Көрсеткіштер бойынша тұрақты мониторинг

Облыста шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі көрсеткіштері бойынша тұрақты мониторинг жүргізілуде, оның ішінде:

- 01.10.2020 ж. жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 52 076 бірлікті құрады;

- 01.07.2020 ж. жағдай бойынша шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың саны 124 214 адамды құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,1 %-ға артық  (01.07.2019 ж. – 116 023 адам);

- шағын және орта бизнесте жұмыс істейтін адамдардың үлесі жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 41 % құрайды, бұл көрсеткіш 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 пайыздық тармаққа өскен;

- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндіру көлемі 692,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,6 %-ға артық (01.07.2019ж. – 551,8 млрд. теңге).

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің жедел деректеріне сәйкес, 2020 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша ЖӨӨ-де ШОБ үлесі 31,8 % құрады (01.07.2019 ж – 24,1 %).

Дата публикации
18 октября 2020