Облыста шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі көрсеткіштері бойынша тұрақты мониторинг жүргізілуде, оның ішінде:
- 01.04.2020 ж. жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 52 400 бірлікті құрады;
- 01.01.2020 ж. жағдай бойынша шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың саны 120 510 адамды құрады;
- 01.01.2020 ж. жағдай бойынша шағын және орта бизнесте жұмыс істейтін адамдардың үлесі жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 39,4 % құрады;
- 01.01.2020 ж. жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндіру көлемі 1 189,8 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,6 %-ға артық (01.01.2019ж. – 1 165,1 млрд. теңге).
ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің жедел деректеріне сәйкес, 2019 жылдың IV тоқсанының қорытындысы бойынша ЖӨӨ-де ШОБ үлесі 23,5 % құрады (01.01.2019 ж – 22,9 %).