Маңғыстау облысына инвестициялар тарту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің қызметі туралы
Мемлекеттік қолдаудың маңызды шараларының бірі инвестициялық преференциялар беру болып табылады, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мынадай түрлерге ие: кедендiк баждар және импортқа қосылған құн салығын салудан босату, мемлекеттiк заттай гранттар.
Анықтама үшін.
Мемлекеттік заттай гранттар кейіннен меншікке не жер пайдалануға өтеусіз бере отырып, инвестициялық жобаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына уақытша өтеусіз пайдалануға берілетін не уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен берілетін Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын мүлікті білдіреді.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1281 бұйрығымен инвестициялық преференциялар беруге өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларына сәйкес инвестор инвестициялық келісімшартты онлайн жасай алады. Инвестициялық келісімшарт жасасу үшін көрсетілетін қызметті алушы бекітілген нысан бойынша инвестициялық преференциялар беруге өтінім береді.
Өтінім қосымшамен бірге уәкілетті орган ретінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетіне жіберіліп, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп пысықталады.
ҚР кәсіпкерлік кодексінің 288-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттiк заттай гранттарды инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен және (немесе) жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдармен келiсу бойынша, инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес инвестициялық мiндеттемелер орындалған жағдайда уақытша өтеусiз пайдалануға не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсына отырып, кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз бередi.
Өз кезегінде, Маңғыстау облысының әкімдігі келіп түскен жобаларды Маңғыстау облысына инвестициялар тарту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – ӨҮК) отырыстарында қарайды.
ӨҮК – Маңғыстау облысы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және экономиканың тұрақты және теңгерімді өсуі және Маңғыстау облысының бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында құрылған.
ӨҮК отырысында жобаларды қарау бойынша заңды тұлғалардың өтінімдерін ӨҮК жұмыс органы – Маңғыстау облысының индустриалдық-инновациялық даму басқармасы тұрақты негізде қабылдайды, ол күн тәртібін қалыптастырады.
ӨҮК отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
ӨҮК шешімдері ұсынымдық сипатта болады және ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер олар үшін ӨҮК мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
ӨҮК отырысы өткізілгеннен кейін ӨҮК отырысының хаттамасы ресімделеді.
ӨҮК отырысының қорытындысы бойынша жоба бойынша ескертулер болған жағдайда, жоба пысықтауға жіберіледі. Жоба бойынша барлық ескертулер жойылғаннан кейін жоба ӨҮК отырысында қайта қарауға шығарылады.
Жоба мақұлданған жағдайда, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚР СІМ Инвестиция комитетімен инвестициялық келісімшарт жасасу үшін заттай гранттар түрінде жер учаскелерін беруді келіседі.
Анықтама үшін.
2023 жылдың 3 тоқсанында ӨҮК отырыстары өткізілген жоқ.