Маңғыстау облысының сауда балансын талдау бойынша ақпарат

Маңғыстау облысының сауда балансын талдау бойынша ақпараты 

(2023 жылғы қаңтар-ақпан айлары) 

Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы тоқсан сайын Маңғыстау облысының сауда балансына талдау жүргізеді.

Сауда балансы экспорт, импорт, кері экспорт бойынша түсімдер мен шығыстарды көрсететін және өңірдің басқа елдермен сауда байланыстарын сипаттайтын маңызды экономикалық көрсеткіштердің бірі болып табылады.

Маңғыстау облысы әлемнің 84 елімен экспорттық-импорттық операцияларды, оның ішінде әлемнің 38 елімен экспорттық операцияларды жүзеге асырады.

Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес 2023 жылғы қаңтар-ақпанда сыртқы сауда айналымының көлемі 690,9 млн. $, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес айларымен салыстырғанда 11,2% төмендеген (2022 қаңтар-ақпан 777,9 млн.$).

Оның ішінде:

– Экспорт құны 552,1 млн.$, бұл көрсеткіш өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 21,9% төмендеуін (2022 қаңтар-ақпан 707 млн.$);

 – Импорт құны 138,7 млн. $, бұл көрсеткіш өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 95,7% өсуін байқауға болады (2022 қаңтар-ақпан 70,9 млн. $).

Сауда балансының сальдосы оң болып, 413,3 млн $ құрады, оның ішінде:

 

Мұнай және мұнай өнімдері:

Жалпы салмағы 1,2 млрд тонна, ал экспорттық құны 540,9 млрд. $ сомасына экспортталатын тауарлардың негізгі түрі «Мұнай және мұнай өнімдері» болып табылады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,7% - ға төмендеген.

Өңір экспортының жалпы көлеміндегі мұнай мен мұнай өнімдерінің үлесі 98,1% -. құрайды.

Анықтама үшін:

Нарықтың негізгі үлесі елдерге тиесілі Болгария, Германия, Греция, Үндістан, Италия, Қытай, Литва, Мальта, Нидерланды, Польша, Румыния, Сингапур, Түркия, Финляндия, Франция, Швейцария.

«Мұнай және мұнай өнімдері» экспортының 34,1% үлеспен негізгі тұтынушы Сингапур болып табылады.

Өңдеу өнеркәсібінің экспорты

2023 жылғы қаңтар-ақпан айлары Маңғыстау облысы бойынша өңдеуші өнеркәсіп экспортының көлемі 11,1 млн. $ құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 32,4%-ға төмендеуін көрсетеді (2022 жылғы қаңтар – ақпан-16,5 млн.$).

Өңірдің өңдеу өнеркәсібіндегі өндіруші-экспорттаушылар:

 – «ҚазАзот» АҚ (азотты минералды тыңайтқыштар);

 – «Каспий Цемент» ЖШС (портландцемент);

- «Мага-Брэд» ЖШС (макарон өнімдері);

- «Арселор Миттал Тубулар Продактс Ақтау» АҚ (спиральді болат құбырлар);

- «Satex Chemie» ЖШС (битум негізіндегі қатты және сұйық гидрооқшаулағыш материалдар өндірісі).

Реэкспорт

Маңғыстау облысының дамыған көліктік-логистикалық әлеуетінің есебінен өңірдің шикізаттық емес экспортының жалпы көлемінде кері экспорт (Маңғыстау облысының аумағы арқылы тауарлар транзиті) басым болады.

Қазіргі уақытта аймақтың экспорты негізінен көлік құралдарының, химиялық өнімдердің және тамақ өнімдерінің реэкспортымен ұсынылған.

2023 жылғы қаңтар-ақпан айларында Маңғыстау облысы бойынша өңдеуші өнеркәсіптің кері экспорт көлемі 9,6 млн. $ құрады.

Дата публикации
27 апреля 2023