«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ САУДА БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ 2025 ЖЫЛҒА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ БОЙЫНША АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

«Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2025 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді. Ол өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Ережені басшылыққа алады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін басқарма басшысы Сансызбаев Пікір Берекетұлы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 09.06.2026 ж. № 01-14/12 бұйрық шығарылды.  «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 09.06.2026 ж. № 01-14/12 бұйрығына өзгерістер енгізіліп, 14.07.2026 жылғы №01-14/16 бұйрығына сәйкес, қызметтік қажеттілікке байланысты, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты жұмыс тобына өзгерістер енгізіліп, төмендегідей бекітілді: жұмыс тобы төмендегідей бекітілді:

Жұмыс тобының төрағасы: Сансызбаев Пікір Берекетұлы – «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ басшысы;

Жұмыс тобының мүшелері:

-  Серікбаев Игісат Бостанғалиұлы – «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы;

– Габбасова Айгерім Қайратқызы – «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бөлімінің басшысы;

- Закиржанов Руслан Бегендікұлы – «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ сауда және мониторинг бөлімінің бас маманы;

- Ерниязова Асел Маликовна  - «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы;

Жұмыс тобының хатшысы:

- Ордабаева Г.К. – «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бөлімінің бөлімінің бас маманы.

  1. Есепті кезең

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі - 2025 жыл

Сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау жүргізу мерзімі 2026 жылдың 15 маусым айынан басталып 30 жұмыс күнді құрайды.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

Сипаттама бөлігі:

  1. Персоналды басқару.

 «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінде 2025 жыл басында 16 бірлікті құрады. Басқару құрылымы бойынша 3 бөлімнен құралған, оның ішінде:

Басшылық

Басқарма басшысы-1 бірлік,

Басшы орынбасары-1 бірлік.

Кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бөлімі - 4 бірлік (3 мемлекеттік қызметші, 1 - статистик );

Кәсіпкерлікті дамыту бөлімі - 4 бірлік (3 мемлекеттік қызметші, 1 статистик);

Сауда және мониторинг бөлімі - 6 бірлік (4 мемлекеттік қызметші, 2 - статистик).

Конкурс арқылы тағайындау мәселелері бойынша:

Жыл басынан бастап мемлекеттік қызметке қабылдаудың барлық конкурстық рәсімдерін облыс әкімі аппаратының жанындағы персоналды басқарудың бірыңғай қызметі жүзеге асырады, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына сәйкес, талданатын кезеңде 2025 жылы жалпы  6 конкурс өткізілді. Нәтижесінде 6 адам мемлекеттік қабылданды. Атап айтқанда, 1 бірлік басшы орынбасары,  1 бірлік бөлім басшысы, 4 бірлік бас маман  лауазымдарына тағайындалды. Жұмысқа қабылданған мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы  № 410-V ҚРЗ  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 11 бабы 2 тармағы  негізінде активтері мен міндеттемелері, кірістері мен мүлкі туралы декларацияны уақытылы тапсырып, қызметке тағайындалды.

Ауысу тәртібімен тағайындау бойынша:

2025 жыл басында бос лауазымдарға «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі» Қазақстан Республикасының заңы 27 бабының  10 тармағы және «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 жарлығы «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен ауысу тәртібімен орналасу қағидаларының 2 тармағына сәйкес  конкурстық іріктеу жүргізбей тағайындалды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша бос лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізу кезінде заңда көзделмеген артықшылықтар (протекционизм, отбасылық) беру фактілері анықталған жоқ.Теріс себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босату және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапқа тартылған фактілер жоқ.

Лауазымға   тағайындау тәртібі мәселелері бойынша басқарма бос орындағы  лауазымға мемлекеттік қызметшілерді  облыс әкімі аппаратының жанындағы персоналды басқарудың бірыңғай қызметімен жүзеге асырылған конкурстық хаттама нәтижесінде іріктеуден өткен үміткерлерді «Е-қызмет» порталы арқылы жұмысқа қабылдайды және тағайындайды.

Басқармада конкурстық іріктеуді өткізбей лауазымға тағайындау, конкурстық іріктеуді ресми жүргізу, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау мәселелері орын алмаған.  

