Осы Кодекс Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз ететін
құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды,
кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылына, оның ішінде
кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және қолдауға байланысты туындайтын қоғамдық
қатынастарды реттейді.