Маңғыстау облысының сауда балансын талдау
бойынша ақпарат
(2022 жылдың 11 айына)
Маңғыстау облысының индустриалдық-инновациялық даму басқармасы тоқсан сайын Маңғыстау облысының сауда балансына талдау жүргізеді.
Сауда балансы экспорт, импорт, кері экспорт бойынша түсімдер мен шығыстарды көрсететін және өңірдің басқа елдермен сауда байланыстарын сипаттайтын маңызды экономикалық көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Маңғыстау облысы әлемнің 84 елімен экспорттық-импорттық операцияларды, оның ішінде әлемнің 38 елімен экспорттық операцияларды жүзеге асырады.
Ресми статистикалық деректерге сәйкес 2022 жылғы қаңтар-қарашада сыртқы сауда айналымының көлемі 4,44 млрд. АҚШ долларын құрады (салыстарғанда 2021 жылғы қаңтар-қараша көрсеткіші –
4,1 млрд. АҚШ доллары 8,2% - ға ұлғайды) оның ішінде:
– Экспорт – 3 962,8 млн. АҚШ доллары (салыстарғанда 2021 жылғы қаңтар-қараша көрсеткіші – 3 603.7 млн. АҚШ доллары, 9,3% - ға ұлғайды);
– Импорт – 481,6 млн. АҚШ доллары (салыстарғанда 2021 жылғы қаңтар-қараша көрсеткіші – 481,5 млн. АҚШ доллары, 0,10% - ға ұлғайды).
Сауда балансының сальдосы оң болып, 3,4 млрд. АҚШ долларын құрады (салыстарғанда 2021 жылғы қаңтар-қараша көрсеткіші – 3,1 млрд. АҚШ доллары, 10,8% - ға ұлғайды), оның ішінде:
Мұнай және мұнай өнімдері
Сомасы 3,8 млрд. АҚШ доллар, 6,6 млн. тонна көлемінде экспортталатын тауарлардың негізгі түрі мұнай және мұнай өнімдері болып табылады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,4% - ға өсімді көрсетеді.
Өңір экспортының жалпы көлеміндегі мұнай мен мұнай өнімдерінің үлесі 97,8% құрайды.
Анықтама:
Нарықтың негізгі үлесі келесі елдерге тиесілі Болгария, Германия, Греция, Индия, Италия, Китай, Литва, Мальта, Нидерланды, Польша, Румыния, Сингапур, Турция, Финляндия, Франция, Швейцария.
Мұнай және мұнай өнімдері экспортының есепті кезеңде негізгі тұтынушы Сингапур болып табылады – 37,9%.
Өңдеу өнеркәсібінің экспорты
2022 жылдың қаңтар-қараша айларында Маңғыстау облысы бойынша өңдеуші өнеркәсіп экспортының көлемі 156,0 млн. АҚШ долларын құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 70,0% - ға артық. (2021 жылғы қаңтар-қараша көрсеткіші – 91,9 млн. АҚШ доллары)
Өңірдің өңдеу өнеркәсібіндегі өндіруші-экспорттаушылар:
– «КазАзот» АҚ (азотты минералды тыңайтқыштар)
– «Каспий Цемент» ЖШС (портландцемент-құрамында кальций силикаттары басым (70-80%) цемент клинкерін, гипсті және қоспаларды бірге ұнтақтау арқылы алынған гидравликалық тұтқыр зат)
– «Мага-Брэд» ЖШС (макарон өнімдері)
– «Арселор Миттал Тубулар Продактс Актау» АО (спиральды болат құбырлар)
– «Satex Chemie» ЖШС (битум негізіндегі қатты және сұйық гидрооқшаулағыш материалдарды өндіру. Бұл дисперсті болып табылатын пластикалық гидрооқшаулағыш материалдар. Тұтқырлығына байланысты олар қатты, жартылай қатты және сұйық болып бөлінеді).
Қайта экспорттау
Маңғыстау облысының көліктік-логистикалық әлеуеті бар, оның есебінен өңірдің шикізаттық емес экспортының жалпы көлемінде реэкспорт басым (Маңғыстау облысының аумағы арқылы тауарлардың транзиті)
Қазіргі уақытта өңірдің шикізаттық емес экспортының көлемі негізінен реэкспорттың, көлік құралдары, химиялық өнімдер және тамақ, өнімдерінен құралған.
2022 жылдың 11 айында Маңғыстау облысы бойынша өңдеуші өнеркәсіп экспортының көлемі 68,7 млн. АҚШ долларын құрады.