2023 жылғы қаңтар-шілдеге Маңғыстау облысының өнеркәсібінің дамуы бойынша ақпарат

2023 жылғы қаңтар-шілдеге Маңғыстау облысының өнеркәсібінің дамуы бойынша ақпарат

 

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы деректері бойынша 2023 жылғы қаңтар – шілдеге облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағаларда  – 1585,9 млрд. теңгеге өнім өндірді, өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі (бұдан әрі - НКИ) 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,6% ды құрады Оның ішінде:

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда

Өндіріс көлемі – 1348,6 млрд.теңгені, НКИ – 100,6% -. құрады (2022 жылғы қаңтар – шілде-1561,3 млрд. теңге). Өнеркәсіп құрылымындағы үлесі есепті кезеңде 85,0%.

Мұнай өндіру көлемі табиғи негізде 9608,7 мың тонна (қаңтар – шілде 2022 жыл – 9635,1 мың тонна) немесе өткен жылға 99,7% құрады.

Анықтама: Есепті кезеңде мұнай өндіру көлемінің төмендеуі МАЭК тарапынан электр энергиясының ажыратылуына байланысты кәсіпорындарда мұнай өндіру көлемінің азаюымен байланысты ("Өзенмұнайгаз" АҚ ( 98,8%), "Қаражанбасмұнай" АҚ (99,8%) және т.б..). Мұнай өндіру көлемінің өсуі  "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ (104,3%), "Бозашы Оперейтинг ЛТД "ФК(101,7%)," Қарақұдықмұнай "ЖШС(102,9%)," Емир Ойл "ЖШС(123,5%)," Кен-Сары "ЖШС(104,2%), "Бозашы Мұнай" ЖШС-де (130,5% ) байқалады.

Кен өндіру өнеркәсібіндегі техникалық қызметтер көлемі
- 151,9 млрд. теңгені құрады (2022 жылғы қаңтар-шілде – 131,9 млрд.теңге.) немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 103,1%.

Өңдеу өнеркәсібінде қаңтар–шілде аралығында өндіріс көлемі  
-109,9 млрд. теңгені, НКИ – 109,2% құрады. (2022 жылғы қаңтар-шілде - 103,6 млрд. теңге).

Есепті кезеңде өндіріс көлемінің өсуі өңдеу өнеркәсібінің
келесі салалары бойынша байқалады: Оның ішінде былғары бұйымдарын (аяқ киім) өндіруде 129,9%, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде (187,5%), машина жасауда (142,9%).

Есепті кезеңде өндіріс көлемінің өсуі өңдеу өнеркәсібінің келесі кәсіпорындарында байқалады:

"ҚазАзот" АҚ, "Zhamal-ai LTD" ЖШС, "Каскор-Машзавод" АҚ, "Arcelor Mittal Tubular Products Aktau" АҚ, "ҚазГӨЗ" ЖШС, "SEWON - VERTEX HEAVY INDUSTRY" АҚ, "Теміртас-1" ЖШС", "Жаңаөзен сүт зауыты" ЖШС, "Millina Food Production сомрапи LTD" ЖШС және т. б.

Электр энергиясын газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционері бар ауамен жабдықтау саласында   өндіріс көлемі
- 94,8 млрд. теңге, НКИ -107,2% құрады. Өнеркәсіп құрылымындағы үлесі есепті кезеңде 6,0%.

Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызмет  өндіріс көлемі - 13,0 млрд. теңге, НКИ – 105,9% құрады. Өнеркәсіп құрылымындағы саланың үлесі - 0,8% құрады.

Дата публикации
21 августа 2023