Облыста шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі көрсеткіштері бойынша тұрақты мониторинг жүргізілуде, оның ішінде:
- 01.07.2020 ж. жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 53 038 бірлікті құрады;
- 01.04.2020 ж. жағдай бойынша шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың саны 118 989 адамды құрады;
- 01.04.2020 ж. жағдай бойынша шағын және орта бизнесте жұмыс істейтін адамдардың үлесі жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 38,1 % құрады;
- 01.04.2020 ж. жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндіру көлемі 345,9 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,2 %-ға артық (01.04.2019ж. – 262,6 млрд. теңге).
ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің жедел деректеріне сәйкес, 2020 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша ЖӨӨ-де ШОБ үлесі 28,8 % құрады (01.04.2019 ж – 22,9 %).