2025 жыл басынан бері 6 бос жұмыс орны конкурс арқылы өткізіліп, біліктілік талаптары, қажетті құжаттар тізбесі, іріктеудің әртүрлі кезеңдеріне жіберілген адамдар туралы ақпараттар уақытылы орналастырылып отырды. Конкурс өткізу жөнінде хабарландырулар басқарманың ресми сайтына жарияланып, барлық конкурсқа қатысқан кандидаттар әңгімелесуден өткен. Әңгімелесу кезінде кандидаттар үшін тең   жағдайлар қарастырылған.

Конкурстарды өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында әңгімелесулер байқаушылардың қатысуымен өткізілді. Конкурс өткізу нәтижесі бойынша барлығы 6 байқаушы қатысқан.

 Кандидаттарды жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдайтын адамдарда мүдделер қақтығысын орын алмаған.

«Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметшілерге жалақылары Қазақстан Республикасы     Үкіметінің   2017   жылғы   30   қазандағы  № 687  «Мемлекеттік  қызметшілердің   лауазымдық    айлықақы   белгілеуге  құқық   беретін    жұмыс өтілін     есептеу    қағидаларын    бекіту   туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 21 желтоқсандағы  № 302 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы, Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбп Қаулысының 43 қосымшасын басшылыққа   ала   отырып төленеді. Яғни жыл басында арнайы  Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқарманың қызметкерлеріне еңбекақы алуға құқық беретін еңбек өтілін есептеу жөніндегі комиссиясы отырысы өткізіліп, еңбек өтіліне қарай ақы төлеу категориясы анықталады.

Басқармамен 2025 жылы алынбаған тәртіптік жазалар болған кезде қызметкерлерді көтермелеу орын алмаған.  

Басқармада жұмыс нәтижелеріне қарамастан, қызметкерлерді талдау объектісінің лауазымды адамдарының қалауы бойынша көтермелеу орын алмаған; Тәртіптік жазаларды тым қысқа мерзімде алып тастау орын алмаған.  Заңнаманы бұзған немесе оған жол берген, жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын бұзған немесе шектеу орын алмаған. 

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу:

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша Басқарманың жұмыс тобы мүдделер қақтығысының болмауына, қызметкерлердің басқарма басшыларымен жұмысқа қабылданған үлестестігіне, кадрлардың ауысу себептеріне, қызметкерлерді жұмыстан шығаруға (лауазымын төмендетуге), бірлескен жұмысқа сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. Басқарма қызметкерлерінің арасында жақын туыстары, жұбайлары мен жекжаттары, бір бөлімде туыстық бауырлардың жұмыс жасауы орын алмаған.  

Басқармада мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу бойынша мониторинг жүргізу бойынша жауапты тұлға бекітілді. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық нұсқаулықтары бекітіліп, мемлекеттік қызметшілерге теңдей дәрежеде функционалдық қызметтері бөлінген. Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық міндеттемелерін орындау кезіндегі мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.

Басқармада алқалы органдардың қызметін реттейтін құжаттар жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету:

2025 жылы Басқармаға бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2 түрі ұсыну көзделген, олардың 1-і толық автоматтандырылған, бұл мемлекеттік қызметтердің көрсету кезінде қызмет алушымен тікелей байланысты болдырмайды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады:

Көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері:

  1. «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру»,
  2. «Инженерлік инфрақұрылымды жеткізуді дамыту бойынша қолдау беру» қызметтері.

Аталған қызмет түрлері «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 740 қаулысына сәйкес ұсынылады.

2025 жылы Басқармадағы мемлекеттік қызметтер «Kezekte.kz.» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілді. «Инженерлік инфрақұрылымды жеткізуді дамыту бойынша қолдау беру» қызметтері бойынша 2025 жылы бойынша өтінім келіп түспеген.

2025 жылы «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру» бойынша қызмет түріне 100 млн.теңге сомасына жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді, қызмет түрі электронды түрде жүргізілді. Конкурсқа құжат қабылдау 1-10 қазан аралығында кәсіпкерлерден өтінім қабылданды. Грант сомасы 5 млн.теңгеге дейін құрайды. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар алуға «Kezekte.kz.» ақпараттық жүйесі арқылы  60 өтінім келіп түсті. Оның ішінде, 32 өтінім қабылданды комиссия қарауына ұсынылып, 18 өтінім мақұлданды, 24 өтінім кәсіпкермен кері қайтарылды, 4 өтінімнен құжаттардың және оның құрамындағы мәліметтердің дұрыс болмауына, кәсіпкердің қағида бойынша талап етілген құжаттарды толық тапсырмауына, кәсіпкердің жобасының экономиканың басым секторларына сәйкес келмеуі, өтінімді дұрыс толтырмауы, құжаттардың толық болмауына байланысты бас тартылды.

