Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен бекітілген
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
6-1. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесін пайдалану жөніндегі шарттар мен талаптар өңірлік үйлестіруші мен көрсетілетін қызметтерді жеткізуші арасында тиісті шарт жасалғаннан кейін туындаған қатынастарға қолданылады.
Ескерту. 1-тарау 6-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.
2-тарау. Терминдер мен анықтамалар
1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасау, өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімді мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін, мемлекеттік қолдау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-ретке келтірілген жиынтығы.
2) аяқталмаған құрылыс – тапсырыс беруші пайдалануға беру үшін белгіленген тәртіппен қабылдамаған және мақсатына сай (тұру, қызметтер көрсету, өнім шығару, пайда табу және өзге де пайдалану түрлері) пайдаланылмайтын құрылыс объектісі;
3) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімі айқындайтын облыстық деңгейде (астана, республикалық маңызы бар қалалар) Бағдарламаны іске асыруға жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
4) бюджеттік инвестициялық жоба (бұдан әрі – БИЖ) – объектілерді жаңадан құруға не қолданыстағы объектілерді реконструкциялауға, сондай-ақ белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей бюджет қаражаты есебінен іске асыратын ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған аяқталған сипаттағы іс-шаралар жиынтығы;
5) бюджеттік инвестициялық жобаларды мониторингілеу – бюджет қаражаты бөлінген сәттен бастап пайдалануға беру сәтіне дейін жаңа объектілер (салу) құру, қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, сондай-ақ ақпараттың жүйелерді құру, енгізу және дамыту барысы туралы ақпаратты тұрақты және жүйелі жинау және талдау бойынша іс-шаралар кешені;
6) бюджеттік процесс – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелетін, бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу, бюджеттік есеп және бюджеттік есептілік, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, бюджеттік мониторингілеу және нәтижелерді бағалау бойынша мемлекеттік органдардың қызметі;
7) жеке қаржыландыру жоспары – шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары, төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары нысанында қалыптастырылатын мемлекеттік мекеменің негізгі құжаты;
8) жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкiмi айқындайтын бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жүргізуге жауапты жергiлiктi атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесi;
9) заманауи форматтағы сауда объектілері – тауарлардың бір мың немесе одан да көп атауы (бірліктері) бар мамандандырылған немесе аралас ассортименті бар, дәстүрлі қызмет көрсету әдісімен қатар өзіне-өзі қызмет көрсету әдісімен, сондай-ақ қосымша сауда қызметтерін көрсете отырып, жұмыс істейтін, төлем карталарын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдығы (құрылғысы) бар, еңбек және сауда алаңының шаршы метріне сату өнімділігі жоғары, аумақ шекарасы шегіндегі автокөлік құралдарының тұрағына арналған алаңның болуын көздейтін кемінде 500 шаршы метр сауда алаңы бар стационарлық сауда объектісі;
10) инженерлік инфрақұрылым – халықтың тыныс-тіршілік әрекетіне, сондай-ақ өндірістің орнықты жұмыс істеуіне немесе тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің айналымына қалыпты жағдай жасайтын кәсіпорындардың (ұйымдардың), объектілердің (ғимараттар мен құрылыстардың), коммуникациялар мен инженерлік және қамтамасыз ету желілерінің жиынтығы;
11) кәсіпкер – өз қызметін Кодекске сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;
12) қаржылық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ҚЭН) – заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салу орындылығы, негізділігі және нәтижелерін бағалау жөніндегі мәліметтер қамтылатын құжат;
13) құрылыс жобасы – көлемді жоспарлау, конструктивті, технологиялық, инженерлік, табиғатты қорғау, экономикалық және басқа да шешімдер қамтылатын жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру және жүргізу, аумақты инженерлік дайындау, абаттандыру үшін сметалық есептеулер (құрылыс жобаларына аяқталмаған объектілердің құрылысын консервациялау және өз ресурстары таусылған объектілерді кейіннен кәдеге жарату жобалары да жатады);
14) құрылыстың сметалық құны (бұдан әрі – сметалық құн) – сомасы жобалық материалдар мен сметалық-нормативтік база негізінде анықталатын объект салуды жүзеге асыру үшін қажетті ақша;
15) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган – тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктегi стратегиялық, экономикалық және бюджеттiк жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
16) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджеттiк саясатты әзiрлеу және қалыптастыру, сондай-ақ өңiрлiк даму саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
17) нəтижелер көрсеткіштері – стратегиялық жоспарды, аумақтарды дамыту бағдарламасын және (немесе) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік орган қызметін сипаттайтын нысаналы индикаторлардың, тікелей жəне түпкілікті нəтижелердің жиынтығы;
18) объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi – бекiтiлген жобаға және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкес объект құрылысының аяқталуын және объектiнiң пайдалануға толық дайындығын растайтын құжат;
19) өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері құратын және басқаратын қатысушылардың жалпы санының кемінде 50 %-ы бизнес-қоғамдастықтың өкілдерінен тұратын консультативтік-кеңесші орган;
20) техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ТЭН) – негізгі техникалық, технологиялық және өзге де шешімдер, сондай-ақ негізгі техникалық-экономикалық параметрлерді айқындаумен пайдалар мен шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы мен тиімділігін зерттеу нәтижелері туралы мәліметтер қамтылатын құжат;
21) түпкiлiктi нәтиже – мемлекеттiк орган қызметiнiң тікелей нәтижелерiне қол жеткiзуге негізделген стратегиялық жоспардың, аумақтарды дамыту бағдарламасының және (немесе) бюджеттiк бағдарламаның мақсатын санмен өлшейтін бюджеттік бағдарлама көрсеткіші;
22) тікелей нәтиже – көзделген бюджет қаражаты шегінде ұсынылатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы, оларға қол жеткізу толығымен осы функцияларды жүзеге асыратын ұйымның қызметіне, өкілеттіктеріне немесе қызметтер көрсетуіне байланысты;
23) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.
24) өтінім – осы Инфрақұрылымды жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген қағаз немесе электрондық нысандағы өтініш.
25) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін, Интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс;
26) жеке кабинет – пайдаланушының (кәсіпкердің, уәкілетті органның, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің, ӨҮК, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің) тізілімдегі дербес веб-парақшасы;
27) жеке шот – өтінімдерді тіркеу және олармен операцияларды есепке алу мақсатында кәсіпкерді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тізілімдегі жазбалардың жиынтығы;
28) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі айқындайтын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны иеленуші ретінде сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;
29) өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – өтінімдер туралы, сондай-ақ кәсіпкерлер туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;
30) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе.
31) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.
3-тарау. Жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу шарттары
1) жобаға салынған инвестициялардың көлемі 200 (екі жүз) млн. теңгеден кем болмауы тиіс;
2) инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 50 (елу млн. теңгеден кем болмайды, бұл ретте инфрақұрылымды салудың (реконструкциялаудың) (коммуникациялардың барлық түрлеріне) барынша көп сомасы 1 (бір) млрд. теңгеден аспауы тиіс.
Ескертпе. 12-тармақтың 2) тармақшасы "2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген жобаларға қолданылмайды.
1) жобаға салынған инвестиция көлемі 10 (он) млрд. теңгеден кем болмауы тиіс;
2) инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 2 (екі) млрд. теңгеден кем болмауы тиіс.
1) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында – кемінде 3 (үш) мың шаршы метр сауда алаңы бар;
2) облыстарда – сауда алаңы кемінде 1 (бір) мың шаршы метр.
Жергілікті атқарушы органдар шағын және орта кәсіпкерліктің және индустриялық аймақтың жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу кезінде халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша Бағдарламаға қатысушыларға құрылыс (реконструкциялау) кезінде жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 10 %-ын береді.
20-1. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК жұмыс органы болып табылады, ол:
1) кезеңді негізде өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары және веб-портал арқылы Бағдарламаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде кәсіпкерлердің жобаларына және индустриялық аймақтарға жетіспейтін инфрақұрылымды қаржыландыру түрінде кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету барысын жария етуді қамтамасыз етеді;
2) кәсіпкерлердің жобаларына және индустриялық аймақтарға жетіспейтін инфрақұрылымды қаржыландыруды ұсыну шарттары мен тәртібі бойынша кәсіпкерлерге консультациялар береді.
Ескерту. 3-тарау 20-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.
20-2. Жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жеке қаржыландыру жоспары бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны веб-порталға орналастырады.
Ескерту. 3-тарау 20-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.
4-тарау. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына және индустриялық аймақтарға жетіспейтін инфрақұрылымды алу үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі
1) бизнес-жоспар;
2) мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларына сәйкес ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның ТЭН-і;
3) жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.
1) кәсіпкердің жобасын Бағдарламаның шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;
2) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
3) ӨҮК қарауына құжаттардың толық топтамасын қоса бере отырып, кәсіпкерлер жобаларының тізімін енгізеді;
4) ӨҮК отырысы күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, өткізу күнін, уақытын және орнын айқындайды, ол туралы ӨҮК барлық мүшелерін хабардар етеді.
