№ 11-10/ 235 от 29.09.2026
Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын
беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру
жөнінде комиссияның
ХАТТАМАСЫ
Ақтау қ. 29 қыркүйек 2026 ж.
Маңғыстау облысы әкімдігі
Төрағалық еткен: Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары - Т. Жеткізгенұлы
Төраға орынбасары: Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысы - П. Сансызбаев
Қатысқандар: Ақтау қаласы әкімі М.А. Мұқаш, Жаңаөзен қаласы әкімі С.Қ.ТөретаевБейнеу ауданы әкімінің м.а. Т.Т.Нұрмағанбетов, Түпқараған ауданы әкімі Е.К. Күміскалиев, Маңғыстау ауданы әкімінің м.а. М.М.СейловҚарақия ауданының әкімі Ж.И. ҚайнарбаевМұнайлы ауданы әкімі Қ.Ж. Құлжанов, Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Н.Т.Абабукиров, Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысы Е.Саркенов, Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары А.А.Шарапатдинов, Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Ү.Имашов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы С.С. Мынбаев
Қатыспады: «Маңғыстау Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д.Үсіпбаев
Хатшы: Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы сауда және мониторинг бөлімі басшысының м.а. А. Сарбаев
_______________________________________________________
(Комиссия отырысы аудио-видео бақылау арқылы жүргізілді)
Күн тәртібі:
1. Ақтау қаласы бойынша сұйытылған мұнай газын бөлу жөнінде комиссия отырысының а.ж. қазан айынан бастап лимиттен кәсіпкерлерді шығару («Алаша Холдинг» ЖШС, ЖК Айтбаева А.М., ЖК Сагандыков Е.)
2026 жылғы төртінші тоқсанға арналған Қазақ газ өңдеу зауыты мен Атырау мұнай өңдеу зауытынан бөлінетін сұйытылған мұнай газын бөлуге өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынбауына байланысты Ақтау қаласына қарасты «Алаша Холдинг» ЖШС, ЖК Айтбаева А.М.,ЖК Сагандыков Е а.ж. қазан айынан бастап лимиттен алынсын.
2. Мұнайлы ауданына қарасты ЖК «ЫРЫС» газ алудан бас тартуына байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытынан қыркүйек айына бөлінген қосымша 1 020 тонна сұйытылған мұнай газы бойынша Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия отырысының 07.09.2026 жылғы № 11-10/223 хаттамасына өзгеріс енгізу
Мұнайлы ауданына қарасты ЖК «ЫРЫС» есеп шотының уақытша жабылуына байланысты газ алудан бас тартуына байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытынан бөлінген тиесілі 18,7 тонна көлеміндегі сұйытылған мұнай газы ЖК «Нурбаева Гаухар Сейдалыевнаға» ауыстырылып, бөлініс №1-қосымшаға сәйкес жаңартылсын.
3. ҚР Энергетика министрлігінің 16.09.2026 жылғы №-8-/6687-И хатына сәйкес, 2026 жылғы төртінші тоқсанға арналған сұйытылған мұнай газ көлеміне жиынтық өтінімдерін қалыптастыру
Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы және қала/аудан әкімдіктерінің ақпараты назарға алынсын.
Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссия төмендегідей ШЕШІМ қабылдады
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы «Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларын бекіту туралы» №358 бұйрығының 3-тарау 45-тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органға 150 (бір жүз елуден) астам өтінім берілген жағдайда, ол сұйытылған мұнай газын бөлуді мұндай жергілікті атқарушы орган бекіткен Тетікке сәйкес жүзеге асыратыны назарға алынсын.
2. ҚР Энергетика министрлігінің 16.09.2026 жылғы №-8-/6687-И хатын негізге ала отырып, Ақтау қаласы (24.09.2026 жылғы №01-19/86-х), Жаңаөзен қаласы (28.09.2026 жылғы №05-06/38), Бейнеу ауданы (25.09.2026 жылғы №21), Мұнайлы ауданы (18.09.2026 жылғы №01-4-4/300), Маңғыстау ауданы (22.09.2026 жылғы №38), Қарақия ауданы (21.09.2026 жылғы №14)Түпқараған ауданы (21.09.2026 жылғы №16) әкімдіктерінің хаттамаларына сәйкес №2,3,4-қосымшаларда көрсетілген кәсіпкерлер бөлінісінде сұйытылған мұнай газы бөлінсін.
3. Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы
3.1. Комиссияның шешімімен мақұлданған 2026 жылғы төртінші тоқсанға (қазан, қараша, желтоқсан) арналған сұйытылған мұнай газын бөлу жобасы бекітіліп, ҚР Энергетика министрлігіне, «Қазақ Газ Өңдеу Зауыты» ЖШС-не және «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-не жолдансын.