Мемлекеттік қайтарымсыз гранттар беру конкурстық комиссия отырысында қаралады. Маңғыстау облысы әкімінің 2025 жылғы 31 қазандағы № 115-ө өкімімен гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия бекітілді.

«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік

гранттар беру қағидалары» 16 тармағында: «Конкурстық комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасары және конкурстық комиссия мүшелері кіреді.

Жергілікті атқарушы органдар мен қаржы агенттігінің өкілдері конкурстық комиссияның төрағасы бола алмайды. Конкурстық комиссияны жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми-білім беру мекемелерінің, салалық сарапшылардың, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының кемінде 7 (жеті) адамнан тұратын өкілдері құрайды..» делінген. Жоғарыда аталған конкурстық комиссияда мүдделелер қақтығысы орын алмаған. Конкурстық комиссия жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми-білім беру мекемелерінің өкілдерінен, салалық сарапшылардан, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен құралған. 

Мақұлданған 18 жоба бойынша кәсіпкерлермен келісімшарт жасақталып,  кәсіпкерлерге жолданған.

Мемлекеттік гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қол қою дауыс беру нәтижелері мен конкурстық комиссияның қорытынды шешімі веб-портал арқылы жүзеге асырылған.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында басқармамен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қызмет алушы кәсіпкерлерді басқарма қызметкерлері жеке қабылдап, түсіндіру жұмыстары жүргізілді, өткізілген түсіндіру іс-шараларының саны – 117 бірлікті құрады (Басқарманың Instagram (mangystau.business) және facebook әлеуметтік желілерінде жарияланды). Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасында негізсіз бас тарулар, бас тарту мерзімдерінің бұзылуы орын алмаған. 

Басқарманың кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бөлімінің бөлмесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат тақтада орнатылған, қолжетімді. Сонымен бірге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»  КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат тақтада ілінген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша есептік көрсеткіштердің дәйектілігі, нормативтік құқықтық актлер талаптарының, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың орындалуы мен сақталуы, ақпараттық жүйелердің жұмысы, басқарманың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының толтырылуы қаралды.

Басқармада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды түрде болуына байланысты «Өзіне өзі қызмет көрсету секторы» қызмет алушыларға ашу қажеттілігі жоқ. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі басқарманың интернет жүйесі арқылы басқарманың сайтына және әлеуметтік желілерінде инфографика түрінде, тікелей эфирде және бизнес тренингтер жүргізу арқылы түсінік жұмыстары жүргізілген.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап ету фактлері орын алмаған. Басқармамен мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде Kezekte.kz порталы пайдаланылады, ақпараттық жүйе белгіленген тәртіп бойынша жұмыс жасады.   Ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде мемлекеттік қызмет көрсету процестерін «қолмен» түзету мүмкіндігі орын алмаған. Басқармамен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электрондық түрде көрсетілгендіктен қызмет алушы мен қызмет берушінің арасында тікелей байланыс орын алмаған. Мемлекеттік қызмет көрсетуді реттейтін құқықтық актіні тым ұзақ қабылдау орын алмаған. Басқармада «жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жоқ.   

Рұқсат беру функцияларын іске асыру: «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінде рұқсат беру функциялары жоқ.  

Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру: «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінде бақылау-тексеру функциялары жүзеге асырылмайды. 

Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу:

Мемлекеттік сатып алу бойынша

Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегіде мемлекеттік сатып алу порталы арқылы тауарлар, жұмыстар мен қыземттерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. Мемлекеттік сатып алуды жүргізу барысында басқармасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығының, ағымдағы жылдың  1 шілдесінен бастап басқармасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдесіндегі Қазақстан Республикасы Заңының, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы                 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығының  нормаларын басшылыққа алған.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының негізінде 27.12.2024 жылы 01-14/52 бұйрығымен 2025 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары әзірленіп және бекітілді және мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылды (жалпы саны 58 тармақтан құралған, жалпы сатып алу көлемі – 158 150 592.88 тг. ҚҚС-сыз)

Басқарма бюджет бекітілген уақыттан бастап 10 жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V ҚРЗ  «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының  5 бабы  2 тармағы  6 тармақшасы 6 тармағы және Қазақстан Республикасының қаржы министрінің 2015 жылғы  1 желтоқсандағы  № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын негізге ала отырып мемлекеттік сатып алу жоспары мемлекеттік сатып алу порталына уақытылы енгізілген.

