2023 жылғы қаңтар-сәуірге Маңғыстау облысының өнеркәсібінің дамуы бойынша ақпарат

2023 жылғы қаңтар-сәуірге Маңғыстау облысының өнеркәсібінің дамуы бойынша ақпарат

 

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы деректері бойынша 2023 жылғы қаңтар – сәуірде облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағаларда 900,6 млрд. теңгеге өнім өндірді, өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі (бұдан әрі - НКИ) 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,8% - ды құрады. Оның ішінде:

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда:

Өндіріс көлемі 769,3 млрд. теңге, НКИ – 103,7%. Өнеркәсіп құрылымындағы үлесі есепті кезеңде 85,4%

Мұнай өндіру көлемі табиғи негізде 5 556,1 мың тонна немесе өсу 102,6% құрады.

Табиғи газды өндіру көлемі – 907,9 млн. текше метр немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 93,4%.

Есепті кезеңде мұнай өндіру көлемінің өсуі келесі кәсіпорындарда байқалады:  «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Бозашы Оперейтинг ЛТД компаниясы филиалында», «Қарақұдықмұнай» ЖШС, «Ком-Мұнай» ЖШС, «Емір Ойл» ЖШС, «Арман» БК» ЖШС, «Кен-Сары» ЖШС, «Бозашы нефть» ЖШС және т.б.

Өңдеу өнеркәсібінде  жыл басынан оң динамика байқалады. Саланың өнеркәсіп құрылымындағы үлесі есепті кезеңде 7,5%. Қаңтар–сәуір аралығында өндіріс көлемі 67,6 млрд.теңгені, НКИ өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,2% құрады.

Есепті кезеңде өндіріс көлемінің өсуі өңдеу өнеркәсібінің келесі салалары бойынша байқалады:

- химия өнеркәсібінде, НКИ – 100,2%;

- резеңке және пластмасса өндірісінде, НКИ – 174,3%;

- машина жасауда - НКИ – 146,6%.

Есепті кезеңде өндіріс көлемінің өсуі өңдеу өнеркәсібінің келесі кәсіпорындарында байқалады:

«ҚазАзот» АҚ, «Zhamal-ai LTD» ЖШС, «Каскор-Машзавод» АҚ, «Ақтау Машина Жасау зауыты»  ЖШС, «Темиртас-1» ЖШС, «Arcelor Mittal Tubular Products Aktau» АҚ, «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС, «Millina Food Production cоmpanu LTD»  және т.б.

            Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласында өндіріс көлемі 56,8 млрд теңге, НКИ – 105,7% құрады. Өнеркәсіп құрылымындағы үлесі есепті кезеңде 6,3%. Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет саласында өндіріс көлемі 6,8 млрд.теңге, НКИ – 99,9%. Өнеркәсіп құрылымындағы үлесі 0,7% құрады.

Дата публикации
23 мая 2023