МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ САУДА БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ 2020 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНЫҢ ЕСЕБІ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы
19 сәуірдегі № 28 бұйрығына сәйкес, басқармамен 2 қызметтің түрі көрсетіледі:

  1. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру;
  2. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың
2020 жылдың 9 айының есебі бойынша нәтижелеріне сәйкес:

 Барлық көрсетілген қызметтің саны – 4, оның ішінде:

Қағаз жүзінде көрсетілген қызмет саны – 4,

«Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген қызметтің саны – 0.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтің саны – 0.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны – 1.

Мемлекеттік органның кінәсінен белгіленген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтік қызметтердің саны – 0, арыз-шағымдар болмаған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны – 0.

Тиісті қолданылған тәртіптік жазалардың саны – 0, оның ішінде ескерту, сөгіс және қатаң сөгіс болған жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мәселелері бойынша өткізілген семинар-кеңестердің, дөңгелек үстелдердің саны – 4.

Ағымдағы жылдың 15.06 – 22.09 аралығында «Атамекен»  Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен  "Бастау бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізілді. Оқуды аяқтаған  қатысушылардың саны 990 адам.

Аталған оқытуда шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағдаламалары бойынша оқыту модулі қарастырылған. Сонымен қатар, бизнеске арналған электрондық қызметтер де оқытылады.                                      

 Маңғыстау облысының

кәсіпкерлік және сауда

басқарма басшысының орынбасары                                        М.Көбеген

Кәсіпкерлікті дамыту

бөлімінің басшысы                                                               А. Сламғазиева

Орындаушы                                                                              А. Габбасова

 

 

Дата публикации
09 декабря 2020