ӨҮК отырысы ӨҮК мүшелері санының кемінде үштен екісі (кворум) қатысқан жағдайда өткізіледі. Шешімді қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен екісі қабылдайды.
1) кәсіпкердің және ол іске асыратын жобалардың Бағдарламаның өлшемшарттарына сәйкестігін тексеру еді;
2) ӨҮК мүшелері арасында кәсіпкердің жобасы мен қоса беріліп отырған құжаттарды, оның ішінде құрылатын тұрақты жұмыс орындары туралы болжамды ақпаратты, бюджетке түсетін салық түсімдерін, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша өнім өндіру көлемін қарайды және талқылайды;
3) талқылаудың нәтижелері бойынша ӨҮК Бағдарламаға сәйкестігі тұрғысынан өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым салуды (реконструкциялауды) қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.
1) осы Инфрақұрылымды жүргізу қағидаларының 12, 13 және 14-тармақтарының өлшемшарттарына сәйкес келетін кәсіпкерлердің мақұлданған жобалары және индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобалары бойынша – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға;
2) жергілікті бюджет қаражаты есебінен инфрақұрылымды жүргізуді жоспарлап отырған және құрылыс құнынан 10 % мөлшерінде жобаларды бірлесіп қаржыландыруды көздейтін кәсіпкерлердің мақұлданған жобалары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.
1) бюджеттік процесс шеңберінде бюджеттік өтінімнің Бағдарламаның шарттарына және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкестігін қарайды;
2) қажет болған жағдайда жергілікті бюджет бағдарламаларының әкімшілерінен БИЖ іріктеу бойынша неғұрлым толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттарды талап етеді;
3) құжаттардың толық топтамасымен БИЖ тізімін қалыптастырады;
4) шығыстар көлемін негіздеу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жиынтық бюджеттік өтінім жібереді;
5) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік комиссияның қарау қорытындысы және шешімі бойынша өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салуды (реконструкциялауды) қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы хабарлайды.
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамаларына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы табиғи нормалар мен стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына және бюджеттік бағдарламалардың жобаларына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбiр бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлерiн есептеу кезінде басшылыққа алу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған бағалардың деректер базасы да пайдаланылады.
Бюджеттік өтінім жасалуы және ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық/жергілікті уәкілетті орган оны бюджеттік бағдарлама әкімшісіне қараусыз қайтаруға міндетті;
2) материалдарды қарау нәтижелері бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалар жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырып, оларды тиісті бюджеттік комиссияның қарауына жібереді;
3) уәкілетті органды/жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін бюджет комиссиясының шешімі туралы хабардар етеді;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің/жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды іске асыру/жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулы жобасын әзірлейді.
5-тарау. Индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жөніндегі жобаларға жетіспейтін инфрақұрылымды алу үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі
ӨҮК жоба Бағдарламаның өлшемшарттарына, жергілікті кәсіпкерліктің мүмкіндіктеріне сәйкес келген жағдайда оң шешім шығарады.
6-тарау. Кәсіпкердің "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінімді беру тәртібі
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.
1) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Инфрақұрылым жүргізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім беру.
"Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
2) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өтінімді тіркеу;
3) деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылының нәтижесінде расталған кәсіпкердің субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы.
Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоттың болуы кәсіпкерлерге өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол осындай тіркеу жүргізілген кезден бастап берілген болып есептеледі.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.
43-1. Кәсіпкерлердің жобалары мен индустриялық аймақтарға жетіспейтін инфрақұрылымды қаржыландыруды алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматындағы мынадай сканерленген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
1) Бизнес-жоспар;
2) уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидаларына сәйкес ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның ТЭН-і;
3) сараптаманың оң қорытындысы бар жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.
Ескерту. 6-тарау 43-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.
Веб-портал (бұдан әрі – жеке кабинет) арқылы тізілім деректеріне қолжетімділік беру үшін:
1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өз бетінше тіркелу үшін кәсіпкерлердің ЭЦҚ болуға тиіс;
2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ бар өз жұмыскерлерінің өзектілендірілген тізімдерін, сондай-ақ ӨҮК мүшелерінің өзектілендірілген тізімдерін жібереді.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.
46-1. Жеке кабинетте тіркелу үшін кәсіпкер мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) жеке кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы; бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және ЖСН;
3) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы);
4) екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелері.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде кәсіпкер бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.