2025 жылы жалпы сомасы  158 150 592.88 тг. ҚҚС-сыз іс жүзінде мемлекеттік сатып алу жүргізілді, оның ішінде :

001-015-149 ерекшелік бойынша бағалы ұсыныстарға сұраныс тәсілімен 1 050 467.96 теңге сомасына 29 лот бойынша кеңселік тауарларға мемлекеттік сатып алу жүргізілді.

001-015-159 ерекшелік бойынша

  1. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 39-бабы 3-тармағы 36 тармағы «Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған адамнан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу» тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен және негізінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдесіндегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабы 3 тармағы 28 тармақшасы 28) «егер біртекті тауарлардың құндық мәндегі жылдық көлемі айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспаса, осындай біртекті тауарларды, егер біртекті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен аспаса, осындай жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, ал аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса, сатып алу» 9 лот бойынша 85 834 264,00 теңге сомасына келісімшарт жасақталды.
  2. Баға ұсыныстарына сұраныс тәсілімен 6 лот бойынша жеңімпаздар анықталып,оның ішінде 6 лот бойынша 18 397 351,00 теңге сомасына қызметтер мен жұмыстарға мемлекеттік сатып алу жүргізіліп, келісімшарт жасақталды.
  3. Баға ұсыныстарына сұраныс тәсілімен 1 жеңімпаз анықталып өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден алу тәсілімен 75 000,00 теңге сомасына қызметке мемлекеттік сатып алу жүргізіліп, келісімшарт жасақталды.

001-015-157 ерекшелік бойынша «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының  ашық конкурс тәсілімен 1 лот бойынша жеңімпаздар анықталып,               15 886 080,00 теңге сомасына қызметтерге мемлекеттік сатып алу жүргізіліп, келісімшарт жасақталды.

003-015-414 ерекшелік бойынша «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының  баға ұсыныстарына сұраныс тәсілімен 248 689,00 теңге сомасына                5 лот (кресло, бейнекамералар, принтер, сейфтер) ойнатылып, келісімшарт жасақталды.

 «Маңғыстау облысы бойынша қаржы басқармасы» ММ-ге ай сайын 12 есеп (тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы) беріледі.

«Маңғыстау облысы бойынша қаржы басқармасы» ММ-не жеткізушілері мен шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы тоқсан сайын есеп  беріледі.

Басқармада мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің саны мен көлемінің олардың нақты қажеттілігіне сәйкес келеді. Мемлекеттік сатып алу жоспары бойынша бюджеттік өтінімге сәйкес тауар бірлігіне белгіленген баға  негізді. Бюджеттік өтінім жолдау кезінде 3 немесе одан көп бағалық ұсыныстар арқылы тауарлардың жоспарланған құнының нарықтық құнына сәйкес келеді. Сатып алуды бәсекелес өнім берушіге қатысты техникалық ерекшеліктерде «ұштау» деп аталатын сипаттамалары орын алмаған. 2025 жылға мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары тарапынан тексерулер жүргізілген жоқ.  Жабдықтаушының тауарды жеткізу, жұмыстар мен қызметтер көрсету шартынан туындайтын міндеттемелерді уақтылы және сапалы орындалған.

2025 жылы бюджет қаражатының игерілуі

Басқармадағы қаражат жергілікті бюджеттен трансферттерге ғана беріледі. Бюджет және қаржы қаражатын игеру бойынша есептілік уақытылы пысықталып тапсырылып отырады. Игеру 99,7% құрайды.

