2023 жылғы қаңтар-мамырына Маңғыстау облысының өнеркәсібінің дамуы бойынша ақпарат

2023 жылғы қаңтар-мамырына Маңғыстау облысының өнеркәсібінің дамуы бойынша ақпарат

 

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы деректері бойынша 2023 жылғы қаңтар – мамыр облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағаларда 1 113,3 млрд. теңгеге өнім өндірді, өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі (бұдан әрі - НКИ) 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,3% - ды құрады. Оның ішінде:

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда:

Өндіріс көлемі 949,3 млрд. теңге, НКИ – 102,1%. Өнеркәсіп құрылымындағы үлесі есепті кезеңде 85,3%

Мұнай өндіру көлемі табиғи негізде 6931,6 мың тонна немесе өсу 101,6% құрады.

Табиғи газды өндіру көлемі – 1 132,4 млн. текше метр немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 93,3%.

Есепті кезеңде мұнай өндіру көлемінің өсуі келесі кәсіпорындарда байқалады: «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Бозашы Оперейтинг ЛТД компаниясы филиалында», «Ком-Мұнай» ЖШС, ТОО «Емир-ойл», ТОО «Бузачи нефть», «Тенге ОйлГаз» ЖШС, «Юпитер Энерджи» ЖШС, «Меербуш» ЖШС, және т.б.

Өңдеу өнеркәсібінде  жыл басынан оң динамика байқалады. Саланың өнеркәсіп құрылымындағы үлесі есепті кезеңде 7,7%. Қаңтар–сәуір аралығында өндіріс көлемі 86,2 млрд.теңгені, НКИ өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,0% құрады.

Есепті кезеңде өндіріс көлемінің өсуі өңдеу өнеркәсібінің келесі салалары бойынша байқалады:

- резеңке және пластмасса өндірісінде, НКИ – 183,,2%;

- машина жасауда - НКИ – 147,1%;

- фармацевтикалық өнімдер өндірісінде-110%.

Есепті кезеңде өндіріс көлемінің өсуі өңдеу өнеркәсібінің келесі кәсіпорындарында байқалады:

 «Шыны пластик құбырлар зауыты» ЖШС, «Каскор-Машзавод» АҚ, «Ақтау Машина Жасау зауыты»  ЖШС, «Arcelor Mittal Tubular Products Aktau» АҚ, ТОО «Казахстан Пайп Трэдэрс»,  ТОО «Mangystau Oil Refining», «Zhamal-ai LTD» ЖШС, «Темиртас-1» ЖШС, «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС, «Millina Food Production cоmpanu LTD»  және т.б.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласында өндіріс көлемі 69,1 млрд теңге, НКИ – 105,1% құрады. Өнеркәсіп құрылымындағы үлесі есепті кезеңде 6,2%.        

Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет саласында өндіріс көлемі 8,7 млрд.теңге, НКИ – 98,6%. Өнеркәсіп құрылымындағы үлесі 0,8% құрады.

Дата публикации
01 июля 2023