«Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы Бұйрық

«Маңғыстау облысының кәсіпкерлік 

және сауда басқармасы» мемлекеттік

мекемесіне сыбайлас жемқорлық

тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410 V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) 2025 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – Ішкі талдау) 2026 жылдың 15 маусымынан бастап 15 шілдесі аралығында жүргізілсін.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды ұйымдастыруға жауапты болып басқарма басшысының орынбасары Е.Базар бекітілсін.
  3. Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге жауапты жұмыс тобы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес құрамда құрылсын.
  4. Ішкі талдауды жауапты Жұмыс тобы Басқармаға және оның құрылымдық бөлімшелеріне, олардың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша жүзеге асырсын.
  5. Осы бұйрықтың орындалысын бақылау басқарма басшысының орынбасары Е.Базарға жүктелсін.

 

 

Басқарма басшысы                                                                   П.Сансызбаев

 

Дата публикации
09 июня 2026