Ескерту. 6-тарау 46-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.
46-2. Кәсіпкердің өтінімді қалыптастыруы және тіркеуі жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) осы Инфрақұрылым жүргізу қағидаларының 43-тармағы 3) тармақшасының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің тексеруі үшін қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім қалыптастырылады;
2) өтінім кәсіпкердің ЭЦҚ қол қою арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің веб-порталда көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімнің қарауға түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.
Егер Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өтінімді ӨҮК қарауына жіберген кезге дейін тіркелген өтінімде қателіктер анықталған жағдайда, кәсіпкер қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарып алуға құқылы.
Ескерту. 6-тарау 46-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.
1) тиісті хабарламаға ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қою арқылы оның қабылданғанын растайды. Бұл хабарлама кәсіпкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады;
2) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
3) ӨҮК барлық мүшелерін өтінім бойынша дауыс беру қажеттігі туралы хабардар етеді. Бұл хабарлама ӨҮК әрбір мүшесінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.
Дауыс беруді ӨҮК әрбір мүшесі субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде отырыс өткізбей жеке жүзеге асырады.
Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.
1) Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан кәсіпкердің жобалары мен қоса берілетін құжаттарды, сондай-ақ кәсіпкерлер жобаларын іске асыру қорытындылары бойынша құрылатын тұрақты жұмыс орындары, бюджетке түсетін салықтық түсімдер, өнім өндіру көлемдері туралы болжамды ақпаратты қарау;
2) "келісемін" немесе "қарсымын" тармақтарын белгілеу әдісімен дауыс беру және жобаларды конкурсқа жіберу.
Дауыс беру қорытындысы бойынша дауыстар саны қосылады және субсидиялаудың ақпараттық жүйесі автоматты түрде қорытынды шешімді айқындайды.
Егер кәсіпкердің жобасына субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген ӨҮК мүшелері санының үштен екісінен кем дауыс берілген жағдайда, субсидиялаудың ақпараттық жүйесі хаттаманы қалыптастырудан бас тартады және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне өткізілмеген конкурс туралы хабарлама жібереді.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.
Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.
Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жыл сайын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділігі бар көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге дербес деректерді қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жауапты адамдардың тізімін жібереді."
Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.
7-тарау. Бағдарлама шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізуді мониторингілеу
1) БИЖ іске асыру барысы туралы ақпарат жинауды;
2) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп дайындауды;
3) БИЖ бойынша қаржы қаражатының игерілген сомасы жөнінде ақпарат жинауды көздейді.
PDF форматындағы есептің сканерленген көшірмесін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі осындай есепті уәкілетті орган/жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне жүктейді.
Ескерту. 57-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.
Жиынтық ақпаратта:
1) республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын БИЖ туралы ақпарат;
2) республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттері және кредиттер есебінен іске асырылатын жергілікті БИЖ туралы ақпаратты қамтылады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері БИЖ іске асырудың жылдық мониторингін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 1 (бірінші) сәуіріне дейін ұсынады.
Жиынтық ақпаратта:
1) жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын БИЖ туралы ақпарат;
2) аяқталған және өтпелі жобалар, әзірленетін ЖСҚ саны бойынша ақпарат;
3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті қаражатының және облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен қаржыландырылатын БИЖ тізбесі, қаржыландыру жоспарының сомасы, нақты орындалу, аяқталған жобалар саны, игерілмеген сомалар мен оның себептері туралы ақпарат қамтылады.
| "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
|
| Нысан |
Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған өтінім
__________________________________________________________________
(бұдан әрі – кәсіпкер) (заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы;
жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), паспорт деректері)
__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның орналасқан жері, пошталық мекенжайы;
жеке кәсіпкердің тұрғылықты жері)
__________________________________________________________________
(жоба іске асырылатын жер)
__________________________________________________________________
(қала (аудан) коды көрсетілген байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта
мекенжайы) _______________________________________________________
(банк деректемелері)
___________________________________________________________________
(қызметтің бейінді бағыттарын көрсету)
__________________________________________________________________
(экономика саласын көрсету, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ)
___________________________________________________________________
(ұйым басшысы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, байланыс телефоны)
___________________________________________________________________
жобаның жауапты орындаушысы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, байланыс телефоны) ___________________________________________________________________
қажетті ақша қаражаты (өз қаражаты, қарыз қаражаты)
__________________________________________________________________
инфрақұрылымды түзету немесе жақсарту қажеттілігінің негіздемесі.
