2023 жылғы қаңтар-қыркүйекке Маңғыстау облысының өнеркәсібінің дамуы бойынша ақпарат
2023 жылғы қаңтар–қыркүйекте Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы деректері бойынша облыстың өнеркәсіп өндіріс көлемі – 2059,4 млрд. теңгені (2022 жылғы қаңтар – қыркүйек 2332,6 млрд. теңге), өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі (бұдан әрі - НКИ) өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 99,3% ды құрады Оның ішінде:
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі – 1756,7 млрд.теңге (2022 жылғы қаңтар – қыркүйек -2013,8 млрд. теңге), НКИ – 99,0% -. құрады. Өнеркәсіп құрылымындағы үлесі есепті кезеңде 85,3%.
Мұнай өндіру көлемі табиғи негізде 12304,8 мың тонна (қаңтар – қыркүйек 2022 жыл – 12456,1 мың тонна) немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 98,8% құрады.
Кен өндіру өнеркәсібіндегі қызметтер көлемі
- 192,5 млрд. теңге (2022 жылғы қаңтар-қыркүйек – 185,6 млрд.теңге) немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 92,8% құрады.
Анықтама: Есепті кезеңде өнеркәсіп өндірісінің төмендеуі МАЭК тарапынан электр энергиясының ажыратылуына байланысты кәсіпорындарда мұнай өндіру көлемінің және онымен байланысты салалардағы өндіріс көлемінің төмендеуіне байланысты болып отыр.
Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі қаңтар–қыркүйек аралығында -163,1 млрд. теңгені, НКИ – 97,3% құрады (2022 жылғы қаңтар-қыркүйек – 150,7 млрд. теңге). Өнеркәсіп құрылымындағы үлесі есепті кезеңде 7,9%.
Есепті кезеңде өндіріс көлемінің өсуі былғары бұйымдары (аяқ киім) өндірісінде (126,2%), резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінде (158,7%), металлургия өнеркәсібінде (104,8%) және машина жасауда (126,5%) байқалады.
Кәсіпорындар шеңберінде есепті кезеңде өндіріс көлемінің өсуі келесі кәсіпорындарында байқалады: "Zhamal-ai LTD" ЖШС, "Каскор-Машзавод" АҚ, «Ақтай Машина жасау зауыты» ЖШС, "Arcelor Mittal Tubular Products Aktau" АҚ, «Шыны пластикалық құбырлар зауыты» ЖШС, "ҚазГӨЗ" ЖШС, "SEWON - VERTEX HEAVY INDUSTRY" АҚ, "Теміртас-1" ЖШС", "Жаңаөзен сүт зауыты" ЖШС, "Millina Food Production сомрапи LTD" ЖШС және т. б.
Электр энергиясын газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционері бар ауамен жабдықтау саласында өндіріс көлемі
- 122,4 млрд. теңге (2022 жылғы қаңтар-қыркүйек – 106,3 млрд. теңге), НКИ -106% құрады. Өнеркәсіп құрылымындағы үлесі есепті кезеңде 6,0%.
Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызмет өндіріс көлемі – 17,2 млрд. теңге (2022 жылғы қаңтар-қыркүйек – 15,0 млрд. теңге) НКИ – 107,3% құрады. Өнеркәсіп құрылымындағы саланың үлесі - 0,8%.