Мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы ақпарат
«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ (бұдан әрі – «QazIndustry» АҚ) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің еңбек өнімділігін арттыруға және өңделген тауарларды ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну жөніндегі операторы болып табылады.
Ағымдағы жылдың сәуір айында «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-ның өкілдерімен облыстың өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының қатысуымен кеңес өткізілді. Кеңес барысында өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған QazIndustry қызметінің негізгі бағыттары оның ішінде мемлекеттік ынталандыру шаралары таныстырылды.
Бұдан басқа, мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін, оның ішінде Цифрлық стратегияларды әзірлеу бойынша егжей-тегжейлі түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін «Шыныпластикалық құбырлар зауыты» ЖШС, «Ақтау машина жасау зауыты» ЖШС-нің қызметімен танысты. Сондай-ақ, «Ақтау теңіз порты» АЭА қызметімен танысу мақсатында делегация АЭА аумағына барып, «Westecoplast» ЖШС, «EVEREST TECHNO» ЖШС - АЭА қатысушыларының нысандарын аралап, қолдау шараларын түсіндірді.
«QazIndustry» АҚ ақпаратына сәйкес 2022 жылы мемлекеттік қолдау шараларын алуға Маңғыстау облысы кәсіпорындарынан 8 өтінім келіп түскен. Олардың ішінен 1 өтінім бойынша мемлекеттік қолдау алынған («Орда» Өндірістік Компаниясы» ЖШС).
Мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы, сондай-ақ электрондық өтінім беру туралы толық ақпаратты келесі сілтеме бойынша https://qazindustry.gov.kz/ru/business_support және + 7 (7172) 793391, 793392 (ішкі. + 444) телефон арқылы алуға болады.