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыру үшін конкурстық іріктеуге қатысатыны туралы мәлімдейді. Кәсіпкер конкурстың шарттарымен танысты және Бағдарламаға сәйкес қажетті құжаттарды қоса береді.
Қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
№ өтінім 20___жылғы "___" ________ сағ."____""____" мин.
Мен өзім ұсынған мәліметтердің дұрыс екенін растаймын және ӨҮК мәліметтерді іріктеп тексеруіне қарсы емеспін. Осы өтінімге қол қою арқылы кәсіпкер мынаны мәлімдейді және оған кепілдік береді:
Кәсіпкер мынамен келіседі:
________________________ ____________________________ Басшы (жеке кәсіпкер) (қолы) (қолтаңбаның толық жазылуы)
| "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін электрондық өтінім
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.
____________________________________________________________________.
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке кәсіпкердің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
заңды тұлға үшін:
атауы _________________________________________________________
БСН___________________________________________________________
аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі____________________________
басшының ЖСН ________________________________________________
мекенжайы ____________________________________________________
телефон (факс) нөмірі ___________________________________________
жеке кәсіпкер үшін:
атауы _________________________________________________________
аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі____________________________
ЖСН__________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі_________________________________________________________
кім берді ______________________________________________________
берілген күні ___________________________________________________
мекенжайы _____________________________________________________
телефон (факс) нөмірі ____________________________________________
Жеке кәсіпкер ретінде қызметі басталғаны туралы хабарлама:
орналасқан жері _________________________________________________
хабарлама күні __________________________________________________
Банк деректемелері: _____________________________________________
Банктің атауы: __________________________________________________
БСК ___________________________________________________________
ЖСК___________________________________________________________
БСН ___________________________________________________________
Кбе ____________________________________________________________
жобаның атауы __________________________________________________
жобаның қысқаша сипаттамасы ____________________________________
жобаны іске асыру орны __________________________________________
қызметтің бейінді бағыты (*жоба облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Семей қалаларында іске асырылған жағдайда толтырылады):
_______________________________________________________
қажетті инфрақұрылым түрі _______________________________________
инфрақұрылымды жүргізу немесе жақсарту қажеттігінің негіздемесі _____
құрылыстың құны, мың теңге ______________________________________
жобаның құны (инвестициялар), мың теңге __________________________
салық салу жүйесі: _______________________________________________
экономика саласын көрсету: _______________________________________
ЭҚЖЖ:________________________________________________________
жалдамалы жұмыскерлер саны _____________________________________
| Р/с № | Жылдар | Факт | Болжам | ||
| ағымдағы жыл | 1-ші жыл | 2-ші жыл | 3-ші жыл | ||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| 1 | Құрылатын жұмыс орындарының саны, адам | - | - | ||
| 2 | Салықтар түріндегі түсімдер сомасы, мың теңге | ||||
| 3 | Шығарылатын өнімнің көлемі, мың теңге | ||||
| Р/с № | Құжаттың атауы | Электрондық файлдың атауы (pdf. форматында) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1 | Бизнес-жоспар | |
| 2 | Жобаның ТЭН | |
| 3 | Жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама |
Мыналарға:
1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің бірінші талабы бойынша осы өтінімді қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпарат пен құжаттарды беруге және ашуға;
2) өтінімде көрсетілген деректер өзгерген жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін дереу хабардар етуге міндеттенемін.
Мыналарға:
1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі және ӨҮК ұсынылған мәліметтерге тексеру жүргізуі мүмкін екендігіне;
2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі көрсетілген деректердің дұрыстығын тексеруге міндетті емес екендігіне;
3) осы өтінімде қамтылған мәліметтер, сондай-ақ барлық талап етілген құжаттар "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыру үшін ғана ұсынылғанына;
4) көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, осы өтінім оны қараудың кез келген кезеңінде қабылданбауы мүмкін екендігіне;
5) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мүдделі үшінші тұлғаларға ұсынуға құқылы екендігіне;
6) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің осы өтінімді, сондай-ақ Кәсіпкердің ықтимал шығыстарын (қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.с.с.) қабылдауы Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің қаржыландыру беру немесе кәсіпкер шеккен шығасыларды өтеу міндеттемесі болып табылмайтынына келісемін.
Конкурс шарттарымен және "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу қағидаларымен таныстым.
Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісім беремін.
Өтініш беруші 20__ жылғы "___" __________ 00:00 сағатта қол қойды және жіберді:
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 20__ жылғы "___" __________
00:00 сағатта қабылдады:
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты