Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы деректері бойынша 2022 жылғы қаңтар – желтоқсанда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағаларда 3111,7 млрд. теңгеге өнім өндірді (2021 ж. – 2726,7 млрд.теңге), өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексінің өсуі (бұдан әрі - НКИ) 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,9% - ды құрады. Оның ішінде:
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда:
Өндіріс көлемі 2737,1 млрд. теңге (2021 ж. – 2394,6 млрд.теңге), НКИ өсуі 101,1%. Өнеркәсіп құрылымындағы үлесі есепті кезеңде 87,9%.
Мұнай өндіру көлемі 16766,2 мың тонна (2021 г. – 16816,4 мың.тонна) немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 99,7% - ды құрады.
Табиғи газды өндіру көлемі – 2862,4 млн. текше метр (2021 ж. – 2862,4 млн.куб.м.) немесе 99,6%.
Кен өндіру саласындағы қызметтер көрсету көлемі 284,9 млрд. теңге (2021 ж. – 237,8 млрд.теңге), НКИ өсуі – 113,4%. Өнеркәсіп құрылымындағы үлесі есепті кезеңде 9,2%.
Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 204,8 млрд.теңгені (2021 ж. – 187,6 млрд.теңге), НКИ өсуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,1% құрады. Саланың өнеркәсіп құрылымындағы үлесі есепті кезеңде 6,6%. Есепті кезеңде өндіріс көлемінің өсуі өңдеу өнеркәсібінің келесі салалары бойынша байқалады:
- жеңіл өнеркәсібі өндірісінде, НКИ – 111,4%;
- мұнай өңдеу өнімдерін өндіруде, НКИ – 112,5%;
- химиялық өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі, НКИ – 100,1%;
- металлургия өнеркәсібінде, НКИ – 103,7%;
- машина жасауда - НКИ – 135,4%.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласында өндіріс көлемі 147,7 млрд теңге (2021 ж. – 125,4 млрд.теңге), НКИ өсуі 114,8% құрады. Өнеркәсіп құрылымындағы үлесі есепті кезеңде 4,7%.
Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет саласында өндіріс көлемі 22,0 млрд.теңге (2021ж. – 19,2 млрд.теңге), НКИ өсуі 111,6%. Өнеркәсіп құрылымындағы үлесі 0,7% құрады.