2015 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері кодексінің (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) 2 бөлімі, Мінез-құлықтың жалпы стандарттарының 5 тармағында, Мемлекеттік қызметшілер: адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға тиіс деп көрсетілген. Қоғам тарапынан мемлекеттік қызметшілермен, Басшылардың хатшыларымен байланыс уақытында, телефонмен (қызметтік, мобилдік) сөйлесу кезінде, олардың дөрекілеу, әдепсіз жауап беретіндері бойынша шағымдар түсуде. Осыған орай, мемлекеттік қызметшілерге (қызметке жаңадан келгендерге), Басшылардың хатшыларына «Телефон әдебінің қағидалары» Жадынамасымен таныстыруға жолдаймыз.