
Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының міндеттері кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бағытталған. Маңғыстау облысының жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асырады, кәсіпкерлік саласында Маңғыстау облысындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламасының іске асырылуын және орындалуын қамтамасыз етеді және жауапкершілік артады, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылым нысандарының өңірде құрылуы мен дамуын қамтамасыз етеді, жергілікті атқарушы органдар мен мен жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, Ұлттық палата мен нарық инфрақұрылым нысандарының өзара қарым қатынасының дамуы стратегиясын белгілейді,жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін мамандар мен қызметкерлерді даярлау,қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша оқуды қйымдастырады, өңірлік кәсіпкерлер палатасының қатысуымен өңірде кәсіпкерлікті қолдау картасын әзірлейді.