
Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының сауда қызметі сауда қызметіне сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз етуге, сауда қызметіне қолайлы жағдай жасау бойынша шаралар әзірлеуге, тұрғындарды сауда алаңдарымен қамтылуы бойынша ұсыныстар әзірлеуге бағытталған. Сонымен қатар, көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды және әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағасының сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады. Жанар-жағар май материалдарына баға мониторингін жүргізеді және облыс қоймаларында қорлардың сақталуын жүзеге асырады.
Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына бағаны тежеу шеңберінде облыс әкімдігімен 2019 жылдың 02 қазанында №213 «Маңғыстау облысы бойынша Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетігін іске асыру Қағидасын бекіту туралы» қаулысы жасақталды. ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы №145 Қаулысымен Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының тізбесі жасақталды, оған 19 азық-түлік атауы кіреді.
Электрондық сауданы дамыту мақсатында Басқарма мемлекеттік кірістер департаментімен және Ұлттық Банк, «Казпочта» АҚ филиалымен бірлесіп электрондық саудаға қатысушылардың санын және POS-терминал, онлайн ККМ санын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.