жасауға тиіс кепілдік шартымен реттеледі.
*талаптарды кесте түрінде қосуға болады
Осы алдын ала кепілдендіру хатының қолданылу мерзімі _______ дейін.
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру түріндегі мемлекеттік қолдау талаптарын реттейтін өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда, қаржы агенттігі жоғарыда аталған кепілдікті беру талаптарын қайта қарап, оларды толығымен немесе ішінара өзгертуге немесе жоюға құқылы, бұл жөнінде банкке кепілдік шартына қол қойғанға дейін хабардар етіледі.
Құрметпен, ___________ _____________ _____________________________________ (лауазымы) (қолтаңбасы) мөр орны (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
|
|
"Бизнестің жол картасы-2025" |
|
|
бизнесті қолдау мен дамытудың |
|
|
мемлекеттік бағдарламасы |
|
|
шеңберінде кредиттер бойынша |
|
|
кепілдіктер беру қағидаларына |
|
|
4-қосымша |
Кәсіпкердің жобасы бойынша банк қаржы агенттігіне беретін құжаттар тізбесі
- Жалпы құжаттар
|
Р/с № |
Құжаттар атауы |
Нысан |
|
1 |
2 |
3 |
|
1 |
Банктен құжаттар тізбесіне ілеспе хат |
электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолданылатын электрондық формат/түпнұсқа |
|
2 |
Құжаттар топтамасындағы барлық құжаттар тізімдемесі немесе құжаттарды қабылдап алу-беру актісі |
банктің уәкілетті жұмыскері қол қойған және банктің мөрімен/мөртабанымен куәландырылған түпнұсқа, ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат |
|
3 |
Банктен кредит алуға арналған өтінім |
банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат |
|
4 |
Банктің уәкілетті органының қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит беру туралы шешімі, банктің кредиттік, кепілдік, заң және тәуекелдерді басқару басқармаларының сараптамалық қорытындылары |
банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат |
|
5 |
Соңғы есептік күндегі жағдай бойынша кәсіпкердің қаржылық құжаттары(берешектің туындау күні, берешекті өтеу жоспарланатын күн және берешектің нысаны көрсетілген, кредиторлық және дебиторлық берешектің ашылып жазылуы, негізгі құралдардың, тауар-материалдық босалқы қорлардың, соңғы 12 айдағы кірістер мен шығыстар туралы есеп (жеке кәсіпкерлер үшін)* |
банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірмі/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат |
|
6 |
Соңғы есептік күндегі жағдай бойынша кәсіпкердің қаржылық құжаттары(берешектің туындау күні, берешекті өтеу жоспарланатын күн және берешектің нысаны көрсетілген, кредиторлық және дебиторлық берешектің ашылып жазылуы, негізгі құралдардың, тауар-материалдық босалқы қорлардың, соңғы 12 айдағы кірістер мен шығыстар туралы есеп (жеке кәсіпкерлер үшін)* |
банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірмі/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат |
|
7 |
Кірістер мен шығыстар туралы есептердің баптарын түсіндіру – өткізу кірісі, өзіндік құны, кезең шығыстары, басқа да кірістер мен шығыстар, қарастырылатын кезеңдердегі өткізілген өнімнің ақшалай және заттай мәндегі көлемі |
банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме немесе түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат |
|
8 |
Қызмет көрсететін банктің толық деректемелерін көрсете отырып, қызмет көрсететін банктен несие берешегінің бар-жоғы, соңғы 12 айдағы айналымдары, сондай-ақ құжаттарды қарау сәтіндегі жағдай бойынша мерзімінде төленбеген (№ 2 картотека) есеп айырысу құжаттары туралы анықтамасы |
банк нысаны бойынша түпнұсқа (30 күнтізбелік күнге дейін түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірмеге рұқсат етіледі)/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат |
|
9 |
Несие берешегінің, оның ішінде басқа қаржылық ұйымдардағы мерзімі өткен берешегінің (банктерден басқа, кредиттері болған кезде) бар-жоғы туралы анықтамалар |
түпнұсқа (30 күнтізбелік күнге дейін түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірмеге рұқсат етіледі)/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат |
|
10 |
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің бар (жоқ) екені туралы анықтама** |
түпнұсқа (egov.kz сайтынан анықтама)/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат |
|
11 |
Банктердегі барлық шоттары туралы мәліметтер |
хаттың түпнұсқасы/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат |
|
12 |
Лицензиялар**, патенттер, квоталар және т.б. (өтініш беруші қызметінің түрі лицензияланатын немесе қарыз қаражаты бағытталатын тауарлар мен көрсетілген қызметтердің жекелеген түрлерін өткізу лицензияланатын жағдайда) |
банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат |
|
13 |
Жобаны іске асыру бойынша құжаттар (бар болса) |
банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат |
|
14 |
Бизнес-жоспар |
банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме немесе түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат |
|
15 |
Соңғы және ағымдағы жылы қолданыстағы және аяқталған келісімшарттар (бар болса) |
көшірмелер/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат |
|
16 |
Кредиттік келісімдер (қолданыстағы кредиттер бар болса) |
көшірмелер/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат |
|
17 |
Банк атынан банк қарызы, кепілі және кепілдік шартын жасайтын тұлғаның уәкілеттігін растайтын құжаттар |
банктің мөрімен расталған көшірмелер (банк кепілдік шартын жасаған кезде ұсынуы мүмкін)/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат |
* 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша
Ескертпе: қаржылық есептіліктің ескіру мерзімі банк құжаттар топтамасын ұсынған күні 6 айдан аспауы тиіс.