Бюджеттік классификатор коды

Бағдарлама атауы

Бюджет

2025 жыл

31.12.2025 жылға жоспарлы қаржыландыру

31.12.2025 жылға игеру

% орындалуы

Орындалдмаған сома

АБП

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

1

2

3

4

5

6

7

8

9

278

001

015

Кәсіпкерлік және сауданы дамыту саласында жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер

2019593

2019593

2017377.6

99.89%%

2214,4 үнемделген

278

004

015

Жеке кәсіпкерлікті қолдау

87600,0

 

87600,0

 

87600,0

100%

0

278

006

015

Несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау

1 500 000,0

 

1 500 000,0

 

1 500 000,0

100%

0

278

007

015

 Несиелер бойынша ішінара кепілдендіру

131 173,0

 

131 173,0

 

131 173,0

100%

0

 

 

 

 

3 738 366

 

 

99,9%

 

Қаржылай қолдау шаралары

Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында 2025 жылы субсидиялау құралына 15,5 млрд теңге (республикалық бюджеттен 14,5 млрд теңге және жергілікті бюджеттен 1,0 млрд теңге), кепілдендіру құралына 250,0 млн теңге және мемлекеттік гранттарға 100,0 млн теңге бөлінді.

* анықтама үшін: Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының шотына тікелей аударылады.

         2025 жылдың қорытындысы бойынша 16,1 млрд теңге несие сомасына Бірыңғай кешенді бағдарлама шеңберінде 222 жобаға қолдау көрсетілді (басқа өңірлер арасында 4 орында.), нәтижесінде 81 жаңа жұмыс орны ашылып, 150 жұмыс орны сақталады. Оның ішінде:

         - Пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау аясында  15,1 млрд теңге несиеге 177 жоба қолдау алды (Несиенің орташа чегі – 85,3 млн.теңге. Бір жобаға шамамен 1 жаңа жұмыс орны құрылады.)

         - Кепілдендіру құралы бойынша 947,7 млн теңгеге 45 жоба қолдау алды.

         Әлеуметтік кәсіпкерлерге және «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистеріне мемлекеттік гранттар беру бойынша 2025 жылы жергілікті бюджеттен 100 млн теңге бөлінді. Конкурстық рәсімдер қараша айында өткізіліп, 87,6 млн теңге болатын, 48 жаңа жұмыс орындарын құрумен 18 кәсіпкердің жобасы мақұлданды.

         Сонымен қатар, жыл сайын қабылданған міндеттемелердің көбеюіне байланысты ірі жобаларды субидиялау құралына бөлінетін қаражатқа «Даму» қоры жеңілдетілген несие беру аясында «Өрлеу» жаңа бағдарламасы іске қосылды. 

         Аталған бағдарламасы аясында 16,4 млрд теңге несиеге 138 жоба қолдау алды.

         1-ші кепілдік беру қоры шеңберінде 113.6 млрд теңге сомасына
 220 жоба қолдау тапты, оның – 13.7 млрд теңгесі берілген кепілдіктер.

         Сондай-ақ, ішкі сауда субъектілерін қолдау мақсатында 1,7 млрд теңге несиеге 27 жоба қолдау алды.

Қаржылай емес қолдау шаралары

Облыс әкімінің орынбасары Т. Жеткізгенұлының басшылығымен 1-ші тоқсанға арналған көшпелі кеңес жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес, қалалық және аудандық бөлімшелерде 8 кездесу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары А. Балманованың төрағалығымен қалалар мен аудандарда 5 кездесу өткізілді. Сондай-ақ, осы жылдың 11 қыркүйегінде «Даму» ҚДҚ ашық есік күні ұйымдастырылып, онда мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кәсіпкерлерді және кәсіпкерлік бастамасы бар азаматтарға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Ақтау, Жаңаөзен қалаларында және барлық аудан орталықтарында  Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – КҚКО) жұмыс жасайды. Орталықта бизнес-пландар жасақтау, маркетолог қызметтері бойынша кеңестер, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша консультациялар, кәсіпкерлікке баулу мақсатында семинар-тренингтер, бухгалтерлік және салық есебін жүргізу бойынша консультациялар және т.б. қызметтер көрсетіледі.

            «Маңғыстау» КҚКО ЖШС 2025 жылы 4 180 қызмет көрсету жоспарланып, 4 220 қызмет көрсетілді (Бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізу, сондай-ақ статистикалық есептілікті құру бойынша қызметтер – 1 103; мемлекеттік сатып алулар, соның ішінде ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылармен сатып алулар өткізуге қатысты қызметтер – 447; кәсіпкерлердің және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың өтінімі бойынша бизнес жоспарлар әзірлеу – 440; кәсіпкерлердің және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың өтініштерін сүйемелдеу бойынша қызметтер – 1 570; заңды қызметтер көрсету – 660).

