2023 жылғы қаңтар-наурыз Маңғыстау облысының өнеркәсібінің дамуы бойынша ақпарат

2023 жылғы қаңтар-наурыз Маңғыстау облысының өнеркәсібінің дамуы бойынша ақпарат

 

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы деректері бойынша 2022 жылғы қаңтар – наурызда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағаларда 678,6 млрд. теңгеге өнім өндірді (2022 ж. – 681,7 млрд.теңге), өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексінің өсуі (бұдан әрі - НКИ) 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,1% - ды құрады. Оның ішінде:

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда:

Өндіріс көлемі 582 млрд. теңге (2022 ж. – 597,6  млрд.теңге), НКИ өсуі 105,4%. Өнеркәсіп құрылымындағы үлесі есепті кезеңде 85,7%.

Мұнай өндіру көлемі 4186,2 мың тонна (2022 г. – 4058,7 мың.тонна) немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 103,4% - ды құрады.

Табиғи газды өндіру көлемі – 683,1 млн. текше метр (2022 ж. – 735,1  млн.куб.м.) немесе 93,1%.

Кен өндіру саласындағы қызметтер көрсету көлемі 63,3 млрд. теңге (2022 ж. – 43,2 млрд.теңге), НКИ өсуі – 128,1%.

Өңдеу өнеркәсібінде  өндіріс көлемі 48 млрд.теңгені (2022 ж. – 40,5 млрд.теңге), НКИ өсуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,0% құрады. Саланың өнеркәсіп құрылымындағы үлесі есепті кезеңде 7,1%. Есепті кезеңде өндіріс көлемінің өсуі өңдеу өнеркәсібінің келесі салалары бойынша байқалады:

- жеңіл өнеркәсібі өндірісінде, НКИ – 102,1%;

- машина жасауда, НКИ – 132,5%;

- химиялық өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі, НКИ – 100,1%;

- фармацевтикалық өнімдер өндірісінде, НКИ – 108,2%;

- резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде, - НКИ – 172,6%.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласында өндіріс көлемі 43,5 млрд теңге (2022 ж. – 38,7 млрд.теңге), НКИ өсуі 105,7% құрады. Өнеркәсіп құрылымындағы үлесі есепті кезеңде 6,4%.

Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет саласында өндіріс көлемі 5,0 млрд.теңге (2022ж. – 4,9 млрд.теңге), НКИ өсуі 98,3%. Өнеркәсіп құрылымындағы үлесі 0,7% құрады.

Дата публикации
28 апреля 2023