- Кәсіпкердің құқықтық мәртебесі мен уәкілеттіктерін анықтайтын құжаттар
- Егер кәсіпкер жеке кәсіпкер болып табылған жағдайда:
|
Р/с № |
Құжаттың атауы |
Нысан |
|
1 |
2 |
3 |
|
1 |
Жеке басты куәландыратын құжат |
банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат |
|
2 |
Жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама |
Дара кәсіпкерді тіркеу туралы талон (egov.kz сайтынан алынған талонның көшірмесіне рұқсат беріледі)/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат және "Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы" (elicense.kz) порталынан кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы анықтама |
|
3 |
Қол қою үлгілері, мөрдің бедері (бар болса) көрсетілген құжат |
Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме не түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат |
|
4 |
Кәсіпкердің/кепілгердің кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісімі |
түпнұсқа қаржы агенттігінің атына беріледі/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат |
|
5 |
Кәсіпкердің/кепілгердің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімі |
түпнұсқа қаржы агенттігінің атына беріледі/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат |
- Егер кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болған жағдайда.
|
Р/с № |
Құжаттың атауы |
Нысан |
|
1 |
2 |
3 |
|
1 |
Жарғы, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар |
нотариат куәландырған көшірме/банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат |
|
2 |
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама** |
Нотариат куәландырған көшірме (egov.kz сайтынан алынған анықтамаға рұқсат етіледі)/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат және "Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы" (elicense.kz) порталынан кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы анықтама |
|
3 |
Кәсіпкердің уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі |
түпнұсқа немесе банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме |
|
4 |
Банкте және қаржы агенттігінде кәсіпкердің атынан құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ оның уәкілеттілігін растайтын құжаттар |
банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат |
|
5 |
Кепілдіктер тарту туралы шешім қабылдаған кәсіпкердің уәкілетті органының шешімі |
қаржы агенттігінің нысаны бойынша бекітілген түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат |
|
6 |
Кәсіпкердің кредит алу туралы шешім қабылдаған уәкілетті органының шешімі |
банк нысаны бойынша бекіткен түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат |
|
7 |
Бірінші басшының, бас бухгалтердің қолтаңбаларының және кәсіпкердің мөр бедерінің (болған жағдайда) үлгілері көрсетілген құжат |
Банк уәкілетті тұлғасының түпнұсқамен салыстырып, тексерген нотариат куәландырған түпнұсқа/көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат |
|
8 |
Кәсіпкердің/құрылтайшының/кепілгердің кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға берген келісімі |
түпнұсқа қаржы агенттігінің атына беріледі/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат |
Ескертпе:
**"Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жіберілген жағдайда бұл құжаттар сұратылмайды.
Бірнеше беттен тұратын құжат ұсынылған жағдайда мұндай құжат тігілген және нөмірленген не құжаттың әр парағында уәкілетті тұлғалардың қолымен, мөрімен/мөртаңбасымен куәландырылған болуы тиіс.
|
|
Қазақстан Республикасы |
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Мемлекеттік гранттар беру қағидалары) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар берудің шарттары мен тетігін айқындайды.
- Мемлекеттік гранттар беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) "Экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау" екінші бағыты шеңберінде жүзеге асырылады.
- Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар Бағдарламаға 2-қосымша сәйкес экономиканың басым секторларында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өтеусіз негізде беріледі.
- Мемлекеттік гранттарды мемлекет Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі арқылы мемлекеттік гранттар беруге шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша береді. Бұл ретте мемлекеттік грантты алуға арналған конкурсқа қатысу үшін Бағдарлама шеңберінде оқыту құрамдауыштары сертификатының болуы міндетті талап болып табылады.
- Гранттар нысанында қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Мемлекеттік гранттарды беру мақсатында уәкілетті орган республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатын Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне аударады.
- Бағдарламаны іске асыру мақсатында бөлінетін қаражаттың кемінде 20 %-ы халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беруге бағытталады.
- Қаржы агенттігінің көрсетілетін қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.