«Мен кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту» қаржылық емес қолдау құралы бойынша қызметтер көрсетуге жергілікті бюджеттен 2025 жылы 65 млн теңге бөлінді. Жобаны Басқарма тапсырысымен Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырды. Жоба 2 бағытты (әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы және кәсіпке бағыт) қамтыды.

Анықтама үшін: «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» бағыты аясында Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері кеңес беріп, олардың қажеттіліктерін анықтайды. Одан кейін сұранысын анықтап, соған сәйкес қыз-келіншектерді оқытты. Ал «Кәсіпке бағыт» ер азаматтар да, әйелдер де қатыса алады. Негізгі талабы – кәсіпкер болуы керек, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлерге басымдық берілді.

Аталған жоба аясында өткен жылы 570 адам тегін кәсіптік және бизнес-оқуын аяқтап, арнайы сертификаттар табысталды. (1) «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» бағытымен 360 кыз-келіншек және) «Кәсіпке бағытқа» бағытымен 210 адам  қамтылды).

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету және басқалар.

«Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығына сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдауды Басқарма тоқсан сайын жүзеге асырады.

Анықтама үшін: Маңғыстау облысы бойынша «Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне»  77 кәсіпкер тіркелген.

  1. 2024 жылы тізілімге 37 кәсіпкер тіркелді;
  2. 2025 жылы тізілімге 70 кәсіпкер тіркелді.

Сауда саласындағы жалпы көрсеткіштер

2025 жылдың қаңтар-желтоқсан жағдайына ішкі тауар айналымы 1 278,2 млрд.теңге, НКИ 109,0%, құрады.

Оның ішінде көтерме сауда – 685,7 млрд теңгені (салыстырмалы кезеңмен 103,1% өскен), бөлшек сауда – 584,9 млрд теңгені (салыстырмалы кезеңмен 111,3% өскен) құрады.

Сауданың нақты көлемі индексі соңғы 3 жылда:

2022 жыл қаңтар-желтоқсан – 687 ,3 млрд теңге, НКИ 123,1%

2023 жыл қаңтар-желтоқсан – 980 ,9 млрд теңге, НКИ 127,7%

2024 жыл қаңтар-желтоқсан – 1,1 трлн теңге, НКИ 106,8%

Өңірдегі сауда нысандарының көлемі

Маңғыстау облысында 3 гипермаркет, 239 супермаркет (оның ішінде  54 сауда объектісі бар 4 сауда желісі бар: «Дина» - 9, «Анвар» - 3, «Дана» - 23, «Алтын фуд» - 13), 360 минимаркет, 1 550 үй жанындағы дүкен және 43 базар бар.

Облыс бойынша ресми тіркелген 43 базардың ішінде мамандандырылғаны – 19 (авто, құрылыс, киім – кешек, мал және т.б.), әмбебап – 24.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы:

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2018-2023 жылдары 4,8 млрд теңге қаражат бөлінген. Аталған қаражат тұрақтандыру қорын толықтыруға, тұрақтандыруды қорына форвардтық келісім-шарт және «айналым механизмі» тетігі аясында азық-түлік қорын қалыптастыруға жұмсалған.

2025 жылы жергілікті өндірушілердің тауарларын ілгерілетуге жәрдемдесу бойынша облыс әкімдігі, 23 жергілікті азық-түлік тауарларын өндіруші кәсіпорындар мен шаруа қожалықтар және 5 сауда желісі арасындағы үшжақты ынтымақтастық меморандум жасалды. Осы меморандум аясында жергілікті тауар өндірушілерге келесідей қолдаулар көрсетілуде:

  • Сауда объектілеріндегі сөрелерде жергілікті тауарларды көрінетін;
  • Физикалық қолжетімді орындарға орналастыру;
  • Сауда алаңдарын барынша ұсыну;
  • 5 пайыздан аспайтын сыйақы мөлшерлемесін белгілеу;
  • Жеткізілген өнім үшін төлемді 14 тәуліктен асырмай төлеу;
  • Сауда желісіне енгізген өнімнің жаңа түрі үшін ақы алмау, акциялар (жеңілдіктер) өткізуге міндеттемеу қамтылған.

Басқармада ішкі аудит, ішкі бақылау жөніндегі функцияларды орындайтын бөлімшелердің жоқ. Басқарманың бюджет және қаржы қаражатын жұмсаудың ашықтығын басқарманың ресми сайтына және «Ашық бюджет», «Publicbudgeting»,  ақпараттық жүйелеріне үнемі орластырылып отырады, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 6-бабы 9-тармағы тұрақты сақталған.

Басқарма қызметкерлерінен ай сайынғы еңбекақы төлеуінен ұсталынатын  салықтар ай сайын төленіп отыр.  Салықтар мен өзге де төлемдер уақытылы орындалып отыр. Басқарма өкілдерінің және салықтар мен өзге де төлемдер тоқсан сайын 200 нысан бойынша салық комитетіне ұсынылып отырады.  Салықтарды төлеу және өзге де төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау рәсімдерінің күрделілігі жоқ Салықтарды және өзге де төлемдерді жинау кезінде пайдаланылатын ақпараттық жүйелердің тиісінше жұмыс істеп тұр.  

Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану:

Басқарма тікелей IT-саласына қатысты мекемелермен келісімшартқа отырмаған. Басқарманың министрлікмен бекітілген ресми сайтына басқармаға қатысты барлық бюджеттік ақпараттар уақытылы орналастырылып отырады. Бұл басқарманың бюджеттік ашықтығын білдіреді.  

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:

Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамау фактілері орын алмаған. Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері орын алмаған. Жұмыскерлердің сыбайлас жемқорлық фактілері орын алмаған. 

Жүргізілген талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Басқарма облыс әкімдігі жанындағы 7 консультативтік-кеңесші органның жұмыс органы болып табылады:

  1. Азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбегіндегі делдалдық схемаларын тергеп-тексеру бойынша комиссия Маңғыстау облысы әкімінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № 85-ө өкімімен құрылды. Комиссия Жұмыс алгоритміне сәйкес жұмыс жасайды. 2025 жылы комиссиямен 72 отырыс өткізілді.

Анықтама үшін:

2025 жылы 152 кәсіпкерлік субъектілерге ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 193 және 204 баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, оның ішінде 85 кәсіпкерге 1 507 712 теңгеге айыппұл салынды, 67 кәсіпкерге ескерту жасалды.

Өңірдегі барлық елді мекендердегі құрылған 53 мониторингтік «Халық бақылауы» топтары сауда орындарындағы ӘМАТ бағаларына мониторинг жұмыстарын жүргізіп, ӘМАТ 15%-дан астам үстемеақыға жол бермеу туралы түсіндірме жүргізіліп келеді.

Жоғарыда аталған комиссиялар бойынша мүдделер қақтығысы орын алмаған.

2) ӘМАТ тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі комиссиясы Маңғыстау облысы әкімінің 2018 жылғы 15 қазандағы № 64-ө өкімімен құрылды.

Комиссияның мақсаты - Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге:

1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінен 15%-ға асып түскен жағдайда;

2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінен асуымен қоса 30 күн ішінде бөлшек сауда бағаларының бір уақытта 30%-ға өсуі кезінде күнтізбелік 15 күннен кейін қайта қарау мүмкіндігімен белгілейді.

Комиссия әрекеті - Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бекітілілген шекті мәндерінен 15%-ға асып кетпеуін қадағалау бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізеді.

2025 жыл бойынша комиссия отырысы өткізілмеді.

Түсіндірме: Бекітілген шекті бағадан статистика бағасы асқан жағдайда комиссия отырысы өткізіледі.

3) Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі Маңғыстау облысы әкімінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 11-ө өкімімен құрылды. Осы өкімге 2025 жылғы 3 шілдеде № 84-Ө өкіммен Сараптама кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді.

2025 жылы – 5 отырыс өтіп, 50 НҚА қаралды: 14.02.2025ж. № 11-10/31 хаттамада 12 НҚА; 22.04.2025ж. № 11-10/82 хаттамада 7 НҚА; 09.07.2025ж. № 11-10/140 хаттамада 11 НҚА; 08.08.2025ж. № 11-10/175 хаттамада 9 НҚА; 24.12.2025ж. № 11-10/302 хаттамада 11 НҚА.

2024 жылғы өткен отырыстарда Сараптама кеңесі төрағасының орынбасары – облыс әкімінің орынбасары төрағалық еткен, алайда Сараптама кеңесінің төрағасы – облыс әкімі болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасар атқарады.

