Облыста шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі көрсеткіштері бойынша тұрақты мониторинг жүргізілуде, оның ішінде:
- 01.01.2020 ж. жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 52 949 бірлікті құрады;
- 01.10.2019 ж. жағдай бойынша шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың саны 119 086 адамды құрады;
- 01.10.2019 ж. жағдай бойынша шағын және орта бизнесте жұмыс істейтін адамдардың үлесі жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 39 % құрады;
- 01.10.2019 ж. жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндіру көлемі 864,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,8 %-ға артық (01.10.2018ж. – 814,7 млрд. теңге).
ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің жедел деректеріне сәйкес, 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ЖӨӨ-де ШОБ үлесі 23,9 % құрады (01.10.2018 ж – 21,8 %).