2-тарау. Терминдер мен анықтамалар
- Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
2) халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары – "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабында айқындалған азаматтардың санаттары;
3) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) деңгейінде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
4) бизнес-жоба – кәсіпкердің жоспары, ол өз бизнесіңді құру (тауарлар шығару, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) мүмкіндігін ашады, сипаттамалар, есептемелер, болжамдар нысанында орындалады, сондай-ақ ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы деңгейінде кәсіпкердің өз қаражатынан (ақшалай қаражатынан, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлкінен) қоса қаржыландыруды және жаңа жұмыс орындарын құруды, жобаны іске асырудың мерзімдерін қамтиды;
5) жаңа бизнес-идея – осындай жобаларды іске асыру кезінде бұрын қолданылмаған материалдарды, технологиялар мен әдістерді қолдана отырып тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастама (конкурс өткізу кезінде нақты елді мекенде немесе ауылдық округте іске асырылмайтын тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін жобалар да жаңа бизнес-идеяларға жатады);
6) кәсіпкер – шағын кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер, ісін жаңа бастаған кәсіпкер;
7) кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) – айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсi осы кешендi басқа тұлғаға өтеулi негiзде пайдалануға беретiн кәсiпкерлiк қызмет;
8) конкурстық комиссия – жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері өкілдерінің, салалық сарапшылардың, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен құрылатын, құрамында кемінде 10 (он) адам бар алқалық-кеңесші орган (жергілікті атқарушы органдардың өкілі Конкурстық комиссияның төрағасы бола алмайды);
9) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;
10) өтінім – осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес қажетті құжаттармен қоса берілетін өтініш;
11) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;
12) шарт – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, қаржы агенттігі және шағын кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша кәсіпкерге жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға нысаналы грант беріледі;
13) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мемлекеттік грант алу үшін жүгінген кезде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзіміне 3 (үш) жыл толмаған кәсіпкер (жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен өзгеше жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);
14) ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мемлекеттік грант алу үшін жүгінген кезде дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген мерзіміне үш жыл толмаған, жасы 29-ға (қоса алғанда) дейінгі кәсіпкер (ісін жаңа бастаған дара кәсіпкердің жасы оның Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне өтініш жасаған күнге айқындалады, жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен өзгеше жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);
15) электрондық өтінім – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған мемлекеттік қолдау алуға өтінім;
16) электрондық құжаттар топтамасы – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы өзі қатысқан кезде берген жазбаша келісімі негізінде өтініш берушінің немесе осы құжатты куәландыруға өкілеттілігі бар тұлғаның не кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының уәкілетті қызметкерінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, төлнұсқа құжаттың түрін және мәліметтерін (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толық көрсететін құжаттар.
3-тарау. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар берудің тәртібі мен шарттары
- Өз қызметін Бағдарлама шеңберінде жүзеге асыратын, осы конкурстық іріктеуге құжаттарын Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 20-тармағына сәйкес толық көлемде ұсынған кәсіпкерлер гранттар беруге арналған конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.
- Бағдарлама шарттарына сәйкес келетін әрбір кәсіпкер бір бизнес-жоба бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беру мақсатындағы конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.
Мыналар:
1) берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде оны іске асыруға арналған шығыстарды кәсіпкердің, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлікпен (талап халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары үшін міндетті емес) бірлесе қаржыландыруы (ақшалай қаражатпен);
2) жаңа жұмыс орындарын құру;
3) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және/немесе жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған бизнес-жобаның міндетті шарттары болып табылады.
11.Кәсіпкерлер жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдаланады:
1) тауарларды шығаруға немесе қызметтерді көрсетуге қажетті негізгі құралдарды, шикізатты және материалды сатып алу;
2) материалдық емес активтерді сатып алу;
3) технологияларды сатып алу;
4) кешендi кәсiпкерлiк лицензияға (франчайзинг) құқықтарды сатып алу;
5) зерттеу жұмыстарымен және/немесе жаңа технологияларды енгізумен байланысты шығыстар.
Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру мерзімі шартқа қол қойған кезден бастап 18 (он сегіз) айдан аспауға тиіс.
- Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын:
1) жылжымайтын мүлікті және/немесе жер учаскесін сатып алуға;
2) жалдау ақысы ретінде;
3) үлестес/байланысқан компаниялардан/тұлғалардан негізгі құралдарды/активтерді сатып алуға (көрсетілетін қызметтерді алуға/жұмыстарды орындауға);
4) бұрын қолданыста болған негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға пайдалануға болмайды.
Кәсіпкердің жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын игеруі жеке тұлғадан автокөлікті сатып алу жағдайларын қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген контрагент шотына қолма-қол жасалмайтын төлем арқылы жүзеге асырылады.
- Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы 2 (екі) млн. теңгеден 5 (бес) млн. теңгеге дейін құрайды.
- Мынадай:
1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған;
2) салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;
3) қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға беру болып табылатын;
4) мемлекеттік грантты алуға өтінім берген кезде берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды бірлесіп қаржыландыруды (ақшалай қаражатпен, бизнес-жобаға қатыстырылған жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) растамаған (халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарын қоспағанда) кәсіпкерлерге гранттар берілмейді.
- Конкурс өткізу үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі басшысының шешімімен гранттың берілуіне үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөнінде конкурстық комиссия құрылады және оның құрамы бекітіледі. Конкурстық комиссия қызметінің негізгі қағидаттары кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың бірізділігі, ұсынылатын құжаттарды зерттеудің жан-жақтылығы мен толықтығы, қабылданатын шешімдердің объективтілігі болып табылады.
