Елішілік құндылықты және экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) базалық жағдайларды дамыту, базалық шикізат өндірістерін құру, жаңа өндірістерді жаңғырту мен қалыптастыру әрі жұмыс істеп тұрған және жаңа қазақстандық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жүйелі, ұзақ мерзімді ынталандыру арқылы ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие өнеркәсіптік тауарлардың номенклатурасын кеңейтуге бағытталған.
Әлемдік экономикадағы тұрақсыз конъюнктура және кәсіпкерлерді қолдаудың шектеулі тетіктері (Дүниежүзілік сауда ұйымы (бұдан әрі – ДСҰ), Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) міндеттемелері) жағдайында біртіндеп өсуге бағдарланған қолданыстағы даму моделі қайта бағалауды және экономика өсуінің жаңа моделіне көшуді талап етеді.
Осыған байланысты ішкі нарықта шетелдік өнім берушілермен табысты бәсекелестік үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жете жүктеу, олардың негізгі қорларын жаңарту және жаңа өндірістерді, базалық шикізат өндірістерін іске қосу, нормативтік база құру, кедергілерді жою, базалық инфрақұрылыммен, қолжетімді қаржыландырумен, оның ішінде ішкі нарықты молықтырып, кейіннен экспортқа шығуға бағытталған өндірістерді жергіліктендіруді арттыру үшін тартылған инвестициялар есебінен қамтамасыз ету жолымен номенклатураны кеңейту және «күрделендіру» арқылы қазақстандық тауарлар өндірісінің өсуін ынталандыру қажет.
Бұл ретте орта мерзімді кезеңде мемлекеттік қаржыландырудың үлесі бюджеттен тыс көздердің пайдасына қарай біртіндеп төмендеуге тиіс екенін ескерген жөн.
Осы Бағдарламаны іске асыру тәсілі жаңа өндірістерді ұйымдастыруды ынталандыру үшін жобалар мен жүйелі шараларды іске асыруға негізделетін болады.