Мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалау жөніндегі комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

Ақтау қаласы                                                                                           03.04.2026 жыл

 Қатысқандар: І. Тұрарова,  Д. Асанова, М. Елеусинова, И. Серикбаев.

Күн тәртібі

 Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының

 2025 жылы мемлекеттік гранттық қаржыландыру аясында

жүзе асырылған 1 жобаны бағалау

(І. Тұрарова,  Д. Асанова, Р. Аймурзаева, И. Татиева, М. Елеусинова)

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің  2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406  бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қағиданың  76-тармағына сәйкес 2025 жылы кәсіпкерлік және сауда басқармасының мемлекеттік гранттық қаржыландыру аясында жүзеге асырылған келесі жобалардың нәтижесі бойынша құжаттар комиссияға ұсынылды.

  • «Маңғыстау облысында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту» жобасының үйлестірушісі «Риза-ана» қоғамдық қоры;
  • «Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуының алдын алу» жобасының үйлестірушісі «Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы»  қоғамдық бірлестігі.

Жобалар аясында жүргізілген жұмыстар туралы құжаттарды қарастырып, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы                  26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қағиданың  77-тармағын басшылыққа ала отырып, Комиссия ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалау төмендегі көрсеткіштермен айқындалсын:
  • «Маңғыстау облысында әлеуметтік кәсіпкерлікті ынталандыру» жобасы 18 балмен (жоғары және (немесе) жоба сәтті іске асырылды) бағалансын;
  1. Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы тиімділікті бағалау нәтижелерін мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жарияласын және жарияланғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік гранттың Операторына жолдасын.

 

  1. Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бөлімі осы хаттаманың орындалуын бақылауға алсын.

Комиссия мүшелері                                     

  __________ І. Тұрарова

 __________ Д. Асанова

 __________ Р. Аймурзаева

 __________ И. Татиева

 __________ М. Елеусинова

 

 

        

 

Дата публикации
06 мая 2026