- Конкурстық комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және конкурстық комиссия мүшелерінен тұрады. Конкурстық комиссияның құрамы атқарушы билік, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің, салалық сарапшылардың, ғылыми-білім беру мекемелерінің, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының міндетті қатысуы арқылы қалыптастырылады.
Жергілікті атқарушы органдар мен қаржы агенттігінің өкілдері конкурстық комиссияға төраға бола алмайды.
Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия отырыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады, атап айтқанда, төрағамен келісу бойынша отырыстардың өткізілетін орнын, күнін және уақытын айқындайды, конкурстық комиссия мүшелерін алдағы отырыс туралы хабардар етеді, отырысты өткізу үшін қажетті материалдарды оның мүшелерінің назарына жеткізеді.
Конкурстық комиссияның хатшысы оның құрамына кірмейді және шешім қабылдаған кезде оның дауыс беру құқығы болмайды.
Конкурстық комиссияның отырысына конкурстық комиссия мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, ол заңды деп есептеледі.
Конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, конкурстық комиссия төрағасының даусы шешуші дауыс болып табылады.
- Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі конкурстық комиссияның жұмыс органы болып табылды, ол:
1) облыстық өңірлік апталық баспа басылымында осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес бизнес-идеяларды қаржыландыруға арналған мемлекеттік гранттар беру мақсатында кәсіпкерлерді іріктеуге конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру жариялауды жүзеге асырады;
2) Бағдарлама іске асырылатын бүкіл мерзімде кәсіпкерлерге грант түрінде мемлекеттік қолдау көрсету барысын өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария етуді мерзімдік негізде қамтамасыз етеді;
3) кәсіпкерлерге конкурсқа қатысу мәселелері және оны өткізуге қатысты бар мәселелер бойынша, гранттар берудің шарттары мен тәртібі туралы консультация береді;
4) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес кәсіпкерлерден конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттарды қабылдайды;
5) конкурсты ұйымдастырады және өткізеді;
6) кәсіпкерлерді грант беру немесе оны беруде бас тарту туралы хабардар етеді.
- Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша жеке өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінімді береді, оған басшы не оны алмастыратын адам қол қояды және кәсіпкердің мөрімен (болған жағдайда) бекітіледі. Бұл ретте конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер бір өтінім ғана береді.
- Өтінімдерді қабылдау мерзімі мен орны конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
- Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға үміткер кәсіпкерлер Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім, ол Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің веб-порталына орналастырылады;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі/жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;
4) жүгінген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтама;
5) өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған кезде) расталған анықтама;
6) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес-жоспар түрінде дайындалған бизнес-жоба;
7) ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын, Бағдарламаның және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қараша № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
8) кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адам паспортының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға куәландырған);
9) берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды бірлесіп қаржыландыруды (ақшалай қаражатпен, бизнес-жобаға қатыстырылған жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар (халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарын қоспағанда);
10) өтініш берушіде халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызу мәртебесінің болуын растайтын құжат.
Кәсіпкер Бағдарламаға қатысу үшін өтінімді дайындау және құжаттарды жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгіне алады.
- Өтінімдерді қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде аяқталады. Белгіленген мерзім шеңберінде келіп түскен әрбір өтінім нөмір беріліп, өтінімдерді қабылдау журналына тіркеледі, құжаттардың берілген күні мен уақыты көрсетіледі. Кәсіпкердің әрбір өтінімінде күні мен уақыты көрсетіліп, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің қабылданғаны туралы белгі жасалады.
4-тарау. Конкурстық өтінімдерді қарау тәртібі
- Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі (конкурстық комиссияның жұмыс органы) кәсіпкердің құжаттарын алғаннан кейін:
1) құжаттардың толықтығын тексереді;
2) конкурс комиссиясының отырысын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар өткізеді.
- Мемлекеттік грант алуға үміткер кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 2 (екі) жұмыс күні ішінде нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайта пысықтау үшін қайтарады.
- Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі барлық құжаттар мен ақпаратты алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кәсіпкердің материалдарын конкурстық комиссияның қарауына шығарады.
- Бюджет қаражаты болған жағдайда конкурс жылына кемінде 2 (екі) рет өткізіледі.
- Кәсіпкер өзінің бизнес-жобасын конкурстық комиссияның отырысында таныстырады.
- Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес конкурс өткізген кезде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) конкурстық іріктеуге қатысушылардың бизнес-жобаларын қарайды;
2) мемлекеттік гранттар беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.
Кәсіпкерлерді іріктеу кезінде конкурстық комиссия мүшелерінің дербес дауыс беруі жөніндегі ақпарат жария етуге жатпайды.
Конкурстық комиссия өтінімдерді зерделеу кезінде Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі арқылы тиісті мемлекеттік уәкілетті органдардан, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардан өтінімде көрсетілген мәліметтердің шындыққа сәйкестігі туралы ақпаратты сұрата алады.
- Конкурстық өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия мынадай өлшемшарттар негізінде (оның ішінде осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 4-қосымшада көрсетілген кәсіпкердің бизнес-жобасын бағалаудың өлшемшарттарын басшылыққа ала отырып) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант берудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды:
1) бизнес-идеялардың жаңашылдығы (талап халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары үшін міндетті емес);
2) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);
3) бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге дайындығы (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, жобаны орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның дайындық деңгейі).
Бұл ретте, бизнес-идея жаңашылдығының өлшемшартына:
нақты елді мекенде немесе ауылдық округте бұрын өткізілмеген тауарларды шығару, қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау;
нақты елді мекенде немесе ауылдық округте жаңа немесе жетілдірілген технологияларды қолдануды көздейтін жобалар жатады.
- Кәсіпкерге мемлекеттік грант беру/бермеу туралы шешім конкурстық комиссияның соңғы отырысы өткізілген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік грант беру мүмкіндігінің/мүмкін еместігінің себептері көрсетіле отырып, конкурстық комиссияның хаттамасымен ресімделеді.
Конкурстық комиссияның хаттамасында әрбір қаралған жоба бойынша қысқаша түйіндеме қамтылуға тиіс.
- Хаттамаға конкурстық комиссияның мүшелері, хатшысы қол қояды және оны конкурстық комиссияның төрағасы бекітеді.
- Конкурстық комиссияның отырысы хаттамасының қолданылу мерзімі – конкурстық комиссияның шешімі шыққан күннен бастап 9 (тоғыз) ай.
- Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өткізілген конкурс нәтижелері бойынша 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
1) кәсіпкерге осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірмемен бірге конкурстық комиссияның шешімі туралы хабарламаны;
2) қаржы агенттікке мақұлданған/бас тартылған бизнес-жобалар бойынша конкурстық комиссияның хаттамасын жібереді.
5-тарау. Мемлекеттік гранттарды беру тетігі
- Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі конкурстық комиссияның хаттамасы бекітілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік грант беру туралы шартты әзірлейді және оған қаржы агенттігінің және кәсіпкердің қолын қойғызады.
- Мемлекеттік гранттарды мемлекет Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі арқылы мемлекеттік гранттар беруге кәсіпкерлер берген өтінімдерді іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша береді.
- Шарт жасасқаннан кейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкердің ағымдағы банктік шотына ақша қаражатын аударуды жүзеге асырады.
- Грант қаражаты кәсіпкердің ағымдағы шотына транш негізінде аударылатын болады.
- Бірінші траншты алу үшін кәсіпкер грант қаражатының сұралатын көлемі мен жоспарланған мақсатқа сай пайдаланылуы туралы ақпарат беруі қажет.
- Гранттың нысаналы мақсаты осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының шарттары мен өлшемшарттарына сәйкес келген жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі транштың сұралып отырған сомасын кәсіпкердің ағымдағы шотына аударады.
- Кәсіпкер грантты нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға және шарт талаптарын орындауға міндетті.
6-тарау. Кәсіпкердің электрондық өтінімді "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру тәртібі
- Кәсіпкер жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алу үшін "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінген кезде осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты алуға конкурстық іріктеуге қатысуға электрондық өтінім толтырады және мынадай электрондық құжаттар топтамасын қоса тіркейді:
1) ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын, Бағдарламаның және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қараша № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) кәсіпкердің ағымдағы шотында берілетін мемлекеттік грант көлемінің 10 %-ынан кем емес ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар (халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарын қоспағанда).
- Кәсіпкер құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ақпараттық жүйе кәсіпкердің өтінімін тіркеуден бас тартады.
- Кәсіпкер туралы мәліметтер, оның ішінде заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік және (немесе) жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама, заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің қызмет түрлері туралы мәліметтер, тарату, қайта ұйымдастыру немесе банкроттық сатылары туралы, сондай-ақ қызметті тоқтату туралы мәліметтер, бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша қарыздың бар/жоқ болуы туралы мәліметтер, жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің болуы туралы мәліметтер "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде айқындалады.
- Кәсіпкердің электрондық өтінімі ақпараттық жүйе арқылы тіркелгеннен кейін мынадай іс-әрекеттер жүзеге асырылады:
1) құжаттардың толықтығын тексеру;
2) Бағдарламаның өңiрлiк үйлестiрушiсiне тіркелген өтiнiмді толықтығы және Бағдарламаның шарттарына сәйкестiгi тұрғысына қарауға жiберу;
3) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің кәсіпкерден түскен өтінімді қарауы.
- Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 2 (екі) жұмыс күні ішінде жобаны деректердің анықтығы мен Бағдарламаның шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Кәсіпкер және/немесе мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар, объектілер, деректер мен мәліметтер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өтінім тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кәсіпкерге жазбаша дәлелді бас тарту жібереді.
- Егер кәсіпкердің өтінімі мемлекеттік гранттар беруге өтінімдер қабылдау мерзімі өткенге дейін мақұлданса, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкердің өтінімін күту парағына орналастырады.
- Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға бағытталған кәсіпкерлерден түскен өтінімдерді қарауды аяқтағаннан кейін ақпараттық жүйе арқылы "электрондық үкімет" веб-порталында өтінімді тіркеу тәртібінде кәсіпкерлердің мақұлданған өтінімдерінің тізбесі қалыптастырылады.
- Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өтінімдер тізбесі қалыптастырылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
1) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күн тәртібін, күнін, уақытын көрсете отырып, кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының кестесін қалыптастырады;
2) конкурстық комиссия мүшелерін ақпараттық жүйеде авторизациялауды қамтамасыз етеді;
3) конкурстық комиссияның хатшысы мен мүшелеріне мақұлданған жобалар бойынша отырыстар кестелерін және мәлімделген жобаларды қарау және мақұлдау/мақұлдамау бойынша шешім қабылдау үшін кәсіпкердің электрондық құжаттамасының толық топтамасымен қоса хабарлама жібереді.
- Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес ақпараттық жүйе арқылы мыналарды жүзеге асырады:
1) мәлімделген жобаны конкурстық комиссия отырыстарын өткізу кестесіне сәйкес ұсынылған құжаттардың анықтығы тұрғысынан қарау;
2) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 4-қосымшада көрсетілген бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкерді бағалау өлшемшарттарына сәйкес әрбір мәселе бойынша балдар қою әдісімен дауыс беру.
Дауыс беру қорытындылары бойынша балдар санын автоматты түрде есептеу және мәлімделген жоба бойынша қорытынды шешімді көрсету жүзеге асырылады;
3) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық комиссияның әрбiр мүшесінің дауыс беру нәтижелері мен оның қорытынды шешiмi көрсетiлген өтінімдерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының қалыптастырылған хаттамасына электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қою.
Егер кәсіпкердің жобасына ақпараттық жүйеде тіркелген конкурстық комиссия мүшелерінің жартысынан азы дауыс берген болса, ақпараттық жүйе хаттаманы қалыптастырудан бас тартады және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін конкурстың өткізілмегені туралы хабардар етеді.
- Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өткізілмеген конкурс туралы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссия отырысының қосымша кестесін қалыптастырады, ол туралы конкурстық комиссияның хатшысы мен мүшелеріне хабарлайды.
- Жобаны бағалау үшін оған балл беру осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 4-қосымшада көрсетілген кәсіпкердің жобасын бағалау өлшемшарттарын негізге ала отырып жүзеге асырылады.
- Кәсіпкердің бір жобасы бойынша конкурстық комиссияның мүшесі беретін ең жоғары балл 40 (қырық) баллды құрайды. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жатқызылатын кәсіпкерлердің бизнес-жобалары бойынша ең жоғары балл сомасы осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес міндетті емес талаптар/өлшемшарттар бойынша балдарды шегере отырып белгіленеді.
- Дауыс беру қорытындысы бойынша конкурстық комиссия мүшелері қойған балдар саны қосылып, конкурстық комиссияның қорытынды шешімі айқындалады.
- Егер жоба конкурстық комиссияның дауыс берген мүшелерінің мүмкін болатын ең көп балдары сомасының 70 %-ынан астамын жинаса, жобаны конкурстық комиссия мақұлдаған болып есептеледі.
- Конкурстық комиссия мүшелері мәлімделген жобаны қарау кезінде дискрециялық тәсілді басшылыққа ала алмайды. Жобаны қарау мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды. Конкурстық комиссия мүшесі дауыс бермеген жағдайда, оның балы кәсіпкердің пайдасына ең жоғары сома бойынша есепке алынады.
- Ақпараттық жүйе арқылы конкурстық комиссия отырысының хаттамасы қалыптастырылады және бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне, кәсіпкерге және қаржы агенттігіне жіберіледі.
- Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі бюджет қаражаты болған жағдайда ақпараттық жүйе арқылы өткізілген конкурстың нәтижелері бойынша:
1) конкурстық комиссия хаттамасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шарттың жобасын қалыптастырады және оны қаржы агенттігіне келісуге жібереді;
2) шарт жобасы қаржы агенттігімен келісілген күннен бастап кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде кәсіпкерге, қаржы агенттігіне шартқа қол қойғызуды қамтамасыз етеді.
- Бюджет қаражатының жетіспеушілігі орын алған жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпкер мен қаржы агенттігін мемлекеттік гранттар беруге шарттар жасасудың тоқтатыла тұрғаны туралы хабардар етеді.
- Қосымша қаражат алғанға дейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі конкурстық комиссияның оң шешімін алған кәсіпкерлердің тізімдерін күту парағына орналастырады.
- Конкурстық комиссия отырысы хаттамасының қолданылу мерзімі өткеннен кейін ақпараттық жүйе кәсіпкерлерді күту парағынан шығарады және бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне, кәсіпкер мен қаржы агенттігіне хабарлама жібереді.
- Қосымша қаражат алғаннан кейін және конкурстық комиссия отырысының хаттамасы қолданыста болған жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкерге және қаржы агенттігіне шартқа қол қойғызуды қамтамасыз етеді.
7-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингілеу
- Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингілеу функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі кәсіпкерден барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және банктік құпияны құрайтын ақпаратты сұрата алады, жобаны іске асыру орнына бару арқылы мониторингті жүзеге асыра алады.
- Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде жобалардың іске асырылуын мониторингілеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары аланда іске асырылатын Жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.
Қаржы агенттігінің функцияларына:
1) гранттың мақсатқа сай пайдаланылуын мониторингілеу;
2) грантты алған күннен бастап 1 (бір) жыл өткеннен кейін кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды орындауы бойынша қызметін мониторингілеу;
3) кәсіпкердің жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі шарттарды орындауын мониторингілеу;
4) кәсіпкердің шарт талаптарын орындауын мониторингілеу жатады.
- Мониторинг шеңберінде қаржы агенттігі:
1) грант алушылардың тізілімін жүргізеді;
2) кәсіпкерлер алған қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуына мониторинг жүргізеді және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды іске асыруы туралы есеп береді.
- Қаржы агенттігі кәсіпкердің грант қаражатын мақсатқа сай пайдаланбағанын не жобаның және/немесе кәсіпкердің мемлекеттік гранттар беру шарттарына және/немесе конкурстық комиссия шешіміне және/немесе шарт талаптарына сәйкес келмейтінін не кәсіпкердің жұмыс орындарының санына қол жеткізу бойынша міндеттемелерді орындамағанын анықтаған жағдайда қаржы агенттігі Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін және конкурстық комиссияны жазбаша хабардар етеді.
Қаржы агенттігі ұсынған ақпарат негізінде конкурстық комиссия ақпаратты алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде анықталған ескертулерді жою үшін қосымша уақыт беру не кәсіпкермен шартты бұзу туралы шешім қабылдайды, осыдан кейін өзінің шешімі туралы Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін және қаржы агенттігін хабардар етеді.
65.Конкурстық комиссия кәсіпкермен шартты бұзу туралы шешім қабылдаған жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі мақсатқа сай пайдаланылмаған мемлекеттік грант қаражатын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қайтару бойынша іс-шаралар өткізеді. Грант қаражаты бір бөлігінің мақсатқа сай пайдаланылмауы анықталған жағдайда, конкурстық комиссияның тиісті шешімі бойынша грант қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау сомасына ғана қайтару жүргізуге жол беріледі.
|
|
"Бизнестің жол картасы-2025" |
|
|
бизнесті қолдау мен дамытудың |
|
|
мемлекеттік бағдарламасы |
|
|
шеңберінде жаңа |
|
|
бизнес-идеяларды іске |
|
|
асыруға мемлекеттік гранттар |
|
|
беру қағидаларына |
|
|
1-қосымша |
Конкурс өткізу туралы хабарландыру
Конкурсты ұйымдастырушы:
____________________________________________________________________
Орналасқан жері: ___________________________________;
пошталық мекенжайы: _______________________________;
электрондық пошта мекенжайы:________________________;
байланыс телефоны:__________________________________
Конкурс нысанасы: "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: ___________________
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға жеке өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінім және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын ұсынады.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 20___ жылғы "____" ______________ бастап 20___ жылғы "___"______________ қоса алғанда, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақытпен)
Өтінімдерді берудің басталатын күні мен уақыты: 20___ жылғы "___"______________ сағат 10.00-ден бастап (жергілікті уақытпен)
Өтінімдерді берудің аяқталатын күні мен уақыты: 20___ жылғы "___"______________ сағат 13.00-ге дейін (жергілікті уақытпен)
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.dkb2020.kz сайтында танысуға болады.
|
|
"Бизнестің жол картасы-2025" |
|
|
Нысан |
Өтінім
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(бұдан әрі – кәсіпкер) (заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды тұлғаның атауы;
жеке кәсіпкердің аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, паспорт деректері)
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның орналасқан жері, пошталық мекенжайы; жеке кәсіпкердің тұрғылықты жері)
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(қала (аудан) коды көрсетілген байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта мекенжайы) ________________________________________________________
___________________________________________________________________
(банктік деректемелер)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(салық салу жүйесін көрсету)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(қызметтің бейінді бағытын көрсету)
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(экономика саласын көрсету, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа санын көрсету)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(ұйым басшысы (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі), лауазымы, байланыс телефоны)
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(жобаның жауапты орындаушысы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, байланыс телефоны)
ісін жаңа бастаған кәсіпкерлік субъектілеріне (өз бизнесін ашуға) мемлекеттік грант беру үшін конкурстық іріктеуге қатысатыны туралы мәлімдейді.
Кәсіпкер конкурс шарттарымен танысты және "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес қажетті құжаттарды ұсынады.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
|
Р/с № |
Заңды тұлға |
Бет саны |
Р/с № |
Жеке кәсіпкер |
Парақ саны |
|
|
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік көшірмесі |
|
1 |
Жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама көшірмесі |
|
|
|
Салықтар, алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы анықтама |
|
2 |
Салықтар, алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы анықтама |
|
|
|
Өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен расталған анықтама |
|
3 |
Өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен расталған анықтама |
|
|
|
Бизнес-жоба |
|
4 |
Бизнес-жоба |
|
|
|
Кәсіпкердің Бағдарламаның және/немесе Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасының курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі |
|
5 |
Кәсіпкердің Бағдарламаның және/немесе Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасының курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі |
|
|
|
Өкілге сенімхат |
|
6* |
Өкілге сенімхат |
|
|
|
Кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар |
|
7 |
Кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар |
|
|
* қажет болған жағдайда толтырылады |
|||||
Үміткер ____________________ ________________________________
Қолы (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы) 20___ жылғы "___" _____________ "___" сағ. "___" мин. № өтінім
Мен бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің жоқ екенін растаймын.
Өзім ұсынған мәліметтердің дұрыс екенін растаймын және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің және конкурстық комиссияның мәліметтерді тексеруіне қарсы емеспін.
Кәсіпкер осы өтінімге қол қою арқылы мынаны мәлімдейді және оған кепілдік береді:
- Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне осы өтініммен бірге берілген (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат пен құжаттама дұрыс болып табылады және төменде көрсетілген күнге толық шындыққа сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін дереу хабардар етуге міндеттенемін.
- Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің бірінші талап етуі бойынша осы өтінімді қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны құрайтын кез келген ақпарат пен құжаттарды ұсынуға және ашуға міндеттенеді.
- Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі көрсетілген мәлімдемелер мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.
- Кәсіпкерге жалған, толық емес және (немесе) дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы ескертілді.
- Кәсіпкер оның жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамның өтініш беруіне мүмкіндік беретінін растайды.
- Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс емес екені анықталған жағдайда, осы өтінім көрсетілген деректердің дұрыс емес екенін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарыла алатынымен келісемін, бұл ретте Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің бас тарту себептерін хабарламауға құқылы.
Осы арқылы кәсіпкер Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мынаған келісім береді:
- Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпарат пен кәсіпкер ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мүдделі үшінші тұлғаларға ұсынуға құқылы.
- Осы өтінімде қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік гранттар беру үшін ғана ұсынылды.
- Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкер өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал кәсіпкер ұсынған құжаттар және өтінімнің түпнұсқасы мемлекеттік грант берілмесе де Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінде сақталатын болады.
- Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің осы өтінімді қарауға қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (нысаналы грант алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.б.) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің нысаналы грант беру немесе кәсіпкер шеккен шығасыларды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.
- Нысаналы грант беру туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды және келісетінімді, кейіннен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне наразылық білдірмейтінімді растаймын.
____________________________ __________________________________
Басшы (жеке кәсіпкер) (қолы) (қолының толық жазылуы)
|
|
"Бизнестің жол картасы-2025" |
|
|
Нысан |
БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
- ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
1.1. Жобаның атауы.
1.2. Өтініш берушінің атауы (толық және қысқартылған).
1.3. Жарғылық капиталды бөлу.
1.4. Орналасқан орны, заңды мекенжайы туралы мәліметтер.
1.5. Сайт (болған жағдайда).
1.6. Жобаны іске асыру үшін негізгі құралдардың және қажетті алаңдардың болуы.
1.7. Шығарылуы болжанатын өнім (тауар, көрсетілетін қызмет) немесе бизнес-процесс.
1.8. Грантты алған кезден бастап жобаны іске қосудың болжамды мерзімі.
- ЖОБАНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ:
2.1. Жобаны іске асыру шеңберінде құрылатын өнімнің негізгі сипаттамалары (өнімнің функционалдық мақсаты, негізгі тұтыну сапалары мен параметрлері).
2.2. Шешімдер жобаларында ұсынылған жаңашылдық (оның ішінде жобаның өзектілігі мен бірегейлігі туралы ақпарат; бизнес-жобаны іске асыруға ұсынылатын шешімнің жаңашылдығы, яғни сату арналары, маркетингтік стратегия құру, өнім материалы/өндіру әдісі және т.б.; жобаның технологиялық деңгейі).
2.3. Жоба тақырыбы бойынша патенттердің және өзге де құқық қорғау құжаттарының болуы.
2.4. Жобаның бизнес-процесінің не өнім жасаудың сипаттамасы (оның ішінде
бизнес-жобаның өтелу мерзімі туралы ақпарат; бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі;өнім берушілер мен тұтынушылар туралы ақпарат; тауарды/негізгі құралдарды/шикізатты және материалды жеткізуге/қызметтер көрсетуге/жұмысты орындауға /технологияларды/ франшизаларды/патентті және т.б сатып алуға шарттардың/келісімшарттардың болуы).
2.5. Ресурстармен қамтамасыз ету (оның ішінде бизнес-жобаны іске асыру үшін үй-жайдың және инфрақұрылымның болуы; өткізу нарығының болуы және бизнес-жобаның ұсынылатын нәтижелерін коммерцияландыру мүмкіндігі).
- КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ:
3.1. Өнім нарығының көлемі мен сыйымдылығы, жоба іске асырылатын саланың қазіргі жағдайын және даму перспективаларын талдау, бизнесті кеңейту перспективасы.
3.2. Жасалатын өнімнің бәсекелестік артықшылығы, техникалық-экономикалық сипаттамаларды аналогтармен салыстыру (1- кесте).
Техникалық және құндық сипаттамалар бойынша баламалы шешімдердің салыстырмалы талдауы жүргізіледі (өндіруге ұсынылып отырған тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің аналогтарымен салыстырғандағы техникалық деңгейі мен құны, ақпарат дереккөздеріне сілтемелер):
|
|