4) Арнаулы комиссия Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 213 қаулысымен құрылды.

Арнаулы комиссияның (Маңғыстау облысының әлеуетті әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін қарау бойынша) 2025 жылы 4 отырыс ұйымдастырылды; Комиссия отырысының қорытындысына сәйкес, Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне 49 кәсіпкер енгізілді.

5) Аккредиттеу жөніндегі комиссия Маңғыстау облысы әкімінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 11-ө өкімімен құрылды. Осы өкімге 2025 жылғы 3 шілдеде № 84-ө өкіммен Аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарға аккредиттеу куәлік беру 22.04.2025 жылғы      № 59-Ө Маңғыстау облысы әкімінің өкімі негізінде «Жаңаөзен қаласының кәсіпкерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бірлестігі мен «Маңғыстау облысының сауда кәсіпорындар ұйымдар одағы» Қауымдастығы «Коммерсант» Қауымдастығына 3 жыл мерзімге аккредиттеу туралы куәлік берілді.

6) Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық комиссия Маңғыстау облысы әкімінің 2024 жылғы 31 қазандағы № 115-ө өкімімен құрылды.

7) Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесі Маңғыстау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 6 тамыздағы № 138 қаулысымен құрылды.

Мақсаты: экономиканың тұрақты және теңгерімді өсуі және өңірдің бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу, облыстың шағын және орта кәсіпкерлігі үшін бизнес-ахуалды жақсарту, Өңірлік үйлестіру кеңесінің қалалық және аудандық салалық жұмыс топтарының қызметін үйлестіру жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстар болып табылады.

2025 жылдан бері өтінім түспеуіне байланысты өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы  өткізілген жоқ.

Басқарма Ережесі басқарманың ресми сайтына жарияланған. «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері: жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік сауда саясатты жүргізуді қамтамасыз ету болып табылады. 

«Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес, заңнамада белгіленген тәртіппен  мынадай функцияларды жүзеге асырады: Маңғыстау облысында жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын, Маңғыстау облысында кәсіпкерлік және сауда саласы бойынша мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және жауапты болады, өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiкті қолдау инфрақұрылымы объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етеді, жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды, сараптама кеңесінің қызметiн ұйымдастырады, Маңғыстау облысының әкімдігінің  жанындағы  жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптама кеңесі жанындағы жұмысшы органның функциясын жүзеге асырады, жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының қатысуымен өңірлерде кәсіпкерлікті қолдау карталарын әзірлейді, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді, Маңғыстау облысында бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларын іске асыру аясында жобаларды қарау жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесі жанындағы жұмыс органының қызметін жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде Маңғыстау облысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, өз құзыретi шегiнде Маңғыстау облысының ішкі сауда субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады, Маңғыстау облысында жеке кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады, Өңірде командалық-штабтық оқу-жаттығу және төтенше жағдайларға дайындық және өткізу кезінде азық-түлік және азық - түлік емес тауарларымен бірінші қажеттілік қамтамасыз ету бойынша іс-шараларын ұйымдастыруды жүзеге асырады, «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесін цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тиісті шараларды жүзеге асырады, электрондық сауданы дамыту бойынша іс-шараларды жүзеге асырады, Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы іс-шараларын ұйымдастыру, жоспарлау және орындалуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды  жүзеге асырады, «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

«Мемлекеттік қыметшілердің лауазымдық нұсқаулықтары Мемлекеттік

әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 20 бұйрығына сәйкес жасақталған. Мемлекеттік қызметшілер функционалдық қызметтерін лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес атқарады. Барлығына уақытылы таныстырылып, қолдары қойылған.

Басқарманың істер номенклатурасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығы негізінде бекітілген, Басқарманың мөрі талапқа сай келеді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығының Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін  пайдалану  қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес Басқарманың бланкілері талапқа сай екендігі анықталды.

 

Жұмыс тобының төрағасы:

 

Сансызбаев П.Б.

Жұмыс тобының мүшелері:

 

 

 

 

Серикбаев И.Б.

 

 

 

Габбасова А.Қ.

 

Закиржанов Р.Б.

 

 

 

 

 

Ерниязова А.М.

 

Жұмыс тобының хатшысы:

 

 

Ордабаева Г.К.

 

 

 

 

 

Дата публикации
14 августа 2026