3.2.Осы хаттаманың көшірмесі қала, аудандар әкімдіктеріне жолдансын.
4. Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті
Жаңадан қосылған автогаз құю станцияларына арналған жер учаскелерінің орналасқан жерін ауыстыру, нысаналы мақсатын өзгерту және жер учаскелерін бөлу мәселелерін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қарастырып, заңдылығын анықтап, қарау нәтижелері ұсынылсын.
Мерзімі: 2026 жылғы 1 қараша
5. Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы
Жаңадан қосылған автогаз құю станцияларының жұмыс жобасы мен эскиз жобасына сәйкестігін анықтасын.
Мерзімі: 2026 жылғы 1 қараша
6. Қала және аудан әкімдіктері
6.1. Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаментіне, Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне және Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына жаңадан қосылған автогаз құю станциялары бойынша тиісті жұмыстар жүргізу үшін қажетті құжаттар жолдансын.
Мерзімі: 2026 жылғы 2 қазан
6.2. Мұнайлы ауданы әкімдігіне қарасты жаңадан қосылған ЖК Досанов пен ЖК Азим берілген ескертулер негізінде ішкі, сыртқы әрлеу жұмыстару және қалыпқа келтіру жұмыстары жасалмаған жағдайда ағымдағы тоқсанға лимиттен шығарылсын.
Мерзімі: 2026 жылғы 1 қараша
6.3. Бекітілген ережелерге және нормаларға жатпайтын, толық құрылғылармен, сондай-ақ инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген және жұмыс жобасы мен эскиздік жобасы сәйкес емес жаңадан іске қосылатын газ құю бекеттері облыстық комиссияға ұсынылмасын.
6.4. Жаңадан қосылған барлық автогаз құю станциялары жұмыс жобасы мен эскиздік жобасына сәйкестендіріліп, абаттандыру жұмыстары толық жүргізілсін.
Мерзімі: 2026 жылғы 1 желтоқсан
6.5. Аталған тапсырмалар уақытылы орындалмаған жағдайда жауапты қала, аудан әкімінің жауапкершілігі қаралсын.
6.6. Осы хаттамамен қабылданған сұйытылған мұнай газы көлемдерінің бөлінісі қала және аудан аумақтарында іске асыратын кәсіпкерлік субъектілердің назарына жеткізілсін.
7. Сұйытылған мұнай газының бөлінген көлемі тиісті қала және аудандардың аумақтарында пайдалануына қатаң бақылау жүргізілсін және күнделікті есепті облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына ұсынылсын.
Осы хаттаманың орындалысын бақылау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына жүктеледі.
|
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасы Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысы, Комиссия төрағасының орынбасары |
|
Т. Жеткізгенұлы
П. Сансызбаев |
|
Комиссия хатшысы |
|
А. Сарбаев |
КЕЛІСІЛДІ:
Ақтау қаласының әкімі М.А.Мұқаш
Жаңаөзен қаласы әкімі С.Қ. Төретаев
Мұнайлы ауданы әкімі Қ.Ж.Құлжанов
Түпқараған ауданының әкімі Е.К. Күміскалиев
Маңғыстау ауданы әкімінің м.а. М.М. Сейлов
Қарақия ауданының әкімі Ж.И.Қайнарбаев
Бейнеу ауданы әкімі нің м.а. Т.Т.Нұрмағанбетов
|
Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары |
Е. Саркенов Н. Абабукиров
А. Шарапатдинов |
|
«Маңғыстау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі |
Д. Үсіпбаев
|
Маңғыстау облыстық қоғамдық
Кеңесінің мүшесі Ү. Имашов
Жалпыұлттық социал-демократиялық
партия Маңғыстау облыстық
филиалының төрағасы С. Мынбаев
Келісілді
30.09.2026 15:45 Қайнарбаев Жансейт Исаханұлы
30.09.2026 15:46 Сансызбаев Пікір Берекетұлы
30.09.2026 15:47 Нұрым Ұлжан Асылханқызы
30.09.2026 15:49 Төретаев Сымбат Қуанышұлы
30.09.2026 15:56 Мұқаш Мақсат Асқарұлы
30.09.2026 16:07 Парахатов Руслан Бахадирович
30.09.2026 16:09 Күміскалиев Ержан Копярович
30.09.2026 16:15 Сейлов Маралбек Мугайулы
30.09.2026 16:16 Нурмаганбетов Т. Т. ((и.о Шалбаев Р. Ы.))
30.09.2026 17:13 Құлжанов Қанат Жаңбырұлы
Подписано
30.09.2026 17:35 Жеткізгенұлы Тілек